МАМАШЕВ «ҰРҒАНЫМ БАР» ДЕГЕН СӨЗІ ҮШІН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

5
1313

мамшев

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев«ұрғаным бар» деген сөзі үшін оралмандардан кешірім сұрады. Естеріңізде болса 6 қыркүек күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында «Этникалық көші-қон: құрылтай шешімдері және жаңа заң» атты дөңгелек үстел өткен болатын. Сол отырыста Т.Мамашев: «Егер нақты ұсыныстарың болса, құдайға шүкір есігіміз ашық. Ал жөні жоқ ана жерге барып, мына жерге барып, телеарналарды айналып, журналистерді жағалап, біздің төңірегімізге су құйып жүрген ағайындар да бар. Біз оның бәрін білеміз. Мен әрі-беріден соң, қазақша айтқанда, ұрғаным бар. Турасын айтайын: әр нәрсенің орны бар. Сыйлап жүрміз бе – сыйластықпен жүріңдер адам сияқты. Ал жөні жоқ есіріп, құтырғанды қою керек» деген еді. Дәл, осы сөзі оралман бауырларымызға қанжардай қадалды. Бүкіл әлемдегі қазақтардың басын қосатын азаматымызды сөзі осы болса, қалғаны қайда барсын?
Қойшы, не дерсің? Арада айға жуық уақыт өткенде ғана сөзінің дұрыс емес екендігі есіне түскен Мамашев мырза арнайы баспасөз міслихатын өткізіп, кешірім сұрады. Оның айтуынша бұл сөз бүкіл елге емес, «нақты адамдарға» бағытталып айтылған екен.
– … Әркім қазақтың сөзін өз деңгейіне қарай түсінеді. «Ұрғаным бар» деген сөз «сендердің у-шуларыңды, арыздарыңды, жала-өтіріктеріңді құлаққа ілмеймін, сендерге дауа жоқ» деген мағынада айтылған. Шу көтеріп, өре түрегелетіндей ештеңе де жоқ. Бүкіл оралман ағайындарға емес, сол жиналыста отырған мына Аут деген ағайын, Рақым деген ағайын – соларға қаратып айттым, – деді Талғат Мамашев.
Тарыдай шашылып, енді қашан жиналамыз дегенде, мынандай сөз естіген қандастарымыз елге оралмақ түгілі, ондай ойдан ат тондарын ала қашары хақ. Өкінішті. Мамашевтың кешірімін бауырларымыз қабыл алар. Олай болмаған жағдайда шынында да елге ораламын деушілер саны азаяры анық…
Ал Рақым, Ауттардың ойла­ғандары – оралман қамы екенін Мамашев мырза ның қаперіне кірер ме екен…

 

Гүлнүр ДОСБОЛ 

5 ПІКІРЛЕР

  1. Айдосқа: Сен сейфолла байғұсты қайтесің, ол тапсырма орындаушы. мықты болсаң тапсыма беруші Сауытбекті шақыр, атысқа, сауытын киіп шықсын, жаны бар болса…

  2. «Мені екі түрлі достарым бар. Біріншісі, сауатты, ұлтшыл азаматтар. Екіншісі, сөз бен істен гөрі жұдырықты жақсы көретін спортшы жігіттер. Қысқасы, бандиттер. Сол бандит достарымның біріне оқыттым бұл мақаланы. «Егеменнің» жалшысы Сейфолла Шойынғазы! Тұрысатын жеріңді айт! деді досым. (кароче, стрелка)
    Менің атым Айдос Жұқанұлы. тел: +7 701 367 21 10, ал досымның атын жұдырықтан соң білерсің.» Абай кз

  3. «Егеменнің» президенті Саутбек Абдрақман орнынан кетсін» деп оралмандар көтеріліп,баспасөз мәслихатын өткізсін.Ақшасын Егеменді сұрап жүрген Уәлихан Қалижан төлейді. Оралмандар жайын жақсы көтергені бар оның депутат кезінде. Какраз уақыты келіп тұр.

  4. «Егемен Қазақстан» газетінде «Өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» деген тақырыпта мәселелі мақала жарық көрді. Мақала авторы, газет тілшісі – Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ мырза»- деп абай кз орынды мәселе көтеріп, бас газетті сынапты. Өте дұрыс. Өзі аз қазақты бөлу ел саясатына қарсы емес пе? Егемен еле қарсы ма? Оралмандар елге қосылған құт қой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз