Астанадағы жарылыстың себептері анықталды
2019 ж. 03 қаңтар
3105
0
Астанадағы өрт пен газ толтыратын резервуардың жарылыстың анық-қанығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін 19:44-те 101 пультіне Ақжол көшесі 26 мекенжайы өртеніп жатқаны туралы қоңырау шалынды. Оқиға орнына шұғыл жеткен Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшесі 19:51-де ҚазҒЗИ аумағында ағаштан салынған қосымша жайдың 40 шаршы метрі өртеніп жатқанын анықтаған. Сондай-ақ газдың шығып кетуі салдарынан газ толтырылатын резервуар жанған», - деп хабарлады ТЖД.
ТЖД ақпаратына қарағанда, тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 25 газ баллонын алып шыққан. Өрттің себеп- салдары анықталуда. Өрт сөндіруге жеке құрамның 5 техникасы мен 31 адамы жұмылдырылды. Тілсіз жау 21:30-да сөндірілді.