Серік МАЛЕЕВ. АНТИКАЗАХИЗМ: ӨЗ МЕМЛЕКЕТІНЕ ҚАРСЫ ОҚ АТҚАНДАРДЫ КІМ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДА?

3
1153


 

   Жақында  Астанаға   «Нұр Отан» партиясының шақыруымен барып қайттым. Астанада қазақ тілін дамытуға және насихаттаудағы қосқан үлесіміз үшін біздің «Алтынорда» сайтына құрмет грамотасы табыс етілді. Сүйтіп біздің сайт жеңімпаз атанды, бұл жеңісіміз менің ойымша өте әділетті және орынды, аз ғана адаммен істеп жатқан еңбегіміз дұрыс бағаланды деп санаймын.

  Енді сіздерге марапаттау қошеметтерінен кейінгі уақытымды астаналық билік дәліздерінде өткізгенімді айтпақпын. Ақорданың шенеуніктері мені қалай қарсы алды, қандай сыймен шығарып салды. Әңгімем сол және басқа  жайлы…

 


САННЫҢ САПАҒА АЙНАЛУЫ:

«Жоғары жақ елді ескіше басқара алмайды,

төмендегілер ескіше өмір сүргісі келмейді»

 

  Сонымен бүгінгі таңдағы мемлекеттік тілдің жағдай қандай? Журналист болғандықтан аймақтарға жиі жолға шығамын. Қазақстанның батысы мен шығысында, оңтүстігінде қазақ тілі бірте-бірте жағдайын жөндеп келеді. Алматыдан жиырма шақырым шықсаң болды,  жан-жағыңнан қазақ тілін жаппай ести бастайсың. Астанадағы президент әкімшілігі мен министрліктердің шенеуніктері екі тілде сайрап тұр. Депутаттардың жағдайы біраз нашарлау, есесіне оларға қызмет жасаушылар қазақ тілін күнделікті өмірде жақсы пайдаланады.

Солтүстік астанамызда мемтілде сөйлейтін гимназиялар мен бала бақшалар саны өсіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, енді аз-маз уақыттан кейін қазақ тілі де-юре жағдайдан де-факто мәртебесіне жетеді. Сондықтан да осы қалыптасқан жаңа жағдайды бекітетін, яғни орнына қоятын заң жобасы қажет. Түптің түбіне келгенде оның да орындалатынына күмән жоқ. Егер Лениннің сөзімен айтатын болсақ қазір елде «жоғары жақ елді ескіше басқара алмайды, төмендегілер ескіше өмір сүргісі келмейді». Елде осы жағдайды байқап отырмыз. Халық өзгерісті талап етеді.

 

Орыстілді БАҚ зеңбіректері неге өзімізге қарсы оқ жаудырды?

   Міне, осы жерде таң қалатын жәйттар,  тіпті ыңғайсыз ұяттау нәрселер шыға бастайды. Белгісіз біреу интернет кеңістігіне тіл туралы заң жобасының жұмысшы мәтінін салып жібереді. Дайындалып жатқан жобалардың ішіндегі ең нашарын салып жіберген! Дереу сол заматта «Русские в Казахстане» деген сайтта ресейлік журналист Максим Акимов дегеннің «Орыстар ояныңдар» деген мақаласы шыға келген. Сол сол-ақ екен, сырттан басталған ақпараттық соғыс жаппай жарияланды. Міне, осы соғыста, біздің мақтап жүрген, «орыстілді  БАҚ-тардан үлгі алыңдар» деп жүрген орыстілді құралдарымыз, біздің мемлекеттік мүддемізді қорғайды деп сеніп жүрген ақпарат құралдарымыз бұл соғыста тас-талқан болып жеңіліс тапты. Олар керісінше, зеңбіректерін өзімізге қарсы бағыттап оқты жаудыртсын келіп…

Тек бір ғана орыстілді ақпарат басылымы  –  «Алтынорда» бұл соғыстан жеңіліссіз шықты. Бірақ, жалпы соғыс қорытындысында біз ұтылдық.

Біздің орыстілді ақпарат құралдарымыздың,  бұл жерде өздерінше өте айлакерлік тактика жасағанын көрмейсің бе. Олар барлық оғы мен улы зәрін Мұхтар Шаханов бастаған топқа бағыттай отырып, мемлекеттік тілді атқылауға оғын аямағаны баршаға көрініп тұрды.

 

                             Кімді ақымаққа санап отыр?

 

   Енді осы ақпараттық соғыстағы шетел жағына шығып кеткен біздің орыстілді БАҚ пен «славян және казак» ұйымдарының дәлелдері мен дәйектеріне келейік.

Бірінші тезис  –  «орыстар туа бітті жайбасар болғандықтан кезкелген тілді меңгеруге бейім емес, қазақ тіліне де қатынасы сондай». Егер бұл тезисті қабылдайтын болсақ, онда Қазақстанда тұратын орыстарды жартыкеш деп кемсіткен болғанымыз ғой? Біле білсек, 19 және 20 ғасырдың басында өмір сүрген орыс интеллигенттері туралы айтылған, олар міндетті түрде бес тіл білуі тиіс деген сөздің бекер болғаны ма? Ғарышқа бірінші болып адам жіберген халықты, қазақ тілін үйрене алмайды дегенге кім сенеді? Мұндай сөзді айтқандарды Қазақстандағы орыстардың ар-намысын қорлағаны үшін сотқа берсе дұрыс болар еді.

Екінші тезис, негізгі.  «Қазақтар осы бағытпен мемтілді ендіруді үдете берсе, елден барлық орыстілділер көшіп кетеді». Мұндай пікірді сандырақ, далбаса демеске лаж жоқ.

Солай дейтін болсақ заңды сұрақ туады  – латыштар өз елінде түгелімен латыш тілінде сөйлейді, неге Латвиядан орыстілділер көшпей жатыр? Армениядан, Эстониядан ше? Неге орыстар міндетті түрде Қазақстаннан көшіп кетуі тиіс? Қазақтардың өз тілінде сөйлегені үшін кетіп қалуы керек пе? Нағыз топасизм емес пе.

Бұл мәселеге басқа жағынан қарасақ, бұл нағыз саяси шантаж екені көрініп тұр. Біздің мемлекетіміздің өзінің орыстілді  БАҚ-ы мен өзінің  «славяндық», «казак» бірлестіктері өзінің  үкіметіне қарсы қатаң ультиматум қойып мемтіл мәселесінде шегінуді талап етіп отыр.

Зәресі ұшқан Ертісбаев мырза осыдан соң «қазақтар үшін қазақ тілінің мәселесі жүз бірінші мәселе» деп былш ете қалды.

   Барлық жауапкершілікпен мәлімдеймін: қазақ тілі қазақ үшін әрқашан бірінші орында болған, бола береді. Қазақтар ана тілін ешуақытта құрбандыққа шалмайды, біреулер оны қаламайды екен деп. Біздің ана тіліміз ешқашан саяси сауданың  мүлкі емес. Болмайды да.

 

                                  АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ:

Арандату артында Ресей елшісі Бочарников тұр ма?

Ал «қасқырларды» қаржыландырған өз билігіміздің ісін не дейміз?

Қазір белгілі болып жатыр, ресейлік ақпараттық көздерінің деректері бойынша «Русские очнитесь» атты мақаланы жазған Максим Акимов деген журналисті Ресейде ешкім танымайтын, естімеген болып шықты. Сірә, бұл персонаж ойдан шығарылса керек. Бұл жағдайдың осылай өрбуі  ресейлік арнаулы қызметтің ісі дегенге саямыз. Сонымен бірге бұл мақаланы талқылау кезіндегі жан-жақтан «атқылау» жұмыстарының өте ұйымдасқан түрде өтуі де күдігімізді күшейтеді.

Осы мәселеге байланысты астаналық дәліздерде мынадай сөз бар, мемтілге байланысты арандатуды ұйымдастырудың артында Ресейдің Қазақстандағы Бочарников мырза бастаған елшілігі деседі.

Айналып келгенде мемтілдің қадірін түсіру науқаны ойда жоқтан пайда болған жоқ. Сондықтан да оның әсері Ресеймен достық қарым-қатынасымызға  келіп тіреледі.

Әйтсе де бұл мәселенің ең жаман, ең қолайсыз  жағы бұл емес. Мәселе, өздерін «орыс», «славян», «казак» ұйымдары, бірлестіктері деп атайтын ұйымдардың, біздің орыстілді БАҚ-да болып отыр.

Бұл мәселе өз бастауын тоқсаныншы жылдардан алады, осы кезге дейін жалғасуда. Сол кезде біздің жас мемлекетіміздің саясатын қолдасын, қарсы шықпасын деген мақсатпен орыстілді басылымдар мен ұйымдардың басшыларына ақша төлей бастады. Анау-мынау емес, мол ақша. Үкімет онымен тоқтаған жоқ, сол ұйымдардың жетекшілері Қазақстан халықтарының Ассамблеясына кіргізілді, жылы да жұмсақ орын берілді. Мысалы, Захаров мырза. Қазір ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының жетекшісінің орынбасары.

Бір сөзбен айтқанда, біздің Ақорданың  «қойшылары» өз жайылымын «қасқырлардан» қорғау мақсатында өте тамаша айла тапты. Өз «бөрібасарлары» мен сырттандарын өсіріп дайындаудың орнына «қасқырларды» ақшамен, шен, лауазыммен сатып алуды жолға қойды. Шынын айту керек, алғашқы кезде бұл әдіс оң нәтиже берді. Тек, «қасқырлар» күш алып өскенше ғана. Бірақ, бұлай шексіз бола беруі мүмкін емес қой.

Сонымен бірге, орасан үлкен мөлшерде қаржы арнасы Ресей жақтан жаңағы біздегі орыстілді басылымдарға, әртүрлі  «славян», «казак» сияқты одақтар мен ұйымдарға, бірлестіктерге ағыла бастады. Ал, олардың мақсаты тіптен қарама-қайшы. Сүйтіп «қасқырлар» екі жақтан бірдей ауыздары майланып, олардың абыройы мен  атақтары өсті.

Міне, осы жағдайдың бір сәтте арты ашылды. Осы кезге дейін Қазақстанның үкіметінен әртүрлі қомақты қаржылы лоттар, мемлекеттік тапсырыстар алып келген жаңағы біздің орыстілді басылымдар мен ұйымдарға  ол ақшалар аздық еткен болса керек, олар ашуланып бәрін ашып тастады. Сірә, Ресей жақтан молырақ келе бастаса керек. Сонымен бірге, қаржының артында белгілі бір міндеттемелер де болуы тиіс қой.

Егер осы қисынды басшылыққа алатын болсақ  көрші елдің Ақордасы басқа бір құпия жобаны жүзеге асырып «Маңырама» деп аталатын даланың «қойларын» уысына алмақ болса керек. Себебі бұл далада ешқандай «бөрібасар»  сырттандар қалмаған.

 

Ақша үшін арандатушылар мен өтірік «казактар», «славяндардан»  басқа орыстарды кім ойлайды?

 

   Бірақ, Қазақстанда басқа да орыстар бар емес пе. Оларға қазақтар да , Ресей жағы да ақша төлеп жатқан жоқ. Олар өз елінің Конституциясын сыйлайды, заңды бұлжытпай орындайды, қазақтармен туысқандық қарым-қатынасы тығыз, ондайлар елімізде басым көпшілік.

Міне, осы жерде заңды сұрақ туындайды  –  неге біз өз азаматтарымызды, өз орыстарымызды, олардың арасында атақты, еңбегі сіңген фамилиялар аз емес, Қазақстан халықтарының Ассамблеясына кіргізбейміз? Неге Ассамблеяға «орыс», «славян» ұйымдарының тізімі бойынша емес, заң жолымен бекітіп Президентке құқық беріп жаңағы атақты азаматтарды кіргізбейміз. Бұл жолдың пайдасы жаңағы Мәскеудің ықпалындағы  «тентек» агенттерге қарағанда көп болар еді.

Несін жасыратыны бар, бүгінгі таңдағы біздің үкіметтің жалпақшешейлігінің көмегімен қаптап кеткен «славян», «казак» ұйымдары ашықтан ашық елді азамат соғысына тартып отыр. Енді ақпараттық соғыс емес, нағыз шын соғысқа. Құдайға шүкір, еліміздегі естияр орыс азаматтарымыз мұндай арандатуға берілген жоқ. Бұл біздің үлкен жетістігіміз. Жаңағы айтқан «орыс», «казак» сияқты ұйымдар мен одақтар жайлы айтатын болсақ, бұл жөнінде КСРО журналистер одағының үш рет лауреаты болған, бұрынғы «Бірлесу» газетінің редакторы Нина Григорьевна Савицкаяның пікірі бойынша бұл кісі өтірік «славяндар мен казактардың» реваншистік идеяларын тіпті қолдамайды. Себебі қазақстандық орыстардың көпшілігі қазақтармен осы елде бірге тұрып, балалары мен немерелерін бірге тату-тәтті өсіруді қалайды.

 

Казактардың тап ретінде отызыншы жылдары Сталин заманында жойылғанын айтқан жөн болар. Сондықтан да қазіргі «казактар» үстіне жылтырақ китель киген фиглярлар десе болады. Олардың артында  ұйымдарын қолдайтын сансыз қолдаушылар бар деп айта алмаймын. Мүшелері бар болған күнде оларға ақша төлеп тұру керек қой. Жетекшілерінің патологиялық сараңдығы мен әдепсіздігіне қарап ондайға сену мүмкін емес.

Олардың жалған «славян», жалған «казак» екендігі жөнінде «Литер» газетінің редакторы Лев Тараков былай дейді: «1996 жылы мен Мәскеуге «Соотечественник» деп аталатын ұйымның конгресіне шақырылдым. Бұл іс-шараны  атақты кинорежиссер Никита Михалков өткізіп басқарды. Маған құрметті қонақ ретінде президиумнан орын берді. Президиумда отырып бір таң қалғаным, залда отырғандардың түрлері мен пошымдары бандиттерден аумайды. Нағыз криминалды топтардың съезі сияқты, олардан интеллигенттіктің исі де шықпайды.

Сонымен алғашқы сөйлеушіге сөз берді. Сөйлеушілер Өзбекстанда, Түрікменстанда, Тәжікстанда жүріп жатқан геноцидтер жайлы айта бастады. Жарайды, мұндай сөздердің жартысына сенген болайын, сөйлеушілердің орыстарға қарсы Украинада жасап жатқан геноциді жайлы айта бастағанда күлкім келді. Орыс пен украиндер бір халық емес пе. Сосын маған сөз берді. Мен Қазақстандағы шын жағдайды, азаматтардың бәрінің бірдей конституциялық құқықтары бар екенін айта бастап едім… Зал ысқырып, айқайлап шулай бастады. Михалковқа қарап шуды тоқтата ма деп бұрылдым. Ол мені кекетіп: «өз үйіңізде отырғандай сезініңіз» деді. Мен де оны кекетіп «мен орыс мәдениетінің нағыз төрінде отырғандай сезініп отырмын» дедім. Сонда ғана Михалковтың қып-қызыл болып ұялғанын көрдім.

Осыдан-ақ байқаған боларсыздар, «славян», «казак» мырзалардың интеллект пен кәдімгі сыпайылықтан әбден жұрдай екенін көрсетеді. Сірә біздің үкімет қорқатын адамдарын білмей жүрген жоқ па? Қателесіп басқаларды қаржыландырып жүрген болар?

Енді менің аузымды ешкім жаба алмайды

 

Сөз соңында өзім істейтін «Алтын орда» сайты, болашақ жоспарымыз жайлы бір-екі сөз.

Біздің сайттың  басты тақырыбы  –  мемтілді одан әрі дамыту және нығайту болып табылады. Сонымен бірге қазақ басылымындарындағы материалдарды орысшаға аудару, сүйтіп екі тіл арқылы азаматтарымызды ынтымақтастыру. Орыстілді азаматтарымызға қазақ ұлтының алдында тұрған проблемаларды жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігін нығайту.

Тағы бір жоба  «Халқымыздың достары» деп аталады. Кеңес заманында Қазақстанға талай «халық жаулары» атанған мұғалімдер, дәрігерлер, профессорлар, академиктер, музыканттар жер аударылған болатын. Міне, осы «халық жаулары» қазақ халқының нағыз достары болды. Олар еліміздің ғылымын, ағарту саласын, медицинасын, опера өнерін дамытты, көтерді. Олар да біз сияқты тойып тамақ ішпеді, азап көрді, осы топырақта өлді. Біз оларды ұмытпауымыз керек.

Сайтымыздың беттерінен қазақ музыкасының жанашыры, насихаттаушысы Петр Васильевич Аравин жайлы айттық. Келесі кезекте композитор Евгений Брусиловский тұр, «Қыз Жібек» операсының авторы. «Абай жолын» бірінші болып аударған Анна Никольская сияқты ардақты азаматтар аз емес.

Сайтымызда «Ел кезекшісі» деген айдармен тұрақты бір тақырып ашып оны жүргізуді Н.Г.Савицкаяға ұсынбақ ойымыз бар. Бұл айдармен елдегі «славяндар мен казактардың» емес, орыстілді азаматтардың проблемаларын айтып отырса.

Басқа да жоспарларымыз аз емес. «Алтын Ордаға» журналистер, аналитиктер, техникалық қызметкерлер керек. Мұның бәрі қаржыны талап етеді. Осы мақсаттар үшін қандай жұмыс болсын, қара жұмыс болса да, істеуге дайынмын.

Осы кезге дейін ұзақ уақыт бойы үндемей келдім. Астана кабинеттерін ұзақ араладым, ар-намысымды жинап қойып жалынып, қол жайып сұрауға дейін бардым. Біз мемлекеттік тілді дамытуға, нығайтуға, ұлттарды бір-бірімен достастыруға жұмыс істеп жүрміз ғой дедім. «Бір  жылдан соң кел, жоқ  20 жылдан соң, дұрысы үш жүз жылдан соң кел, сол кезде мәселең шешіледі» деген жауаптар алдым.

Осы кезге дейін ұзақ уақыт үндемей келгенімді қайталап айтамын. Енді үндемей жүрмек емеспін. Енді барлық бұрыштан, қиылыстан: «Адамдар, көріңдер біздің шенеуніктердің  не істеп жатқанын! Олар сатқындар мен жүзіқараларды қаржыландырып отыр. Осы дауысымды естіңдер, жұртқа жеткізіңдер, еліміздің барлық ауылына, түкпіріне жеткізіңдер. Елімізде не болып жатқанын азаматтарымыз білсін. Егер ертең славяндар мен казактар еліміздің мемлекеттігін жоқ етсе, тілімізден айырса қазақ халқының қарғысы мен ашу-ызасы солардың басына жай болып түссін».

Еліміздегі қазақ тіліндегі мақалаларды орыс тіліне аударумен айналысатын, қазақы ой-пікірлердің таралу кеңістігін кеңейтіп отырған, еліміздегі ұлттардың арасын, достығын байланыстыратын, президенттің бағытын қолдап отырған бірден бір басылымды шенеуніктер неге қолдамай отыр? Олар қазақ халқының, бүкіл қазақстандықтардың мүддесіне қарсы жұмыс жасап жатқан басылымдар мен қоғамдық ұйымдарды қаржыландырып отыр. Біздің шенеуніктер қазақтарды басқа ұлттармен ұрыстырып, бірін бірі өлтіруді жақтайтындарды, біздерді азамат соғысына жетектеп жүргендерге қаржы беріп отыр. Мұндай шенеуніктерді бұдан соң кім деп атауға болады?

                                                   Аударған  С.Жүсіп.

3 ПІКІРЛЕР

  1. Осы мәселеге байланысты астаналық биік мұнаралы дәліздердерде: «мемлекеттік тілге байланысты арандатуды ұйымдастырудың артында Ресейдің Қазақстандағы Бочарников мырза бастаған елшілігі тұр» деген сөз бар.
    ———————————————————–
    Осы сөздің жаны бар секілді. Бочарников мырза оқтын-оқтын Павлодар қаласына келіп тұрады. Ресми емес дереккөздері оның бұл сапарларын Славян мәдени орталығының басшысы Татьяна Кузинаның шақыруымен байланыстырады. Ал атышулы Т.Кузина ханым болса, жергілікті билікке пысқырмайды! Тіпті Қазақстанның бір аумағы Кереку-Баянауыл өңірінің қазақтардың тарихи жері екенін танығысы келмейді. Мәселен, Славян мәдени орталығының атынан В. Вихлянов мырза мен Т. Кузина ханым жазған «Павлодар или…» деген жарияланымда «Именно по настоянию В.И. Ленина Павлодарской уезд Омской губернии России вошел в 1920 году в состав Киргизский Автономной Социалистической Советской Республики, иначе бы остался в Омской губернии Сибирского края и не было бы никаких проблем с переименованием» («Городская недяля» 13.07.2005; «Новое время» 15.09.2005) деп жазып, атажұртымыздың Ресейдің әкімшілік құрамына еніп кеткен бір бөлігінің Қазақстанға қайтарылғанына өкінішін білдірді.
    Сондай-ақ Т. Кузина ханым басқаратын Орталық осы тақылеттес сезім ауанымен жазылған мақалалардан «Павлодарь – не Кереку» атты кітап құрастырып шығарды және іргелі ғылыми зерттеу еңбегі болып табылмайтын жарияланымдар жинағын патшазада Павелдің құрметіне қойылған Павлодар атауын дәріптеудің дәйекті құралы есебінде насихаттады.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында Павлодар мен Петропавловск қалаларының атауына байланысты ұсыныстарға мән бере сөйлегеннен кейін, іле Славян мәдени орталығы қала тұрғындары арасында Павлодар атауы жөнінде пікір жинауды ұйымдастырды, жергілікті тәуелсіз орыстілді басылымдардың мәліметіне қарағанда, олар сауалнамаға жауап берген 5 мың адамның арасынан тек 16-сы ғана (?!) әлгі атаудың ауыстырылуын қолдайтынын «анықтапты»…
    Осы сияқты «антиқазақтық» іс-әрекеттерімен аты шыққан Т. Кузинамен Ресей елшісі Бочарниковтың тығыз қарым-қатынасында үлкен құпия бар секілді.

    Арман ҚАНИ,
    Павлодар қаласы.

  2. бул сасык орыстарга ешкандай сенiм жок. олар шовинист иттер гой. оларды дуние жузi жек коредi. олар дебилдар гой жаксылыкты тусунбейтiн

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз