Талғат Қатауов: Полиция менің жеке құнды заттарымды тартып алды

ҚР  Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа

ҚР  Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа 

Оралда тергеуші бағалы  жеке затым мен ақшамды заңсыз, бұзақыдай алып, «Мы братва, банда» деген полицияның сөзін  дәлелдеп берді. "Мы братва, банда" деген cөзді полиция қызметкері айтқанда бос сөз шығар деп ойлап едім, алайда Орал қаласының ішкі істер басқармасының тергеушісі  Ардақ Габдуллина ҚР Қылмыстық-процестік  кодексінің талаптарың өрескел бұзып, менің жеке құнды заттарымды, яғни ақ түсті 45 000  (қырық бес мың) теңгеге алған «Самсунг» маркалы жəне 75 000 (жетпіс бес мың) теңге тұратын «Галакс-5» ұялы телефонымды және «Галакс-5» телефонының  қара чехолы  ішіндегі 60 000 (алпыс мың теңге)  теңгемді (3 дана 20 мың купюрлық) заңсыз, рұқсатсыз, менің қатысуымсыз сөмкемнен  алып қалған. 

Нәтижесінде  полиция қызметкері Ардақ Габдуллинаның заңсыз әрекетінен  маған 180 000 (жүз сексен мың) теңге материалдық шығын келді.  Полиция қызметкері, тергеуші Ардақ Габдуллинаның  заңсыз əрекетін көшеде адамдарды ашық тонайтын  бұзақылар мен  қарақшылардың əрекетіне өте ұқсайды. Сонда Қазақстан ішкі істер органдары  азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын  қорғау орнына, Қарағанды  академиясының полиция қызметкері  ««Мы братва, банда»  деп елге өздерін кім екендерін мақтана жариялап еді, Орал ІІБ-ның тергеушісі  А.Габдуллина  адамның жеке бағалы дүниесін, ақшасын  заңсыз тартып алуға көшті...

2019 жылдың 9 ақпан күні Астанадан Оралға пойыздан түскен сағат 14:00 шамасында полиция қызметкерлері мені ІІБ-на апарып, қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі  Ардақ Габдуллина  мені тергеген болатын.

1. Заңсыз тартып алынған ұялы телефонымда əкем, туған ауылым Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылы туралы мəліметтер жəне осыған қатысты фотосуреттер бар. Егерде олар жойылса, бұл тікелей тергеуші А.ГАБДУЛЛИНАНЫҢ əрекеті.

2. Заңсыз тартып алынған ұялы телефонымда əлеуметтік желілер фейсбук, ватцап паролдері бұзылса, бұл тергеуші А.ГАБДУЛЛИНАНЫҢ заңсыз əрекеті.

3. Заңсыз жолмен тартып алынған телефонымнан артық заңға қайшы ұлттық, əлеуметтік араздық, өзгеде әдепсіз сөздер, суреттер тағы басқа да дүниелер табылса және жазылса - бұл тікелей полиция қызметкері АРДАҚ ГАБДУЛЛИНАНЫҢзаңсыз əрекеті.

4. Менің паролім бұзылып, менің атымнан біреу заңсыз, əдепсіз, арсыз т.б. сөздер жазса, бұл тікелей тергеуші АРДАҚ ГАБДУЛЛИНАНЫҢ əрекеті.

Себебі, Орал қаласы ішкі істер басқармасының  тергеуші АРДАҚ ГАБДУЛЛИНА ұялы телефондарымды менен алуға қаулы шығармады, алғаны туралы хаттама толтырмады және қашан қайтаратыны туралы қолхат бермеді.  Екі күннен бері менің екі бағалы телефоным және 60  мың теңгем тергеуші А.Габдуллинаның қолында заңсыз жүр.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз конституциялық құқығымды пайдалана отырып, Орал  қаласы ішкі істер басқармасының  тергеушісі АРДАҚ ГАБДУЛЛИНА менің жеке заттарымды, яғни екі бағалы ұялы телефонымды ішіндегі өзімнің жинаған материалымды, фотосуреттерді жоймай жəне чехолдағы 60 мың теңгемді тезірек қайтарып беруін жəне көшедегі ашық тонаған қарақшыдай жасаған заңсыз əрекеті үшін кешірім сұрауын һәм Қазақстан заңдары алдында жауапкершілікке тартуын талап етемін!

Редакциядан: Еске сала кетейік, Талғат Қатауов - "Қазақ үні" ақпарат агенттігі мен газетінің "Жыл адамы - 2018" таңдаулысында халықтың ең көп дауысына ие болып, "Жылдың үздік қайраткері" атанған болатын.

Талғат Қатауов, қоғам қайраткері

Қазақ үні