Назарбаев азаматтық некеден туған баласын тартып алмақ
2018 ж. 19 қараша
4068
0
Ақтөбе сотында Елена Рутушная жауапкер, ал қалалық мәслихат депутаты Искандер Назарбаев талапкер ретінде қатысып жатыр. Әкесі баланы анасынан алып, өзі тәрбиелемек, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Алматы қаласында тұратын Елена Ратушная баласының өте белсенді екенін айтады. Бала 2013 жылы кәріз құбырына арналған химиялық ерітіндіні ішіп қойып, іш құрылысына зақым келіп, ота жасалған. Бала туралы оның әкесіне жақ ашпаған Елена Ратушная оның әкесіне хабар беріп, көмек сұраған.
«Әкесі 100 мың теңге берді, бірақ бұл қаржы өте аз. Мен баланы емдеуге 2,3 миллион теңге жұмсадым. Баланы бағу үшін бірнеше жерде жұмыс істедім. Енді әкесі "балаға қарай алмайды" деп менен оны тартып алмақ», — дейді Елена Ратушная.
Сот отырысына психолог та шақырылды. Маманның айтуынша, баланың салған суретінен-ақ анасынан қашық екенін байқауға болады. Бала анасын мүлде салмайды екен. Әрі бала психолог, невропатологтың бақылауына алынуы керек. Баланың тілі де дұрыс шықпаған.
Сот отырысы жалғасып жатыр. Сотқа депутат Искандер Назарбаевтың өкілі ғана қатысуда.