Әбілязовтің төлемдер жүргізуі мүмкін емес
2011 ж. 14 қазан
963
0
Әбілязовтың ереуілге шыққан мұнайшылардың отбасыларына аударған төлемдерінің заңдылығына қатысты БТА Банкінің ресми түсініктемесі
Алматы, 2011 жылғы 15 қыркүйек – БТА Банкіне (одан әрі – Банк) Мұхтар Әбілязовтың ереуілге шыққан мұнайшылардың отбасыларына аударған төлемдерінің заңдылығы жөнінде бірнеше сауал келіп түсті. БТА Банкінің Әбілязовтың барлық активтерінің қозғалысын тоқтату және оларды сыртқы басқаруға беру (receivership) туралы Англия Жоғарғы сотының бұйрығын алуына байланысты, Әбілязовтың мұндай төлемдерді заңды түрде жүргізуі мүмкін емес. Банк Англия Жоғарғы сотының бұйрықтарын Әбілязовтың ұдайы бұзатындығы жөнінде бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген. Осындай жайттардың салдарынан Банк сотты құрметтемегендігі үшін Әбілязовты жауапқа тарту процесінің бастамашысы болды және оны қамауға алу түрінде жаза қолдану үкімінің шығарылуына мүдделі болып отыр. Банктің осы өтініші бойынша сот тыңдаулары қараша айының аяғында Лондонда өтеді. Банкке келіп түскен мәліметтер бойынша, mukhtarablyazov есімді Twitter пайдаланушысы сайт бетінде өзінің жеке жинақ ақшасы есебінен 250 мың долларды аударғандығы туралы хабарлама жазған. Мұндай төлем Англия Жоғарғы сотының бұйрығын тікелей бұзу болып табылады Әбілязов өз заңгерлері арқылы Банк заңгерлерінің сұрақтарына жауап берген кезде өзінің mukhtarablyazov есімді Twitter пайдаланушысы еместігін мәлімдеген. Сондай-ақ Әбілязов ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға ешқандай қаражат аудармағандығын мәлімдеді. Әбілязовтың пікірінше, оның есімін Twitter желісінде пайдалану және оның ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға ақша аударғандығы туралы пікірдің таралуы арандату әрекеті болып табылады. Банк бұл сұрақ бойынша тергеу ісін жалғастырады.