АҚЖОЛДЫҚТАР ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРА ӘЗІРЛЕУДІ ҰСЫНДЫ
2018 ж. 21 қыркүйек
2219
0
«Бірқатар шикізаттық облыстардағы шағын және орта бизнес дамуының сәтсіздігі – шикізаттық магнаттарға қатысты мемлекеттік органдардың табандылық танытпауы және заманауи тәсілдерді қолданбауының тікелей салдары» – деп атап көрсеткен Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында Үкіметке өндіруші аймақтарда ШОБ-ті дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды.
«Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін кем дегенде 50% деңгейінде қамтамасыз ету міндетін ұдайы алға қойып келеді. Үкімет бұл бағытта айтарлықтай күш жұмсап отырғанына қарамастан, «Ақ жол» фракциясы олардың теңгерімсіздіктерін айтып көрсетуге мәжбүр – деп атап өтті депутат. Мәселен, кәсіпкерлермен кездесулерердің нәтижесінде бізге берген көңіл қуантарлық есептеріне қарамастан, бірқатар өңірлерде шағын бизнесті несиелендіру кестесінде олқылықтардың барын аңғартты».
Перуашевтың алаңдаушылығын туғызған – бірқатар өңірлердегі шағын және орта бизнестің өте төмен деңгейдегі үлесі. Егер ШОБ-тің экономикадағы жалпы үлесі 27%-ға жуықтаған болса, ал Атырау және Маңғыстау облыстарында ағымдағы жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ол 15%-ды құрайды, ШҚО – 13,5%, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында, тіптен небәрі 10-11%, яғни бұл дегеніміз орташа деңгейден 2,5 есе төмен және де Президенттің келешекке мақсат қойып, бағындырамыз деген деңгейінен 5 есе төмен.
«Мемлекеттік органдар мұндай теңгерімсіздікті осы саладағы ірі өндіруші кәсіпорындардың басымдылығына жатқызып отыр. Алайда, өнеркәсіптік өңірлерде болмағанда, басқа қай жерде ШОБ өндіріс тізбегіне қойылып, ең ірі серіктестерінен тапсырыс алып, өз ісін дөңгелетіп кете алады? Егер бүгінде өзге облыстарда бизнес мемлекеттік сатып алу айналасында күнін көріп келсе, ал бұл аймақтық нарықтарда ШОБ-тың бюджеттен басқа шетелдік инвесторлар мен өндіруші алыптардан тұратын қуатты әрі потенциалды тапсырыс берушілері де бар.
Өткен жылдың күзінде Жер қойнауы кодексін талқылау барысында «Ақ жол» депутаттары шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алуда отандық өндірушілерге артықшылық беру туралы талап еткені кездейсоқтық емес. Дәл осы нормалар өндіруші өңірлерде қазақстандық ШОБ-тің дамуының қайнар көзіне айналуы тиіс. Алайда, оның іске аспауы – жергілікті биліктің де, уәкілетті органның да шикізат алыптарымен жұмыс кезінде қазақстандық қамту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін орындауда жіберілген олқылықтардың барын айғақтайды», – деді Перуашев.
«Ақ жол» жетекшісі жергілікті қамту туралы нормаларды елемей, одан бас тартқан ірі жер қойнауын пайдаланушыларға әсер ету қажет екенін мәлімдеген фракцияның ағымдағы жылғы 18-қаңтардағы сауалын еске сала кетті. Онда өткен жылы ғана ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алуға қатысты отандық кәсіпкерлерден келіп түскен 71 өтініш қаралғанын және келісімшарттық міндеттемелерді бұзу туралы 596 ескертулер жасалғаны туралы мәліметтер көрсетілген. Ұдайы заңды бұзушылар арасында – «Қазақмыс», «ССГПО», «Казцинк», «Ақтөбе мыс компаниясы» және т.б. ірі корпорациялар бар.
Келісімшарт бойынша міндеттемелерге сай қазақстандық қамтудың үлесі 50% немесе одан көп пайызы болған кезде, жекелеген компаниялардың оларды орындауы 0% -дан 2% -ға дейінгі үлесті құраған жағдайлар орын алған.
Үкіметтің осы сауалға берген жауабында 2017 жылдың қорытындысы бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалу барысын, соның ішінде жергілікті қамтуды зерделейтіні және де шаралар қабылдайтыны айтылған болатын. Бірақ, одан кейін ешқандай мәлімдемелер, ақпарат берілмеді.
«Ақжолдықтар» егер осындай ахуал жалғаса беретін болса, біздің табиғи ресурстарға бай облыстардағы шағын және орта бизнес ешқашан Президент белгілеп берген деңгейге жете алмайды деп бағамдауға мәжбүр.
Сонымен қатар, олардың пікірінше, шикізаттық алыптар тек табиғи ресурстардың есебінен пайда таппай, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарды жұмыспен қамтып, жергілікті экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Өйткені, кез-келген ірі кәсіпорын жабдықтар мен материалдарды, құрылыс және жөндеу жұмыстарын, қызмет көрсету және көліктік қызметтерді, қызметкерлерге арналған киім-кешек пен азық-түлікті сатып алады. Дегенмен, шағын және орта бизнестің мұндай төменгі үлесі өндіруші компаниялардың көздегені қазақстандық емес, шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер екенін көрсетеді. Перуашев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Президент халықаралық инвесторлармен қарым-қатынаста Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерінің басымдығына назар аударған еді деп тағы бір мәрте еске салып өтті.
«Бірқатар шикізаттық облыстардағы шағын және орта бизнес дамуының сәтсіздігі – осы бағыттағы кемшін жұмыстардың тікелей салдары. Нәтижеге сүйенсек, кейбір өңірлерде ұлттық экономикалық мүддені ілгерілету үшін шикізаттық магнаттармен қарым-қатынаста табандылық пен заманауи тәсілдерді қолдану жетіспейді», – деді «Ақ жол» көшбасшысы.
Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «Ақ жол» парламенттік фракциясы Үкіметке жағдайды өз бетімен жібермей, қазақстандық қамту бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуға қатысуын, шикізатты қайта өндеу және дайын өнімді өндіруді қоса алғанда өндіруші аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды.
«Ақ жол» депутаттары мұндай тәсіл ШОБ-тағы аймақтық теңгерімсіздікті жеңуге мүмкіндік береріне және өңірлердің дамуына лайықты демеу болатынына сенімді.
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі
qazaquni.kz