Хасен Қожа-Ахмет «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына кандидат

23
2132

Орыстілді «Взгляд» газетінің 2011 жылғы  28-қыркүйек күнгі санында мемлекеттік тіл мүддесін көтерушілерге қарсы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушы Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов сейчас «напугает» все русскоязычные население своими псевдопатриотическими выступлениями (смысл таков: не дай бог, придут к власти национал-патриоты и начнут политику вытеснения всех русских), и оно потянется к действующему президенту, который таких высказываний  никогда не допускает. Вкупе с этим Шаханов дискредитирует и саму идею развития казахского языка как государственного. Да, определиться со статусом русского и казахского языков на законодательном уровне необходимо, но не такими методами, как он предлагает»,– деп жала жапқан болатын.

Ал, 2-қазан күні «Сарыарқа» кинотеатарының маңындағы алаңда өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында соңғы кездері тек қана  Мұхтар Әбләзовтің ықпалымен ғана қозғалатын Хасен Қожа-Ахмет ерекше бұзақылық мінез көрсетті. Ол екі дүркін мінбеге шығуға талпынып, өзіне сөз берілмеген соң, қасындағы 5-6 адаммен бірге жиналған жұртты алаңға, «Нұротан» партиясы ғимаратының алдына барып, бүлік шығаруға үндеді. Жиналғандар оған батыл түрде дүрсе қоя беріп, «Мына қылығыңмен өзіңнің ұлтқа қарсы топтарға қызмет ететініңді тағы да дәлелдедің»,– деп жатты. Мемлекеттік тіл мүддесі алға шыққан кезде, оны қолдаудың орнына қос аяғымен таптауға талпынған, рухсыз Хасен Қожа-Ахметті жиынға қатысушылардың үлкен тобы «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсынуды жөн деп санады.

 

23 ПІКІРЛЕР

  1. Осындай кісілер тізе қосып қимылдаса ҚАЗАҚ ұтар еді. Амал нешік.Көсемдеріміздің ауыз бірлігі болмауынан орысқа құл болмаппа едік.

  2. Шаханов деген өте надан,оқымаған адам,кезінде Оралхан Бөкейге қарсы шықты,кейін Мағауинмен таласты,енді Қуанышәлин мен Хасенге қарсы келіп жүр,олардың бәрі білімді адамдар ғой,білімді адам мен білімсіз адамды парықтай білу керек!!!

  3. Әр нәрсенің басын бір шалып «Ат-тандап» болған М.Шахановтың қырғызға елші қызметіне тағайындалуын біреулер қудалауға балап жүр ( дәл оны сол қызметке үкімет кісендеп апарғандай-ақ). Ау, Қазақстанда жүріп Аралды суға «толтырып», Балқаш көлі экологиясын «жақсартып», Желтоқсан көтерілісі мәселесін «шешіп» тойлатып мұндағы шапандарды тауысып болды. Елде қалса оған «Жалын» журналына жазылушылар іздеуден басқа не іс қалды?! Сондықтан елшілік деген ол үшін қудалау емес, нағыз майлы шелпек емес пе!? (1993 ж.)

  4. Өз басым мына сөйлеген кісілердің кім екендерін біліп қойдым. Ендігі ой-ауан өзгерді. Шахановтың азар да безерлігіне қарсымын. Ешқандай да негіз жоқ, құр сөз.

  5. Хасен Қожа-Ахмет мемлекеттік тіл мүддесін көтерушілерге тіл тигізсе де «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына кандидат ретінде ұсыну дұрыс емес сияқты.
    Осы мәселеге қатысты Хасен Қожа-Ахметтің Кplus телеканалындағы ВластьKZ бағдарламасына берген интервьюін мына сілтемеден көре аласыздар:
    http://www.youtube.com/watch?v=hCkkNVwWXE8

  6. Қазақта дәл осындай «батырдың» барынан жоғы. «Азат» қозғалысының мөрін қалтасына басып алып, бұрыш-бұрышта Шахановқа тіл тигізіп, өзі артынан екі адам де ерте алмай жүріп біреу ұйымдастырған митингіде сөз сөйлеймін деп езеурегені ұнамады. Күшті болатын болса, дәл сол «Нұр Отанның» алдына өзі неге митинг ұйымдастырмайды екен? Жоқ жерден даурығып жүрген дарылдаққа жыным келіп, қолыма түскен тасты лақтырғаным рас. Соның соңынан еріп жүрген жігіттерге де таңмын… Хасеннің кім екенін біліп болатын уақыттары болды ғой…

  7. Хасеннин лактырган суйегин кемирген Канагат сен Хасен екеуин ултшылдар косеми Шаханов тугили арбир ултшылдын баскан издеринен садага кетиндер , мангурт, орыс малайы.

  8. Хасен түгіл оның басқан ізінен садаға кеткір нақұрыстар-ай, сендер өздеріңнің былапыт, нас сөздеріңмен мына сайтты да дәретхана сияқты қылып жібердіңдер!

  9. Қанағат 6 Қазан, 2011 – 10:17 pm
    Айналайындар, шіріген жұмыртқаларыңды қайда жіберуді білмесеңдер, жақсы кеңес берейін, бір жерлеріңе қыстырып, тишыңа жүріңдер!

    Шіріген жұмыртқаны «бір жеріне» тығып тұрған сыйлыққа болашақ «үміткер» – жақсы идея сияқты…

  10. Айналайындар, шіріген жұмыртқаларыңды қайда жіберуді білмесеңдер, жақсы кеңес берейін, бір жерлеріңе қыстырып, тишыңа жүріңдер!

  11. Махамбет, сенде тіпті мый жоқ, тіл мен жақ қана бар екен. Қожайының бұйрық берген соң билікке жағынып, тіл мен жағыңа сүйеніп, қайтсең де Қасенге қара күйе жағуға тырысудасың. Бірақ ол Қазақстан тарихынан ойып тұрып өз орнын алған тұлға, сен секілді шәндіріктердің жаптым жала, жақтым күйесіне пысқырып та қарамайды.

  12. Махамбет, сенде тіпті мый жоқ, тіл мен жақ қана бар екен. Соған сүйенген биліктің сұрқылтайы екенсің, Қасенді қалай

  13. Мынау мұрат шіріген жұмыртқаның қабығын сұрап тұрған секілді. БАсқа не? Осындай арсыздарды қандай арсыз ата-аналар тәрбиелеп шығарды деші ә! Заман қалай бұзылған!

  14. Мұрат, «бетіне әлі талай рет қара таңба сияқты болып басылатын нәрсе не екеніне миың жетпесе айтайын – Қазақ тіліне қарсы шығу – нағыз қара таңба! Қазақ тіліне қарсы шыққан Хасенді және т.б.қазақ тілінен артық көріп, сен сияқты қорғаштаушыларға да қара таңба басылады! Сен осы Хасеннің өзі не туысқаны секілдісің.

  15. Жағдайды керісінше түсіндіргің келген өтірігіңе болайын. Бірақ Шахановтың әлгі әрекеті бетіне әлі талай рет қара таңба сияқты болып басылады.

  16. «Мұхтар Шаханов Қасекеңе билікке қарсы сөз айтуға жол бермегені үшін…» емес, Шаханов Хасенге Қазаққа қарсы, қазақ тіліне қарсы сөз айтуға жол бермеді, Мұрат. Оны , Хасенді ешкім сабаған жоқ, сабаса, митингіні тоқтатып тастайды ғой… Сол үшін тиіспеді амалсыз… Хасен ол жерде қадірі қалмаған соң тайып тұрды…

  17. Маханбет, онда сен Мұхтар Шаханов Қасекеңе билікке қарсы сөз айтуға жол бермегені үшін және оны былай шыға бере жерлестеріне ұрғызғаны үшін қандай марапаттауға ие болатынын да білетін шығарсың. Қанша жамандасақ та, елбасы қарсыласын қанша жек көргенімен, мұндай тұрпайы әрекетке барған жоқ. Ал Шаханов президент болса өзінің саяси қарсыластарын қайтер еді? Мұны да білетін шығарсың…

  18. Махамбет, сен билікке аса қауіпті радикал саясаткерлер жөнінде арнайы қызмет орындары ойдан шығарған жалған ақпаратты таратушы болып отырсың.

  19. Мұрат, Хасен Қожахмет билікке қатысты органның тапсырмасымен, Әбіләзов, Козловтардан ақша алып, екі жақты ойнап, митингіні бұзуға тырысып, қазақ тіліне қарсы шығып отыр.Яғни, алған ақшасын отработывать етіп жүр.Бұны қалай ақтайсың, сыбайласы болмасаң?

  20. Әр нәрсені өз атымен атаған жөн. Қасекең билікке хат жазып, бейбіт митинг өткізіп, нигилистерге жұмыртқа лақтыруды көксейтіндердің қатарынан емес. Ол билікті күшпен кетіру мүддесін жүзеге асыруды көздеген ұлтшыл радикал оппозицияшы, кеңестік кезеңдегі санаулы ғана диссиденттердің бірі! Оның осы ұстанымы қатерлі болғанымен, қоғамдық санада өмір сүруге тиісті.
    Ал Қасекеңді құбыжық қылып көрсету мақсатында оған жала жабу билікпен жең ұшынан жалғасып, ауыз жаласудың белгісі болып табылады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз