Қазақстандық ғалым Иса пайғамбарды ұлы жүзден шықты деп жазған

Қазақстандық математик Қайрат Закирьянов Иса (а.с.) пайғамбардың қазақ болғанын айтты. Айтуынша, заратушра қазіргі Оралда өмірге келген.

“Ең ежелгі дін – тәңіршілдік. Персияда аборигендердің менталитетіне сай зароастризм деп аталды. Ұлыбританияда мойындалған ғалым Мэри Бойс “Қазақ даласындағы Еділдің шығысынан зароостризмнің түп тамырын іздеу керек” деген. Айтуынша, Заратустра немесе Жаратушы сөзінен осы діннің негізі немесе христан діні қазіргі Орал өңірінен бастау алады, деп жазады rezonans.kz.

“Мен үнемі Иисус Христостың еврей болмағанын, христиан дінін еврейлер не славяндар ойлап таппағанын айтып жүрмін” дейді ғалым.

VII ғасырда Ресейдің Краснодар өңірінен түркі-руна тілінде жазылға жазба табылды. Мәтіннен Иса (с.а.) пайғамбардың қазақтың албан, суан, ботпай, дулат руының бірінен тарағанын аңғаруға болады. Ресейдің публицисі Мурад Аджи Иса (с.а.) пайғамбарымыздың балалық шағын Алтай өңірінде өткізгенін айтты. Сол уақытта албан, суан, ботпай, дулат руы Алтайдан Каспий, Қара теңізге қоныс аударған болуы мүмкін.

Бұған дейін тағы бір қазақ ғалымы, философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов Адам мен Хауа ананың қазақша сөйлегенін айтқан еді. Алма сөзінің “ұстама” деген мағынадан шыққанын айтты. Ал, Адам есімі қазақтың “адамзат” сөзінен шыққан де топшылады.

Дереккөз: stan.kz