"Жынымды келтірмеңізші": Ұлттық экономика вице-министрінің тілшіге жауабы (видео)

Желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген.

"Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері вице-министрдің әрекеті жайлы пікір беруге уәде берді.  Әлеуметтік желіде вице-министрдің айтқаны кеңінен талқыланып жатыр. Қолданушылар мемлекеттік қызметкер осылай айтуға құқығы бар ма деген сұрақпен бас қатырып жатыр.

"Неге ол былай сөйлейді? Біз оған кімбіз? Ол мемлекеттік қызметкер ме әлде қайда? Мен салық төлеуші ретінде мұндайды естігім келмейді", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, былтыр қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жылу мен электрқуаты тарифтерін негізсіз көтеру мәселесін шешу тапсырмасын берген еді.