Марченко МАСҚАРА еткен ҚАСЫМОВ елді алдаған сенатор кімді мазақ етіп жүр…

6
1045

 


 


Телекамера тұсына туралап келе қалса, ойына келгенін ойланбай айта салатын сенатор Ғани Қасымовты өткен аптада Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко масқара қылды. Алдында Парламент отырысында сенаторымыздың Ұлттық банк төрағасының үстінен ат айдап, біраз жерге апарып салғаны бар еді. Ол қыза келе тіпті, «Марченко ешуақытта парламентке келмейді. Өмірі орынбасары Бейсенбай Тәжияқовты жібереді. Ендеше Марченко отставкаға кетсін де, орнына орынбасары Тәжияқов отырсын» деп жіберді, телеарнадан көрермендерге қарап мұртын едірейтіп…

Өз кезегінде баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко «қазақ тілін үйрендіңіз бе?» деген сауалды басқа мемлекетте естіп отырғандай есеңгіреп барып, есінеп алған ол ашуын сенатор Қасымовтан алып, оны қайтып тұра алмастай етіп, сілейте соқты:
– Қасымов ондай сауалдарды жалаң жарнама үшін айтады. Осындай сауалдар жасаған кезде мен оған кездесіп қалғанда: «Не керек еді, айта қойшы» десем, ыржалаңдап күліп, мойныма асылып, бетімнен сүйіп: « Ешнәрсе де керегі жоқ. Жәй халық үшін телеарнадан айта салғаным ғой. Саған ризамын»- дейді. Ол мені отставкаға жібере алса, жібере берсін… Прези¬денттік сайлауға қатысқан кезде «Мен жеңетіндігіме 100 пайыз сенімдімін» деп еді ғой. Бірақ халықтың 98 пайызы оған сенім артпаған болып шықты. Осылай деп жүрген адамның сөзінен енді не түюге болады?..
Сонымен, Партиоттар партиясының төрағасы, (бір ауыз қазақша білмейтіндер де патриот атанады біздің елде), сенаторымыз Ғани Қасымов парламенттегі сауалының бәрін елді алдау үшін жасайтын болып шықты… Сонда Президенттік сайлауды мазаққа айналдырған сенатор халықты да алдап келе жатыр екен ғой… Оның Президент тағайындаған сенатор екенін еске алсақ… ол сонда кімді мазақ қылып жүр?..

Қазыбек ИСА


6 ПІКІРЛЕР

  1. Кім болса да,ерімбетов бола ма, басқа бола ма, «Казыбек, ылғи осы қарабеттерді жазғандарыңызға разы болам, болaшақ ұрпақ та біліп, беттеріне түкіріп жүрсін!» деп Руза сіңлім айтқандай, Қазыбектің таяғынан бастан кетіп, кеңкелес болған қарабеттер ғой олар.

  2. Өзін сері, макс, бак деп шайнап отырған бір адам, қазаққа қарсы шыққаны үшін Қазыбектің қамшысын жеген ерімбетов қой мен білсем,, еленай деген қатынның тасасында отырып жазып отырған.

  3. Мынау сері, макс, бак деген мәңгүрт малдар ұлтшыл ақын Қазыбекке тиісіп, өз аттарын өздері шақырыпты ғой. Шамасы шала қазақтар, бейшаралар Қазыбек жазған, елді дүр сілкіндірген 138-дің хатын ұмыта алмай жүр ғой.

  4. Иса туралы ғайбат жазатындар, ойымша, не оның ұлтшылдығын қызғанатын, кешіріңіздер, қуыс кеуде космополиттер және сөзі айтып тұрғандай, «қазақ патриоты» касымовтың, тағы кешіріңіздер, макс айтқаны бірдеңесі

  5. Президентті алдап жүр, сені алдап жүр… бізді алдап жүр. Ол мыңқ етпес, ол соған үйреніп кеткен…)))) Беті қалыңдығы сондай, ПИАР десе ішкен асын жерге қоймай, қалтасына салып алады. Мәңгүрт!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз