2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

1
2431

Биыл оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша өңірлік квота бөлінгені белгілі болды. Үкіметтің тиісті қаулысы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

ҚР үкіметінің 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді.

Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Үкімет қаулысымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 1 тамызына және 2020 жылдың 1 ақпанына қарай құжаттың орындалуы туралы есепті тапсыру жүктелді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз