Өскемен әкімі Францияның бас консулымен кездесті

1
1145

Таяуда Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев Алматыдағы Францияның бас консулы Гийом Наржолэмен кездесті. Екеуара әңгіме барысында олар Өскемен және Францияның кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Г.Наржолэ Өскемен қаласына бірінші рет келіп тұрған жоқ және ол орыс тілін жақсы меңгерген. Бас консул «Қазцинк» кәсіпорнында болып, Риддер қаласына ат басын бұрды. Қала әкімі Ислам Әбішев Гийом Наржолэ мырзаны француздық кәсіпкерлер қатыса алатын негізгі инвестициялық жобалармен таныстырды.
– Біздің еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімнің қарқыны инвестиция үшін жақсы жағдай болып табылады. Әдетте, біздің кәсіпкерлерге халықаралық нарықтағы тәжірибе жетпегендіктен, маркетинг қызметі ақсап тұрады, сондықтан олар Еуропаға өз өнімдерін шығара алмайды, тікелей байланыс жоқ. Сіздердің қолдауларыңыз арқылы осы олқылықтың орнын толтырсақ жақсы болар еді.
Қазақстандық үлесті арттыру мақсатымен «Азия-Авто» автоқұрастыру кәсіпорнында 2020 жылға дейін есептелген әртараптандыру жүргізіліп жатыр. Бұл зауыт Ресей, Оңтүстік Корея және тағы бірқатар елдермен ынтымақтастық орнатқан, – дей келе, әкім И.Әбішев зауыт жұмысына тоқталып өтті.
Ал өз кезегінде Францияның бас консулы Өскемен өте дамыған өнеркәсіптік қала екенін және бүгін барған «Қазцинк» кәсіпорнында өндіріс деңгейі жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз