Атырау өңірінде айына орта есеппен 25 нәресте көз жұмады
2019 ж. 10 қаңтар
2218
1
Атырау өңірінде айына орта есеппен 25 шақалақ көз жұмады. Мұндай мәліметті облыстық перинаталдық орталықтағы балалар өліміне байланысты баспасөз конференциясын өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары таратты. Ақ халаттыларға сенсек, жалпы өткен жылы Атырау облысында 206 бала шетінесе, олардың 176-сы бір жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Өкінішке қарай, олар перзентханада да бала өлімінің жиі тіркелетіндігін мойындап отыр. Және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келе жатыр. Нақтырақ айтсақ, перинаталдық орталықта 2018 жылы 110-ға жуық сәби шетінеп кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, олардың 80 пайызға жуығы дүниеге туабітті ақаумен келген. Және мұндай жағдайларға үнемі дәрігерлерді кінәлай бермей, жауапкершілікті болашақ аналардың өздеріне де артқан дұрыс, - дейді мамандар.
Өйткені, олар ағзаны демалтуды және жүктілікті жоспарлау дегенді білмейді.
Қуаныш Нысанбаев, Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері:
- 4 әйелдің төртеуі де мерзімінен бұрын босанған, жүктіліктік интергениталдық интервалды сақтамаған. Яғни жыл сайын туа береді, Біреуін айта кетсек, 2017-ші жылы босанады, 2018-де тағы да. Басқасында 2018-де жатырдан тыс жүктілік болады, бірақ, ол тағы да бала көтеріп, оны дүниеге әкелді. Ал үшіншісі үнемі уақытынан бұрын босанады. Яғни, жүктілікті жоспарламайды, ең болмағанда бір жарым жыл бала тумау керек, осыдан кейін-ақ түсінікті шығар неге мұндай жағдай болып отырғаны.