«ЕЛ АМАНАТЫ» Жалпы ұлттық пікірсайысы

акжол

Қазақстанның «Ақ жол» Демокра­тиялық партиясы «Ел аманаты» – «Народная платформа» жалпыұлттық пікірсайысын өткізетіндігін мәлімдейді. Шараның басты мақсаты – барша қазақстандықтардың мүддесін ескеретін партияның жаңа саяси тұғырнамасын қалыптастыру. Жалпыұлттық пікірсайысқа өз елінің болашағына бей-жай қарай алмайтын, жасы, мамандығы, ұлты және саяси партияға мүшелігіне қарамастан, Республиканың кез-келген ниет білдірген азаматы қатыса алады. Пікірсайыс екі кезеңнен, төрт номинация бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде шығармашылық байқау пішінінде өткізіледі. Номинациялар: 1. Заманауи жағдайда «Алаш» партиясының саяси тұғырнамасын дамыту және сабақтастыру; 2. Саяси либерализм және демократияландыру мәселелері; 3. Қазақстанның экономикалық моделіндегі кәсіпкерлікті қолдау; 4. Әлеуметтік жаңғыру және әділетті қоғам құрылысындағы маңызды мәсе­лелер (ұлттық және жастар саясатын, білім, денсаулық сақтау, зейнеткерлікті қамтамасыз ету, еңбекке орналастыру т.б. салаларды қоса алғанда). Әсіресе, жастардың, кәсіпкерлердің, студенттердің, журналистердің, кәсіби сарапшылардың өздері жұмыс істейтін тиісті салалардағы жұмыстарын ықыласпен қарсы аламыз. Кезеңдер: 1-ші кезең: жазбаша жұмыстардың сырттай конкурсы (эссе, шығармалар). Конкурс жұмыстары 2011 жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі – 12 бетке дейін. Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстың арнайы әділ қазылар алқасы 1 айдың ішінде әрбір номинация бойынша 10 жеңімпаздан іріктеп алады. Олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады. 2-ші кезең: 1-ші кезеңнің жеңімпаз­дарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындыларын шығарғаннан кейінгі бір айдың ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірталастар барысында әр номинация бойынша үміткерлер бәсекелестерінің жазбаша жұмыстарымен алдын-ала танысады, баяндамалар жасайды, одан кейін бәсекелестерінің сұрақтарына жауап береді, сонымен қатар олардың баяндамаларын талқылауға қатысады. Пікірталастар әр номинация бойынша баяндамашының қалауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Бетпе-бет кездесу пікірталастарының өтетін орны қосымша анықталатын болады. Пікірсайыс қорытындысымен Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Саяси тұғырнамасының жобасына ұсыныстар жасалады. Онда нақты тармақшалардың авторлығы да көрсетілуі мүмкін. Жалпыұлттық пікірсайыстың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі ақшалай сыйлықтар тағайындалады: - 1-ші кезеңнің лауреаттарына (әр номинация бойынша 10 таңдаулы жазбаша жұмыстар) – 50 мың теңгеден; - 2-ші кезеңнің әр номинациясы бойынша жеңімпаздарға: бірінші сыйақы – 500 мың теңге, екінші сыйақы - 250 мың теңге және үшінші сыйақы – 100 мың теңге. Сонымен қатар, белгіленген номинациялардан бөлек, журналистер мен студенттер арасындағы таңдаулы қатысушылар үшін «Ақ жол» партиясының Жастар қанаты және партияның баспасөз қызметі бірінші орын үшін 250 мыңнан, екінші орын үшін 150 мыңнан және үшінші орын үшін 75 мың теңгеден құралатын Арнайы сыйақыларын тағайындайды. 2-ші кезеңнің бетпе-бет пікірта­ластарына қатысуға шақырылғандардың іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейтін болады. 1-ші кезеңге қатысу үшін конкурстық жұмыстар «Ел аманаты» – «Народная платформа» белгісімен мына мекен-жайға: 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11 кеңсе, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Орталық аппаратына немесе DPK.akzhol.kz@mail.ru электрондық почтасына жіберілсін.