Астанада жарнамадағы тіл тазалығын сақтамағандар жауапқа тартылады
2018 ж. 30 қазан
1869
2
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына үндеу
Жарнама – қоғамның тыныс-тіршілігі мен шаһардың бет-бейнесін қалыптастыратын маңызды құрал. Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңының 21-бабына сәйкес сыртқы жарнама мәтіндері мемлекеттік тілде (сол немесе жоғары жағына, шрифттері бірдей), одан кейін орыс және қажет болған жағдайда өзге тілдерде жазылады.
Дегенмен, бүгінгі таңда заңды білмеу, немқұрайлылық сияқты себептерден Елордадағы сыртқы жарнамада тіл нормаларына қатысты талаптардың сақталмауы жиі кездесуде. Осы мақсатта, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Жарнамадағы тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясын бастайды. Барша астаналықтар мен қала қонақтарын көшедегі сыртқы (көрнекі) жарнамада кездесетін кез келген қателікке бейжай қарамай, тікелей жарнама иесіне хабарласып, заң талаптары аясында орын алған кемшіліктерді жоюға шақырамыз.
Сондай-ақ, орналасқан жерін, күнін, тиісті фотосуретті тіркей отырып a.imangali@astana.kz электронды мекенжайына немесе Тіл Басқармасы (Тіл Басқармасы Астана) facebook желісіндегі аккаунтына messenger арқылы жіберуге болады.