Қазыбек Иса: Сайрагүлдің тағдырын саудаға салмаңдар! (видео)

3
3154

САЙРАГҮЛДІ АБЗАЛ ҚОРҒАЙДЫ!

Енді Елдің көңілі тынышталды! Қазақ қызының Қазақ Елінде қалуын тілейміз!

Бүгін түске дейін «САЙРАГҮЛ АБЗАЛДАН АЙРЫЛҒАН КҮНІ САЙРАГҮЛДЕН ДЕ АЙРЫЛЫП ҚАЛМАЙЫҚ!» – атты жазба жазып «Тілектестер» тобына жариялап едім. Онда былай деген болатынмын: «Енді қазір Сайрагүлдің Абзалдың адвокаттығынан бас тартқан видеосын көріп таңғалып отырмын! Бекер болды Сайрагүл! Мұның артында тұрғандарға, Серікжан бола ма, одан жоғарылар бола ма, айтарым жеке бас араздығы үшін Сайрагүлдің тағдырын саудаға салып, кеше басқаша, бүгін басқаша сөйлетіп, бұрап қойып сөйлететін қуыршаққа айналдырып, ойыншық жасауға болмайды! Ақшасын төлесең адвокат табылады, бірақ Абзалдай ешкім жан-тәнімен біліктілікпен тегін қорғай алмайды! Сайрагүл Абзалдан айрылған күні Сайрагүлден де айрылып қалмайық, ағайындар! Ең басты мәселе – Қазақ қызын Қазақ Елінде алып қалу!»-деп едім.

Енді міне, Абзал бауырымнан жақсы жаңалық келді қазір. Сайрагүлмен сөйлесіп, оны бұрынғыдай өзі қорғай беретін болып келісіпті. Енді дұрыс болды! Бірлік түбі – тірлік деген осы! Сайрагүлдің не дегенін оның жасаған видеосынан тыңдаңыздар…

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Қазір кейбір қоғамдық ұйымдар өзара «бәсекеге» түскен секілді. Бірін-бірі жамандап, беделін түсіруде. Айналысатын іс біреу ғана – қытайдағы қиындық көріп жатқан қандастарымызға көмектесу. Не жетпей жатыр? Жүз мыңдаған адамдар қорлық көріп жатыр, бөліп алып қорғай беріңіздер. Қайта осындайда бас біріктіріп, ұйымшылдық көрсеткен жөн емес пе?!

  2. Көлденеңнен кеңес бергіштер көбейіп кететіні бар. Онсызда сарсаңға түскен Сайрагүлдің тағдырын саудалап, басын қатырмағанымыз жөн. Абзалдай абзал азаматқа сенейік. Ол өзінің білікті адвокат, беделді азамат екенін дәлелдеп келеді.

  3. Көлденеңнен кеңес бергіштер көбейіп кететіні бар. Онсызда сарсаңға түскен Сайрагүлдің басын қатырмағанымыз жөн. Абзалдай абзал азаматқа сенейік. Ол өзінің білікті адвокат, беделді азамат екенін дәлелдеп келеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз