Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары БАҒЛАН АСАУБАЙҰЛЫ МАЙЛЫБАЕВ

майлы

Мемлекет басшысының жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бағлан Майлыбаев 1975 жылы Жамбыл облысында туған. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академия­сының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының докторы, саяси ғылымдардың кандидаты. 1998-2002 жылдары аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің және Абылай хан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің оқытушысы. 2002 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің директоры. 2002 жылдың мамыры мен 2003 жылдың қыркүйегі аралығында – «Казахстанская правда» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 жылдың қыркүйегі мен 2004 жылдың желтоқсаны аралығында- «Заң» акционерлік компаниясының президенті. 2004 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің жетекшісі. 2008 жылдың қазанынан – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің төрағасы. 2008 жылдың желтоқсанынан – ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2009 жылдың маусымынан Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы. 2011 жылдың қазанынан Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр. «Құрмет» орденімен, медальмен марапатталған.