Мылтықбай Ерімбетов: Фердоусидегі балаларға міндетті түрде хиджаб ки деп отырған ата-анасы емес
2018 ж. 08 қыркүйек
4445
0
Мақтаарал ауданының әкімі
Бахыт Нәсірханұлы Асановқа
Ел құлағы елу. Жұрттың бәрі сауатты. Ақ пен қараны ажырата алады. Футбол ойнаумен іс бітпейді.
Ерсұлтан Әбди фейсбукқа былай деп жазады:
«Мақтаарал ауданы Жаңажол аулыдық округіне қарасты А.Фердауси атындағы жалпы орта мектепте «Спорт бізді біріктіреді!» атты кіші футболдан өткен достық турнирінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі атышулы мектептің ата-аналары мен мектеп әкімшілігін заңға бағынуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді». Бұл мәселенің байыбына бармай жауырды жаба тоқып, жалпақшешейлікке салынған қазақылық деп білемін. Сондықтан елді шулатқан А. Фердауси атындағы тәжік мектебіндегі оқушылардың формасына байланысты әңгімеге қосарым мынау:
Заңды қаталдату керек. Айыппұлды көп салу керек. Ауыл адамдарының арасына іріткі салып жүрген сол ауылдың ұлты тәжік азаматтары екені анық. Оларға тыныштық жақпайды. Себебі, мен өзім жаңа ауылдың адамымын онда да жартылай тәжік тұрады. Мешітте де, мектепте де, дүкендерде де, ауыл жиындарында да артық әңгімені бықсытатын бір-екі бұзықтар бар. Мына ауылда өзінің билігін жүргізгісі келетін және дін мен мектепті шатастырып алған шала молданың тірлігі байқалып тұр. Жамиғи мешітке Қазақстан мұсылмандар басқармасынан ревизия жасау керек. Қаржының қайда кетіп жатқанын (елден жиналған қаржының) тікелей имамнан сұрау керек. Кей ауылдарда екі мешіттен бар біреуі мұсылмандар басқармасына жеке адамның атынан салған адамның атынан тіркеледі де жарғымен жұмыс істейді. Ал Жамиғи мешітте көпшілік ақша жинайды. Билік сайланбалы молданың қолында. Сондықтан солқылдақ діни наным-сенімге толық баға бере алмайтын буыны қатпаған балаларды ұлтына қарамай ата-анасына айтып, мектептен бос уақытында кейде сабақтан қалдырып, мешітке шақыра беретін, намаз оқуды насихаттай беретін жалған білімпаз молдарды судың бетіне шығару керек. Фердоусидегі балаларға діни атрибуттағы киімді міндетті түрде ки деп отырған кім, меніңше ата-анасы емес. Бұл оқиғаның жазылғанына бірнеше күн өтсе де ешкім жазаланған жоқ. Естеріңізде болсын балалар өздері киемін деген жоқ. Ки, килеп отырған біреу бар. Мұқағали айтпақшы:
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен,
Сынауға тіптен құмар кім көрінген.
Бірақ та білесіңбе ей, кім көрінген,
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген.
Аудан әкімшілігі заң орындарының қызметкерлері, ауыл ақсақалдары, ҚР-ның заңын менсінбей отырған кім көрінгендерге (ШАҢЫРАҚҚА ҚАРА!) деп айтатын уақыт келді. Қиын-қыстау кезде Нұр ата тауларынан ашығып көшкен Тәжікстандағы соғыстан безер боп қашқан сөйтіп, Мырзашөлдің құтты қойнауында бауырмал қазақтың көмегімен қоң бітіп, жабағысы көтерілген тәжік және басқа ағайындарға өткен қиын күндерін және қазақтың мейрімділігін, кеңдігін еске алып тұрғанның айыбы жоқ. (Рухани жаңғыру аясында көшпенді, кірме халықтардың қазақ қамқор болған ұлттардың Алғыс айту рәсімдерін бір күндік шаралардан тұтас аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі мағыналы, мәнді жұмысқа айналдыру керек). Сарыағаштағы жалға жылыжайын берген жігітті тәжіктердің өлтіруі Жетісай ауданының Ленин атындағы совхозында тәжік, қазақ қақтығыстары, үйлердің өртенуі (ақша алу үшін өздерінің қораларын қасқана өртегендер бар). Бүлдіршін қызға арам ниетпен қол салу, Алматы барахолкасында жас қазақ қыздарын некелеп, артынан талақ ету фактілері, тәжік және басқа ұлттар өкілдерінің қолымен, ақшаның күшімен сатылған қазақ полицейлерін жәрдемімен жүзеге асып отырғаны бұлтартпас факт. Осының бәрі болған оқиғалар. Мұндай мысалдар жетерлік мен баспасөзге мәлім болғандарын ғана айтып отырмын. Басқа ұлттармен қарым-қатынасты жақсарту үшін мерекелік концерттер емес Адуында Ақсақалдар алқасы әр ауданда құрылу керек. Төре би дейсіз бе, Төбе би дейсің бе өзіңіз білесіз.
Бұл менің оқшау пікірім.
Мылтықбай Ерімбетов,
Қазақ үні