Қайтыс болған 19 жастағы сарбаздың анасы шындықты айтуды талап етті
2018 ж. 29 қараша
2398
0
ШҚО-да шекара заставасында қайтыс болған сарбаздың туысқандары қайғылы оқиғаның куәгерін іздеп жүр.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Сарбаздың анасы баласының суицид жасағанына сенбейді. Әйел командирден, бірге қызмет істегендерден шындықты айтып беруді талап етуде.
Қайғылы оқиға 17 қараша күні Ақжон заставасында орын алды. Командирледің айтуы бойынша, 19 жастағы Алихан Қожагелдиев екі рет өз кеудесіне оқ атқан. Дәрігерлер оны құтқарып үлгермеді.
Қожагелдиев ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
“Бұл өз-өзіне қол жұмсау емес. Ешнәрсені жасырмасын. Сеземін, олар бірнәрсені жасырып жатыр. Он жетісі күні болған дүние тергеуге көмектеседі. Шындықты айтсын. Ол шындықты білетін сияқты”, — дейді сарбаздың анасы Айгүл Қожагелдиева.
“Суицидке итермелеу” бабы бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Жігіттің өз-өзіне қол жұмсамағанына туысқандары да сенбейді. Олардың пікірінше, бұл мүмкін емес дүние.
Анасының сөзінше, марқұмның өмірге деген жоспарлары көп болған.
Әскерде ол ешкіммен дауласпаған. Әйел баласының қызметтерінен, командирден ешнәрсені жасырмай, шындықты айтып беруді сұрайды.