Жиырма мың теңге жетеді: Депутат Әлтаев өз сөзіне қатысты түсініктеме берді
2019 ж. 15 ақпан
3492
0
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бір баланы асырау үшін айына 20 мың теңге жетеді деген сөзіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.
«Жиырма мың теңге деген сан аталғанда, Астанадағы аналардың әлеуметтік жәрдемақыны бір бала үшін 20 мың теңгеге дейін көтеру туралы талабы бірден ойыма келді. Қаржы министрінің пікірі естеріңізде, бұл мәселе комиссияда қаралып жатыр. Ойыма бірден осы жәрдемақы келді. Белгілі бір дәрежеде үнемдесе, бұл ақша жететінін бірден айтқан едім. Тіпті маған, бес баланың әкесіне, 100 мың теңгеден берсе, бюджетке жақсы үстеме болар еді. Осындай ой болды», - дейді Әлтаев.
Еске сала кетсек, таяуда депутат атанған бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев бұған дейін көпбалалы отбасыларға 20 мың теңге жететінін айтып сынға қалған еді.