Қоғам қайраткері Қазақстан халқына ұрынып жүрген шетелдіктерге үндеу жасады

Соңғы уақытта елімізге инвестиция салған шетелдіктер компаниялардың кейбір қызметкерлері, қазба байлығымызға әбден тойынғасын қазақстан азаматтарына жазықсыз байланысып, ұрынулары жиі кездесуде. Былтыр Астанада Абу- Даби кешенінде үнділік азамат еш себепсіз қазақстан азаматын ұрып тастаған еді, одан кейін Ақтөбеде қытайлық азамат полиция қызметкерлеріне күш көрсетіп, еліміздің заңдарына бағынбаған-ды. Енді жуырда Алматыда егде жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін Түркия азаматы жазықсыз сабап тастап кейін кешірім сұрады.

Елімізге келіп тайраңдап, қазақстан халқына жазықсыз ұрынып талтаңдап жүрген шетелдіктерге өз ҮНДЕУІМДІ жариялауды жөн көрдім.

Талғат Қатауов,

Қоғам белсендісі

ҮНДЕУ!

ЕЙ, КЕЛІМСЕК, ТИІСПЕ ҚАЗАҒЫМА!

Ей, келімсек! Қытай, араб, түрік, үнді,

Ардақта, еліме келсең Алашымды!

Әр Қазақ - Менің Жалғызым!

Құрметте, еліме келсең қазағымды!

Жанымыз - арымыздың садағасы,

Ұлтым үшін ең бастысы ары құнды.

Ей, келімсек!

Келгенің ҚАЗАҚ ЕЛІ! Тоқып ал санаңға!

ҚАЗАҚ ЖЕРІ! Уақытша жүрген панаңда!

Есіңді жина! Бұл менің ОТАНЫМ!

Көз алартпа жеріме сен, қағынба,

ЕЛІМДІ сыйла, құрметте ҚАЗАҒЫМДЫ!

Шіренбе, қара сен шаңыраққа!

Ей, келімсек!

Тиіспе ҚАЗАҒЫМА!

Көнбес сенің басынған мазағыңға.

Халқымның намысын таптасаң,

Еліңе көшіреді қас-қағымда.

Байлықты бірге жеп бөліскен

Билік болар, мүмкін сенің жағыңда.

Ұлтымның рухы егер оянса,

Қарамас əскер менен жасағына.

Ей, келімсек!

Тайраңдама, басынба!

Ұлтым сені шығармайды басына.

Еліңнен келгенде тоз-тоз болып,

Сүмірейіп жүруші едің басында.

Жерімнің байлығына тойынып,

Көзіңді шел басып, енді тасынба!

Жүре алмасаң ұлтымды сыйламай,

Еліңді тап, аман-есен шағыңда!

Ей, келімсек! Көк БӨРІДЕН тараған қазақпыз,

Өзгелермен салыстырғанда азақ-пыз.

Алайда, өр мінезді қайсармыз,

Бағынбаймыз, көк Бөрідей азатпыз.

Елге келген қонақты сыйлаймыз,

Бірақта болмаймыз мазақ біз.

Ей, келімсек!

Қазағым менің қонақжай,

Құшағын жаяр бәріне

Халқым менің аңқылдақ,

Сүйрейді бəрін төріне.

Алашым менің бауырмал,

Көтереді бəрін көгіне.

Қонағына жалғыз атын сойып беріп,

Карсы алар, домбырамен төгілте.

Ұлт-ұлысқа ешкімді бөлмейді,

Қарамайды тіл-діні мен түріне.

Ор қазып тиіссең ҚАЗАҚҚА,

Өзін көмер, өзі қазған көріне.

Жосықсыз тиіспейді қасқыр да,

Ұқсаспыз сол себепті БӨРІГЕ.

Талғат Қатауов,

Қазақ үні