ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ МЕ, ӘЛЕУМЕТТІ ҚОРЛАУ МИНИСТРЛІГІ МЕ?!.

Түнгі жұмыс ата-аналардың  таңдауы емес, мәжбүрлік, вице-министр Светлана Жакупова!

"Әндіжанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы"-деген сөз өмірден алынғанына анық көзіміз жетіп отыр... Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Абылкасымова : "Көп балалы аналарға миллиондап қаржы берудеміз" деп, әр балаға төленетін 2 мың теңгені  қандай арифметикамен көбейтіп отырғанын өзі де білмей, елдің  қатты наразылығына душар  болғаны таяуда ғана еді...  Енді міне, вице-министрі Светлана Жакупова журналистердің "Көп балалы аналар неге түнгі жұмыс істеуге мәжбүр"-деген сұрағына:  " Это иx выбор" (Бұл оладың таңдауы) деп былш еткізді! Сонда тірідей өртке оранған бес баладан айырған түнгі жұмысты беймезгіл қаза тапқан бейкүнә періштелердің анасы өзі таңдап алды ма,  вице-министр Светлана Жакупова ?!. Түнгі жұмысқа көп балалы аналар жетіскеннен шығып жүр ме? Мемлекет әр балаға  қазіргідей 2 мың теңге емес, 20-30 мың теңге төлесе, бес балаға 100-150 мың теңге алған анасының түнгі жұмыста атасының басы бар ма, вице-министр xаным?!. Түнгі жұмыс ата-аналардың  таңдауы емес, мәжбүрлік, Светлана Жакупова! Бұлай xалықты қорлауға бола ма?  Сонда, бұл Әлеуметтік қорғау министрлігі ме, әлде,  Әлеуметті қорлау министрлігі ме ?!. "Бұл біздің таңдауымыз емес!"-деген ел әлеуметтік желіде әлеуметтік қорғау министрлігін сойып жатыр  министрі мен вице-министрін қосып. Иә, неге елмен тығыз жұмыс істейтін министрлікке елмен қалай сөйлесуді білмейтін,адамгершілік пен имандылықтан жұрдай, Қазақ тілінің нәрін - Қазақ тірлігінің барын сезбейтіндерді жинап алады? Тап бір аукцион арқылы осындай xалықтың ызасын тудыратындарды әдейі іріктеп алатын секілді біздің үкімет! Қысқаша айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігін Мадина Абылкасымова мен Светлана Жакуповадан бастап, тазарту керек! Қазыбек ИСА qazaquni.kz