Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі өзгертілді
2018 ж. 02 қараша
2946
0
Қазақстан үкіметі Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімін өзгертті. Ендігі ол жерде Шымкент әкімдері мен олардың әйелдерін жерлеуге болады.
Бұл туралы “Әділет” ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Үкіметтің өзгертулер енгізілген қаулысына сәйкес, ендігі республикалық маңызы бар Шымкент қаласының әкімдерін де пантеонға жерлеу рұқсат етіледі. Бұған дейін бұл тізімде тек Алматы қаласы болған еді.
«Ереженің 5-тармағында көрсетілген қайтыс (қаза) болған тұлғаларды жерлеуді ұйымдастыруды қайтыс (қаза) болған адамның жұбайының, жақын туысқандарының не заңды өкілінің бастамасымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді», – делінеді құжатта.
Айта кетсек, Астана қаласынан 17 шақырым жерде орналасқан Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімінде ҚРпрезиденттері және олардың отбасыларының мүшелер; премьер-министрлер және олардың орынбасарлары, парламент палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігінің басшылары, Конституциялық кеңес, жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары;министрлер, президенке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері; “Халық қаһарманы”, “Қазақстанның Еңбек Ері” атақтарына ие болған тұлғалар; “Алтын қыран”, “Отан”, “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев”, үш дәрежелі “Еңбек Даңқы” ордендерімен марапатталған азаматтар; “Кеңес Одағының Батыры”, “Социалистік Еңбек Ері” атақтарына ие болған азаматтар;”Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы” құрметті атағына ие болған азаматтар;ҚР президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар бар. Сонымен қатар пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың кейін қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.