Азат Перуашев: Ысырапшылдыққа шектеу қою керек
2018 ж. 08 қараша
3605
1
Қымбат мейрамхана, эстрада жұлдыздары, арнайы шоу-программа. Бұның барлығы енді қара тізімге кіреді. Осылайша халық қалаулары қазақстандықтардың тойындағы ысырапшылдығын тоқтатып, прагматизмге үйретпек ниетте. Қарызға белшесінен батып, жиған-тергенін қуанышына жарататын қазақ бұл бастаманы қалай қабылдайды? Шенеуніктердің ойы қандай?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Көрпесіне қарай емес, жұрттың сөзіне қарай көсіліп жүрген қазақтың аста-төк тойлары билік басында отырғандардың да назарына ілігіп, ойға қалдыруда. Мәселен, Сенат төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев бұл мәселеде өзбек пен түріктерден үлгі алуға шақырған еді. Оған қатысты біраз пікірталас туындағанымен, ырду-дырдудан әлі де арыла қойғанымыз шамады. Бірақ, халық қалаулылары мұндай тойларға шектеуді біртіндеп бастаған жөн дейді. Себебі...
«Әрине біз ысырапшылдыққа бір жағынан шектеу қоюуымыз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлерге. Мемлекеттік қызметкерлер қарапайым халыққа жақын болуы керек. Аяқ асты заңменен тыйым салсақ реакция басқаша болады. Мәдениет бір күннің ішінде өзгермейді» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
Атқамінерлердің бұл сөзі той жүргізушілері мен шоумэндерге жақпағаны белгілі.
«Елімізде заң шығаратын шешетін, таусылып, той қана қалған ба? Онда Сіз бақытты адамсыз, сол күнге жете берейік. Бүкіл проблемамыз шешіледі ма одан? Бізге түйінді мәселелрді шешу керек. Той - ол бұрыннан келе жатқан нәрсе» - дейді продюсер Қыдырәлі Болманов.
Экономистер де аста-төк тойға тыйым салу керек пікірді қолдайды. Тіпті ол, қазақтың негізгі өзекті мәселесіне айналған. Алайда, тойдағы ысырапшылдықты деваливация да, дағдарысты тоқтатқан жоқ. Сондықтан да ол уақыт еншісінде.
«Шариғат бойынша әуелі өзіңді жарылқа дейді. Өзіңді жарылқасаң, отбасыңды жарылқа. Оны жарылқадың ба, көмектестің ба ауылдастарыңды жарылқа. Оның барлығын жарылқадың ба қауымды жарылқа. Енді сол қаржы болатын болса, неге сол қауымды жарылқамайды?» - дейді экономист Орақ Алиев.
Сонымен, қарапайым халық той жасау үшін кемінде 15-20 мың доллар жұмсайды. Оның ішіне - кит, мейрамхана, қыз жасауы өзге де қымбат сыйлықтар кіреді. Шамамен тағы 5 мың доллар қосылар. Ал Дәл осы бағаға яғни шамамен 7 500 000 миллонға Астана мен Алматының шеткі ауданынан 1 бөлмелі пәтер, Шымкенттен 3 бөлмелі үй алуға болады дейді экономистер.