Хасен Қожа-Ахмет «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына кандидат

Орыстілді «Взгляд» газетінің 2011 жылғы  28-қыркүйек күнгі санында мемлекеттік тіл мүддесін көтерушілерге қарсы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушы Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов сейчас «напугает» все русскоязычные население своими псевдопатриотическими выступлениями (смысл таков: не дай бог, придут к власти национал-патриоты и начнут политику вытеснения всех русских), и оно потянется к действующему президенту, который таких высказываний  никогда не допускает. Вкупе с этим Шаханов дискредитирует и саму идею развития казахского языка как государственного. Да, определиться со статусом русского и казахского языков на законодательном уровне необходимо, но не такими методами, как он предлагает»,– деп жала жапқан болатын. Ал, 2-қазан күні «Сарыарқа» кинотеатарының маңындағы алаңда өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында соңғы кездері тек қана  Мұхтар Әбләзовтің ықпалымен ғана қозғалатын Хасен Қожа-Ахмет ерекше бұзақылық мінез көрсетті. Ол екі дүркін мінбеге шығуға талпынып, өзіне сөз берілмеген соң, қасындағы 5-6 адаммен бірге жиналған жұртты алаңға, «Нұротан» партиясы ғимаратының алдына барып, бүлік шығаруға үндеді. Жиналғандар оған батыл түрде дүрсе қоя беріп, «Мына қылығыңмен өзіңнің ұлтқа қарсы топтарға қызмет ететініңді тағы да дәлелдедің»,– деп жатты. Мемлекеттік тіл мүддесі алға шыққан кезде, оны қолдаудың орнына қос аяғымен таптауға талпынған, рухсыз Хасен Қожа-Ахметті жиынға қатысушылардың үлкен тобы «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсынуды жөн деп санады.