Тоқаев: Білім беру саласындағы эксперименттерді тоқтату керек
2018 ж. 21 қазан
5323
1
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқыл елдегі білім беру саласындағы өзгерістерге қатысты өзінің пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес, сондықтан саладағы эксперименттерді тоқтату керек. Реформалар қажет, бірақ олар мұқиятты түрде ойластырылып жасалуы тиіс, әйтпесе тек зиянын тигізуі мүмкін, деп жазды Сенат төрағасы өзінің Twitter парақшасында.