Елді дүрліктірген сұмдық қылмыстың беті ашылды
2018 ж. 06 қараша
5699
0
Алматы облыстық полициясы ер адамның өліміне қатысты сұмдық жайттың бетін ашты. Оның денесі өз үйіндегі моншаның бетонды қабатының астынан табылды.
Бұл туралы Алматы облыстық ІІД сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
28 қазанда Еңбекшіқазақ аудандық полициясына жергілікті тұрғыннан 31 жастағы күйеуі жоғалып кеткені туралы арыз түскен. 29 қазанда полицейлер оның үйін тексеру барысында жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты. Ол салынып жатқан моншаның бетонды қабатының астында жатқан.
Құқық қорғаушылар азаптап өлтіру белгілері мен жерлеу жағдайын есепке алып, аталған факті бойынша қылмыстық өндіріс қозғады. Сонымен қатар аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелетін тұлғаларды анықтады.
«Оның өліміне моншаны салуға көмектескен 34 жастағы ер адам күдіктеліп отыр. Ол оқиға орнынан із суытқан. Артынша біздің қызметкерлермен Түркістан облысында ауылдардың бірінен ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Есік қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», – дейді полиция департаментіндегілер.
Анықталғандай, қылмыс ер адамдардың арасындағы ұрыс кезінде орын алған. Болжам бойынша, күдікті ұрыс кезінде жәбірленушіні балтамен ұрып өлтірген.
Қазіргі уақытта талған іске қатысты ҚР ҚК 99-бабына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амаларды жүргізіліп жатыр.