Бостондағы терактіге қатысы бар деп айыпталған Қадырбаев елге оралды
2018 ж. 30 қазан
1899
0
АҚШ-та 2013 жылы теракт жасады деп айыпталып, сотталып кеткен Диас Қадырбаев Қазақстанға қайтып оралды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бүгін өткен брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров 2013 жылы Бостонда болған терактіге қатысы бар деп айыпталып, сотталған Диас Қадырбаевтың Қазақстанға оралғанын айтты. Оның сөзінше, Қадырбаев 24 қазанда Алматыға келген. Қазіргі уақытта ол отанында жүр.
Сонымен қатар Айбек Смадияров 6 жылға бас бостандығынан айырылған Диас Қадырбаевтың мерзімінен бұрын босатылғанын айтты.
Айта кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде халықаралық марафон кезінде Бостонда екі жарылыс болды. 3 адам қаза болып, 200-ге жуығы жараланды. Терактіні ұйымдастырды деген күдікпен Тамерлан және Джохар Царнаевтардың үстінен іс қозғалды. Джохар 20 сәуір күні қолға түсті, ал Тамерлан 19 сәуір күні полициямен болған атыс кезінде көз жұмды.
2015 жылы Бостон соты Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды. Тамыз айында адвокаттар апелляциялық шағым түсірді. Бүгінгі таңда Царнаев Колорадо штатында, қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.
АҚШ билігінің мәліметіне сүйенсек, Тажаяқов пен Қадырбаев Джохар Царнаевпен таныс болған. Олар атыстан кейін үш күн өткен соң, пиротехника мен ноутбук салынған сөмкенің көзін жойған. Бұл терактіні тергеу ісінде үлкен қиындық туғызған.