Қытайдан тауар тасу шектеледі
2011 ж. 14 қазан
1109
0
15-қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына Қытай мен Қырғызстаннан шекара арқылы тауар алып өтуіне шектеу қойылады. Жаңа бұйрыққа сай, тұрғындар өзімен бірге салмағы 50 келіден артпайтын және құны мың жарым еуродан аспайтын тауарларды айына бір рет қана кедендік төлемсіз алып өтуіне рұқсат.
Мұндай шараның қабылдануына коммерциялық мақсаттағы тауарлардың шекарадан кедендік төлемсіз өткізілуінің артып кеткені себеп.
Пысықай кәсіпкерлер тауарларын 50 келіден аспайтындай етіп бөліп, шекара маңында тұратын тұрғындарды жалдау арқылы елімізге бір тиын шығармай-ақ алып өтіп отыр.
Жаңа тәртіп осындай құйтырқылықтарға жол бермеу үшін енгізілуде.
Аян Көлбай,
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, статистика басқармасы бастығының орынбасары:
«Жеке тұлға тауарын енді бір рет қана тегін өткізе алады және ол шекараға іргелес орналасқан ауданның тұрғыны болуы және жұмыссыз, кәсіпкер болуы тиіс».
Аталған шарттар сақталмаса, онда тауарға кедендік баж салығын төлеу керек болады. Бірақ, бұл шектеу киім-кешек, кілемдер мен маталарға қатысты ғана қолданылады.