ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҚСЫЛЫҚТАР ЖЫЛЫ БОЛҒАЙ !


Жаңа жыл Құтты болсын! Жақсылықтар мен қуаныштар жылы болсын! Шаңыраққа шат мереке мен бақ береке сыйласын! Асқа адалдық, басқа амандық берсін! Денсаулығымыз зор, ризық-несібеміз мол болсын! Басымызға бақыт, жанымызға жақұт сыйласын! Алла жар болып, Жұлдызымыз жарқырай берсін! Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін! Ұлттық мұддеміздің ұлағаты мол, ұпайы зор болсын! ҚАЗАҚ ҮНІН биіктен шырқай берейік деп, әрдайым АҚ ЖОЛ тілейміз!


"ҚАЗАҚ ҮНІ" газеті атынан Қазыбек ИСА