Мемлекеттік тілді қолдаушылар күннен-күнге көбеюде

0
1198


Міржақып, Жарасбай және Нұртай
немесе тағы да мемлекеттік тіл туралы


Атыңнан айнайлайын Міржақып, Міржақып Дулатұлы баяғыда, арада көп замандар өтіп кеткен уақытта, бір ғасыр бұрын айтып еді бұл сөзді. Өзі «коменес» деп айдар таққан Мыңбайұлы Жалау жолдасқа деп дәлме-дәл адресін көрсетіп тұрып жолдаған еді. Жалау жолдас о кезде кеңестік биліктің тұтқасында отырған-тын.
Ана тілінің атынан сөйлеген еді Міржақып Мыңбайұлына жолдаған осы мүбәрак хатында. Міржақыптарға мұндай мәртебелі құқық жарасады ғой. Олар ұлттың атынан сөйлегенде ұпай емес, ұлы мұраттар үшін ғана сөйлейтін…
«Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?», – деп басталатын М.Дулатұлының «Қазақ тілінің мұңы» атты мақаласы.
Бұдан әрі: «Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден естідім. (Байтұрсынов. ред)», – деп жазатын Мәкең қазақ тілінің молдалардың, миссионерлердің, тілмәштардың қолжаулығынан құтылды ма деген үмітінің желге ұшып, босқа қуанғанын айтатын. Айтатын да шала-шарпы жүргізілген кеңестік «қазақыландырудың» зардаптарынан шығар жол іздейтін. Жалау жолдастың «Ауыл тілін» шығарамын, газет нағыз қазақ тілімен жазылады дегеніне іші жыли отырып: «Азар коменес болып кетсең де ата-бабаң қазақ еді ғой, мен солардың тілі едім ғой, не жазығым бар, ая мені!», – деп түйіндейді.
Ал, бүгінгі күнге келейік.
Әрине, Міржақыптай, Ахметтей аяулы ана тіліне араша сұраған азаматтар жоғалған жоқ. Бірақ, бұл ұлтқа рухани көсем болған тұлғалармен бірге қойды деген бағамды білдірмесе керек.
Бүгінгінің өз Міржақыптары, өз Жалаулары бар…
Кеше Парламенттің төменгі палатасында депутат Жарасбай Сүлейменов биліктің барлық бұтағына ресми кездесулерді, жиындарды қазақ тілінде өткізуге, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуге шақырды. Ел Үкіметінің жетекшісі Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында ол: «Бұдан былай «баршаға түсінікті болсын» деген сылтаумен бөгде тілде шүлдірлей жөнелуден арылу керек. Әсіресе, менің бұл сөздеріме анасының әлдиі құлағында қалмағандар, бесігінде ана тілінің уызына қанбағандар құлақ асып, қиқарланбай түзу жолға түссе деймін. Ардақты ағайын, халқымыздың сарқылмас қазынасы, ең үлкен игілігі – тарихтың өзіндей, бабалардың көзіндей ел бастаған көсемдердің тілі, сөз бастаған шешендердің тілі – қазақ тілін құрметтейік, қазақ болайық, үйде де, түзде де қазақша сөйлейік. Балаларымыз бен немерелерімізді осыған тәрбиелейік», – деді.
Әріптесіне қолдау білдірген депутат Нұртай Сабильянов болса, «Мемлекеттік тілге кім қарсылық көрсетсе, ол Қазақстанның келешегіне де қарсы болғаны» деп салды.
«Мұнда кері кетіп жатқандар негізінен өзіміздің орыстілді қазақтарымыз. Алайда, біз жағдай осылай болды екен деп жүре бермей, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолданысқа енгізуіміз керек. Мен сіздерді осы мәселені қолдауға шақырамын. Мемлекеттік тілді меңгеру – әр депутаттың міндеті. Егер біз тіл білмесек, халыққа қалай жауап бермекпіз?», – деді Нұртай Сабильянов.
P.S. Иә, «тасты жапалаққа ұрса да жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрса да жапалақ өледі» дегендей бәз баяғы ана тілінің мұңы мұң болып ғасырдан астам уақыт келе жатыр. Колониалдық мәдениет қазақтың елдігін етектен қашанға дейін тартар екен?!..

Думан АНАШ
«Алматы Ақшамы»

Мемлекеттік тілді қолдау – мемлекетті қолдау

«Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын!»
(«Жас қазақ үні» №33-34, 29.08.2011)

Мемлекеттік тілді қолдап Ашық хат жазған ұлт жанашырларының жанайқайы қоғамда зор сілкініс туғызды. Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілдің де шын мәнінде тәуелсіздік алуы үшін тәуекел еткен ерлердің қатары күн санап көбеюде. Біз бүгін Парламент депутаттары Н.Сабильянов пен Ж.Сүлейменов бастап, қолдау білдірген азаматтардың тізімін жариялап отырмыз.
Н.Сабильянов, Парламент Мәжілісі депутаты, Ж.Сүлейменов, Парламент Мәжілісі депутаты, С.Досанов, жазушы, халықаралық Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, К.Әмірбек, «Шалқар» радиосы бас редакторы, халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты Нұртілеу Иманғалиұлы, тележурналист, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, Ғ.Жайлыбай, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты; Ж.Қорғасбек, «Жас Өркен» ЖШС бас директоры, тәуелсіз «Тарлан-Үміт» сыйлығының лауреаты, Ш.Пәтте, «Түркістан» газеті бас редакторы, С.Жанболат, «Алаш айнасы» газеті бас редакторы, Б.Әшірбаев, «Заң» газеті бас редакторы, Сағатбек Медеубаев, филология ғылымы докторы, профессор, Қасым Аманжол, тәуелсіз журналист, Б.Дүйсенбі, «Ұлт тағдыры» қозғалысы басқарма мүшесі, О.Ботбай, кәсіпкер-меценат, «Құрмет» ордені иегері, Ж.Бахадүр, журналист-жазушы, Г.Иманбаева, «Жұлдыздар құпиясы» журналы бас редакторы орынбасары, Ә.Рзаева, «Жас қазақ үні» газеті жауапты хатшысы, Г.Досболова«Жас қазақ үні» газеті бөлім редакторы, Ж.Кәрімов, «Төбелді» асылтұқымды мал шаруашылығы қожалығы төрағасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тұрғындары – Мәндібаева Н.К., Орынтаева Ғ.Ә., Сейдалиева Р.М., Айдешева К.Б., Сералиева Н.Т., Абдраимова Г., Қалзитова Д., Тоқсанбаева Б., Искакова Қ., Аташов С.Қ., Үкібаева Ж.Ж., Мейрбеков Б., Шаласбаева М., Кузибаева М., Ауелбекова К., Жүсіпбекова М., Ахметов Б., Абдуллаев Қ., Жумадиллаева Д., Сарсенбаева М.Б., Оразов Б.Е., Шаулиева С.Т., Мақсұтов С.
                                                                                                                                                                                                                  Қол қою жалғасуда

Рухани тәуелділіктен 
арылмай тұрып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қалай тойламақпыз?!

Керекулік қазақтардың тіл жанашырларын қолдау хаты

Жақында баспасөз беттерінен, ғаламтордан ҚР Мәдениет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыдық. Өкінішке орай Заң жобасын қолдаушылардан гөрі мемлекеттік тілді «қорлаушылар» көбейіп кетті. Қарсы шығушылар қарасының көп болуын әлдебір арам пиғылды топтардың заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған жымысқы әрекеттері деп топшылаймыз. Балабақшаларды қазақтілді ету арқылы – мемлекеттік тілді енгізу керек деген идеяға сол топтар тағы жаппай қарсы шығып, өздерін әшкереледі. Өйткені қазақ тілін еңгізудің ең оңай жолы осы екенін кез-келген ұлт өкілінің түсінері сөзсіз. Яғни олардың (қазақ тіліне қарсы топтың) бүгін де, ертең де, тіпті 20-30 жылдан кейін де қазақ жеріне қазақ тілін кіргізгісі жоқ! Сондықтан бұл жасанды қарсылыққа көңіл аудармау керек.
Осы заң жобасына байланысты қазақ зиялылары бастаған бір топ адам қол қойған Елбасы Н.Назарбаевтың атына жазылған Ашық хат жарияланды. Ашық хатта бәрі анық, айқын көрсетілген. Айтылған талап-тілекті құптаймыз, толық қолдаймыз.
Конституцияның 7 бабының 2 тармағын алып тастау уақыт талабы. Қоғамдық орындарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылмауына осы бап тармағы себеп болып тұр. Неліктен қазақ жерінде тұратын кез-келген адамға тек қана қазақша сөйле деп талап ете алмаймыз! Қазақ жерінде өмір сүре отырып, барған мекемеңе келген шаруаңды мемлекеттік тілде түсіндіре алмайсың! Анығында сені ешкім түсінбейді. Бетіңе бажырая қарайды да «орысша айт, әйтпесе жөніңе кет» деген сыңай танытады. Өзінің Конституциялық құқығын алға тартып «бір тілде, тек орысша сөйлеуге, жұмыс атқаруға құқығым бар» дейтіндерді күнде көріп жүрміз.Ал сонда қазақтілділерге өз тілінде қызмет көрсетілуі Конституцияға қайшы болғаны ма?!
«Үш тұғырлы тілді» балабақ­шадан бастап енгізу тамырымызға балта шабумен тең. Өз тілін табанының астына басып тұрып, өзге тілде сайрап жүрер ұрпақ өсіру – болашақта мемлекеттігімізден айрылғанымыз. Сондықтан бала­бақша ашсақ, ондағы сәбилер тек қана мемлекетттік тілде тәрбиеленуі қажет.
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болды. Басқа ұлт түгіл, өзіміздің қандастарымыз ішінде мемлекеттік тілді әлі күнге дейін үйренбеген, үйренгісі келмейтін адамдар шаш етектен. Оған «кінәлі» «солқылдақ» Заң ғана емес, министрліктердің мәңгүрттенген, жалтақ қызмет­керлері, депутаттардың нем­құрайлылығы. Өйткені заңды ұсы­натын Министрлік, қабылдайтын Парламент.
Ұлттық мәселелерге келгенде билік тізгінін ұстап отырғандардың өзгелерге (басқа ұлт өкілдеріне) жалтақтауы ұят. Тілі тәуелді елдің салт-дәстүрі, мәдениеті күңгірт тартып, ұлттық құндылықтары құрдымға кетеді. Тіліміз тәуелді бола тұра, тәуелсізбіз деп айту мүмкін емес. Сонда Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қалай тойламақпыз?!
«Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деп бабаларымыз тегін айтпаса керек. Елімізде екі тілдің үстемдік құруы елді екіге бөлумен тең, бөлініп те келеді. Бізді біріктіретін тек қана мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Сөзімізді түйіндей келе, қазақ зиялы қауымы, ұлт жанашырларының Елбасы Н.Назарбаевқа тіл мәселе­сіне қатысты жазған Ашық хатын толық қолдайтындығымызды, және Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының алғашқы түпнұсқасын қалдыруын талап ететінімізді жеткіземіз.

 

Бейсенбай тегі Р.З. Тіркелмеген «Халық рухы партиясы» Павлодар ф-лы төрағасының орынбасары, партия атынан (900 адам) «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Павлодар ф-лы төрайымы, ф-л атынан, Жеке кәсіпкер
Сайлау Байбосын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы, «Жас Алаш» газетінің Ақмола, Павлодар облыстарындағы меншікті тілшісі.
Қ.Ж. Нұрбаев Павлодар ПИ деканы, тарих ғ.д.
Төлен Рамазан, қоғам қайраткері, тіл жанашыры
Қайыржан Ахметов, Павлодар облысы Май аудандық
мәслихатының депутаты
Мейрамбек Қызырұлы, Павлодар облысы Май аудандық «Шамшырақ»
газетінің тілшісі
Құрман Тасжанов, Павлодар облысы Май аудандық тарихи-өлкетану
мұражайының директоры
Сейлгазин Кабдрахман «Ұлт тағдыры» РҚБ Павлодар облысы филиалы төрағасы, ф-л атынан
Дәлелхан Әбдіхалық «Руханият» партиясы Павлодар облысы филиалы төрағасы ф-л атынан
Агибаев Замкен «Патриоттар партиясы» Павлодар облысы филиалы төрағасы, ф-л атынан
Алдабергенов Қырықбай Мазанұлы Павлодар Мемлекеттік университеті, тарих ғ.д.
Алдабергенов Еркебұлан «Ұлан» жастар ҚБ төрағасы бірлестік атынан
Тілеуберді Сахаба, тәуелсіз журналист
Гүлзат Мейрамова, облыстық ұстаздар газетінің тілшісі
Айнұр Тоқтархан, мәдениет қызметкері
Ғабит Бөкенбай, тележурналист
Мұратбек Тілеубаев, «Нұр Отан» партиясы Май аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары
Ерғанат Ахметов, Май аудандық ветеринария бөлімінің бастығы
Дәулет Сәденов, жас маман, экономист
Нұрбек Жанпейісов, Май аудандық туберкулезге қарсы аурухана қызметкері
Бақытжамал Бигелдинова, Май аудандық «Шамшырақ» газетінің корректоры
Бағытгүл Есентаева, Май аудандық «Шамшырақ» газетінің есепшісі
Нәзира Қанапина, мемлекеттік қызметкер
Серікхан Жұлдызұлы, мұражай қызметкері
Әлия Кулагина, Май аудандық мәслихатының бас маманы


Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз