Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшерінің басына пышақ сұғып алды

0
1755

Астанада жедел жәрдем фельдшері пышақ жарақатын алды. Бұл туралы ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 15 қаңтарда жедел жәрдем бригадасы қоңырау түскен үйге барған кезде орын алған.

Бригаданың аға фельдшері Ұлжан Зереханованың сөзінше, ер адам мас күйінде әйелін ұрып тастаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем әйелді алып кетпек болғанда ер адам онымен бірге кішкентай баласын әкетпегеніне ашуланыпты. Артынша дәрігерлерге жұдырық ала жүгіреді.

«Біз үйден шыққалы жатқанда ол асүй пышағын алып, әріптесімнің басының тұсына сұғып алды», – дейді фельдшер.

Оқиға орнына полиция шақырылған. Ал зардап шеккен фельдшер ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз