Инспектор Ерлан Нұрғалиев «Барыс» орденімен марапатталды

2
2057

Браконьердің қолынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиев Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік наградаға ие болды, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Ерлан Нұрғалиев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.

Қаулының мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Марқұм Ерлан Нұрғалиевпен қатап оның әріптесі Петр Ницык те аталмыш наградаға ие болды.

Аталмыш жоғары марапат инспекторларға Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін беріліп отыр.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Орден берегні орынды. Ең бастысы – бұл оқиға енді қайталанбайтындай заң қабылдап, қатаң шара қолдану қажет.

  2. Ерлан ағамыз батыр болып өмірден озды, осы секілді жағдайлар адам өліміне себепші болатыны жанға батады

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз