Азат Перуашев: "Қазақ тұлпары" - біздің бренд
2019 ж. 08 ақпан
3546
2
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар өндіріс ошақтары мен кәсіпорын жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды qazaquni.kz.
"Қазақ тұлпары" ЖШС жұмысымен танысқан Азат Перуашевқа мекеме басшысы Диас Қоңыршин алдағы жоспарлар мен кедергілер туралы айтты.
- Бұған дейін барлық жағдай жасалып келген еді. Қаржылай көмек те көрсетілген. Өкінішке орай, оның барлығы тоқтады. Неге? Ол жағына тоқталғым келмейді. Ауыл шаруашылық саласында дұрыс жұмыс жасалмаған. Бірақ, әлеует бар бізде. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша 3 асыл тұқымды жылқыны сатып алмақпыз, - деді Диас Қоңыршин.
Мәжіліс депутаты өз кезегінде қазақ жылқысына тек соғым ретінде ғана қарамау керектігін тілге тиек етті.
— Қостанай жылқысы жойылу алдында тұр. Небары 20 млн теңгеге асыл тұқымды жылқыларды қалай өсіруге болады? "Қазақ тұлпары" - біздің бренд. Өзге елдерде осы бағытта жұмыс істейтін білдей бір министрліктер бар. Бізде қостанай жылқысын сақтап қалумен айналысып отырған сіздер ғана, - деді Перуашев.