Қарағандыдағы қылмыс: Күдікті Гурурян Ресейде ұсталды
2019 ж. 10 қаңтар
3397
2
Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті Армения азаматы Н. Гурурян Ресей аумағында ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін ҚР ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресей құқық қорғау органдарымен бірлесіп, РФ-ның Омбы облысының аумағында осы жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қарағандыда бұзақылық əрекет жасап, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Армения Республикасының азаматы Нарек Гурурянды ұстады. Қазіргі уақытта заңнамаға сəйкес оны Қазақстан аумағына жеткізу мəселесі шешіліп жатыр», — деді ол.
Еске салсақ, 1 қаңтар күні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болған жанжал кезінде бір жігіт көз жұмған болатын. Кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды. Содан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес берді.
Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы төбелестің себебін айтты.