Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға цифрлық телевизия құралдары тегін берілді - Абаев
2019 ж. 21 ақпан
1946
0
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді, - деп хабарлайды baq.kz.
«Былтырғы жылы аналогтық телерадиохабарлар таратуды кезең-кезеңмен тоқтата бастадық. Қазіргі уақытта еліміздің төрт аймағы толық цифрлық хабар таратуға көшті. Олардың арасында Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы бар. Осылайша, ауылдағы ағайын 15 отандық телеарнаны, ал облыс орталығының тұрғындары 30 арнаны жоғары сапада тамашалап отыр», - деді Абаев. Министрдің айтуынша, ел тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған тобы цифрлық телевизияға қажетті абоненттік құралдарға тегін қол жеткізді. Ал цифрлық сигналдарға шалғай орналасқан елді мекендер отандық Отаутв, спутниктік тарелкалармен қамтылады. Ол үшін сол аймақтың жергілікті бюджетінен қаржы бөлінген. «Сонымен қатар, бос тұрған жиіліктерді ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында пайдаланамыз. Осы жылы біз Алматы облысы, Павлодар мен Қостанай аймақтарын цифрлық хабар таратуға ауыстыруды көздеп отырмыз. Ал осы бағыттағы жұмыстар 2022 жылы толық аяқталады деген жоспарымыз бар», - деді Дәурен Абаев.