Вице-министр броконьерлердің деректер базасын құруды ұсынды
2019 ж. 08 ақпан
2388
0
Ауыл шаруашылығы министрлігі бракноьерлердің деректер базасын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды baq.kz.
«Броконьерлер мен қылмыскерлердің базасын жасауды ұсындық. Бұл база ІІМ болады. Осындай жолмен деректер базасын жабдықталған машиналары бойынша жасау қажет. Машиналар күрделі жол жағдайында қозғалуы үшін жабдықталады. Жол жоқ жерлерді белгілі бір мақсатпен кесіп өтеді. Мақсат – броконьерлік екенін біз жақсы білеміз», - деді Нысанбаев журналистерге АШМ алқа отырысында. Еске сала кетсек, аталған жиын броконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің құрметіне бір минут үнсіздікпен басталды. Сондай-ақ, министр Өмірзақ Шөкеев ет экспортын 60 мың тоннаға, тауық жұмыртқасы экспортын 1 млрд данаға жеткізуді тапсырды.