Шокир Бабаев: Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен жер аударылған этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алды
2019 ж. 01 наурыз
4186
0
Алғыс айту күні - Тәуелсіздік Қазақстанның ізгі мерекелерінің бірі. Осы мерекелі күнге орай "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Республикалық «ФАЙЗ» қауымдастығының төрағасы Шокир Бабаевтың ақжарма лебізін оқырман қауымға ұсынады.
Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен жер аударылған этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алды
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз,біз қазақтың қасиетті жерінде өмір сүріп жатырмыз және біздің ортақ парызымыз – рухани және мәдени мұраларымызды сақтау, халықтың бірлігі мен еліміздің тұрақтылығын нығайту. Қазақстандық тәжік этнос өкілдері 1929 жылдан бастап, ұлы дала еліне қоныс аударып, ауыл шаруашылығы , білім саласы , тағы басқа салаларда еңбек етуде. Түркістан облысы бойынша Сарыағаш, Мақтаарал және Жетісай аудандарында тәжік этнос өкілдері өз ана тілінде білім алып, келешекке сеніммен қарап өскелең ұрпағын қазақстандық рухта тәрбиелеп өсіруде.
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың көрегенді және сындарлы саясатының арқасында қазақ елі тұрақты даму жолында. Сол себепті, барша тәжік этносы өкілдері Елбасымызға, қазақ халқына шынайы алғысын білдіріп, қазақ ұлтының төңірегінде бірігіп, елбасы саясатын қолдап, бір шаңырақ астында өз тілін оқып, мәдениетін, салт – дәстүрін, ұстанып келуде.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан, «Алғыс айту» күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге болады. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның мәңгілік елін құру жолында, бүкіл қазақстандықтар ерінбей еңбек етіп келуде. Ынтымағы жарасқан елімізде бірлігіміз жарасып шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымыз артуда. Қазақ халқы және бүкіл қазақстандықтар бір-бірімізге құрмет білдіріп, мейірімділік пен достықтың жарқын мерекесі алғыс айту күнінде баршаңызды алғыс айтуға шақырамын! Бүкіл еліме шынайы ағысымды бідіремін!
Бабаев Шокир Туркмонович,Республикалық «ФАЙЗ» қауымдастығының төрағасы