Ақтауға барған Stan.TV тілшілері соққыға жығылды

ст

Ақтау қаласында Stan.TV бейнепорталының тілшілеріне кенеттен шабуыл жасалды. Қазан айының 26-сы күні сағат 11-лер шамасында бейнепорталдың тілшісі Өркен Бейсенов пен оператор Асан Амиловты белгісіз біреулер соққыға жығып, резеңке оқпен атқан. Ақтауда жалдап тұрған үйден шығып бара жатқан кезде есіктің алдында ақ джип – мемлекеттік нөмірі 708, «Тойота» «Прадодан» төрт қазақ жігіті түсіп, оларды жан-жақтан сойылдың астына алған. Stan.TV бейнепорталы бас редакторының орынбасары Жұлдыз Төлеуованың айтуынша, оператордың басы жарылып, аяғы жараланғандықтан көп қан кеткен жағдайы ауыр. «Ал журналистің жүріп-тұруға, сөйлеуге шамасы бар» дейді. Сонымен қатар, шабуылдаушылар журналистердің барлық мәліметті сақтап отырған ноутбуктерін алып кеткен. Осыған дейін бұл бей­не­порталдың журналистері өздерін біреулер қорқытып, қоқан-лоққы жасап жүргенін айтып, баспасөз мәслихатын өткізген болатын.

Ә.Кеңесқызы