ДЕЛДАЛДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАРИЯЛАНДЫ
2019 ж. 23 ақпан
2005
1
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтер саласында делдалдармен күресті күшейтуді ұсынды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуі тиіс. Мәселен, мемлекеттік корпорацияға мүлдем қатысы жоқ кей адамдар оңай олжаның түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Олар қызмет түрлерін өздері алып үйренбеген азаматтарға көмектескен болып, сол үшін ақша алады. Сондықтан, мемлекеттік корпорация осындай делдалдардың жұмысын дер кезінде анықтап, дереу жоюы қажет», – деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.
Жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де көлік құжаттарын рәсімдегенде алаяқтарға алданбауға кеңес берген еді. «Олар xалықты ашық алдайды. Мысалы, бір адамға келеді де, көлікті тіркеуге қоюды, я болмаса, тіркеуден алуды жылдам істеп бере аламын дейді. Бір-бір жарым сағаттың ішінде дайын болады деп сендіреді. Негізі, аталған мемлекеттік қызмет тура сол уақытта – бір сағаттың ішінде жасалады. Ал делдалдар xалықтың сауатсыздығын пайдаланып, соны өздері істегендей болады. Сол үшін алдап ақша алып кетеді», – деген-ді баспасөз мәслиxатында агенттік өкілдері.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, өткен жылы республика бойынша ішкі қауіпсіздік қызметі делдалдықтың 290 фактісін анықтады. Делдалдық, алаяқтықтықтың бір түрі, қылмыстық іс болып табылады. Өкінішке орай, «қызметтің» осы түрі барлық салада күнделікті тұрмысымызда жиі кездеседі. Сондықтан, минситрдің оған күрес жариялауы өте орынды.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz