Желтоқсаншылар тегін жүреді

Желтоқсан көтерілісіне биыл 25 жыл толуына байланысты «Ақ жол» партиясының жанынан құрылған Қоғамдық комитет, «Желтоқсан» көтерілісіне қатысқан азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүруі жайында бастама көтерді. Аталмыш шараға «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашев, Қоғамдық комитет төрағасы, жазушы Смағұл Елубай, қоғам қайраткері, желтоқсан көтерілісіне қатысушы және осы тақырыпты зерттеуші Сабыр Қасымов, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев, «Әділет» тарихи ағарту орталығының жетекшісі Бейбіт Қойшыбаев, «Ұлт Тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы Дос Көшім, «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының төрағасы Бейсенғазы Нүкен, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыбек Смағұлов, «Азат» қозғалысының жетекшісі Хасен Қожахмет, Желтоқсан көтерілісіне қатысып, ҚазССР ҚК 60-65 баптар бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған азамат, доцент, саяси социология маманы Шора Қорабаев, Желтоқсан көтерілісіне қатысып, ҚазССР ҚК 60-65 баптар бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған азамат, «Желтоқсан» қозғалысының мүшесі Құрманғазы Рахметов, «Ақжол» ҚДП президиум мүшесі, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса, Ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Әбдіжапаров қатысып, сөз алып, бастаманы қолдады. Ал «Қазақстан автокөлік компаниялары «Ақ жол» ҚДП-ның 1986 жылғы көтерілісіне қатысушы жастардың көлікте тегін жүруі туралы бастамасына қолдау білдірді. Осыған орай, отандық транспорт компанияларымен арада келіссөздер жүргізіліп, бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Ал әзірге автобустарда тегін жүру билеттері тек дайындық үстінде. Нақтылай түссек, жос- пар бойынша, 16 желтоқсанға дейін реттеліп, желтоқсаншылар санына сәйкес жасалмақ. «Желтоқсанға» қатысушылар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру бастамасын Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Алматы және Астана қалаларының автокәсіпорындары қолдады. Жеңілдетілген жол жүру құқығы бір жылға беріледі. Қоғамдық комитет автокәсіпорындарға ондай жеңілдікпен жүретін адамдардың тізімін береді. Яғни, «көтеріліске қатысушылардың қайсысы да нақты қандай жазалар алғандығы туралы құжаттар тапсыратын болады.