"Ақ жол" партиясы құрылысшыларды марапаттады (фото)

Бүгін "Ақ жол" партиясы Алматы қалалық филиалына алматылық және Алматы облысының құрылысшылары жиналды. Оларды "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев партия шығарған "Астана қаласына 20 жыл" медалымен марапаттады. "Ақ жол" партиясының жетекшісі Астана қаласына алғаш көшіп келгендердің қатарында болғандықтан, елорда құрылысының қиын кездерінен естелік айтты.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрылысшылар атынан Қазақ сәулет-құрылыс академиясы ректоры Серік Сиқымбаев "Ақ жол" партиясының жұмысына ризашылықтарын білдіріп, еңбектерінің еленгені үшін алғыс айтты.
"Ақ жол" партиясына қабылданған құрылысшы Сергей Горенков өзі басқаратын компанияның аты "Ақ жол" екенін айтып, партия билетін қазір алып отырса да, өзінт партияның алғашқы мүшелері қатарында санайтынын мәлімдеп, құрылысшылар еңбегін бағалап отырған "Ақ жол" партиясына алғыс айтты.

"Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, ақын, Астананың 20 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның Бас жүлдегері Қазыбек Иса өз сөзінде: "Біз ақындар Астананы қаламмен қаласақ, сіздер, құрылысшылар, қалақпен қаладыңыздар"-деді.

Жиынға партияның Алматы қалалық филиалы төрағасы Нұрлан Жазылбеков пен Алматы облыстық филиал төрайымы Мейраш Шынәсілова және партия белсенділері қатысты.

На данном изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят
На данном изображении может находиться: 4 человека, люди стоят и в помещении
На данном изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят