Астанада 15 жастағы қызды автобус қағып өлтірді
2018 ж. 24 қазан
1960
0
Астанада №40 жолаушылар автобусы кәмелетке толмаған қызды басып өлтірді, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қайғылы оқиға Кенесары көшесінде бүгін сағат 14.40-да болған. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі растады.
Алдын-ала мәлімет бойынша, 15 жасар қыз жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Бағдардағы автобустың қағып кетуі салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы дерегі негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзуы) бойынша алдын ала тергеу басталды.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.