Айгүл Орынбек: Бүкіл Азияға мазақ болдық дұға сұраушылардың арқасында

1
5528

Белгілі заңгер, блогер Айгүл Орынбек қырғыз жігітінің қазақтарға ренжіп айтқан сөзі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Ол жігіттердің көкпар емес, жұмақты аңсап жүргенін айтып, Бекболат Тілеуханнан орнын босатуын талап етті.

«Бекболат аға, Ұлттық спорттың президенті сіз екенсіз ғой! Көкпаршы жігіттеріңіз неге қол жайып, дұға сұрап жүр? Намыс қайда? Аттың құлағында ойнайтын қазақтың ұрпағы қыздардың құлағында ойнайтын болып қалған ба?

Ұлттық спорттың президенті ретінде ақын адам емес, нағыз өз ісінің шебері отыруы керек меніңше!

Жігіттеріңіз әлсіз, көкпар емес, жұмақты аңсап жүрген сияқты ғой дұға сұрап.

Сол себептен, Ұлттық спорттың президенті ретінде Мұхтархан Ділдәбековты қою керек! Бұл кісінің спорттан хабары бар, өзі көкпаршы деп естігенмін.

Әр орында өз ісінің шебері отырған дұрыс. Сол кезде ғана жеңіс болады.

Әйтпесе, бүкіл Азияға мазақ болдық дұға сұраушылардың арқасында.

Сол үшін орныңызды босатып, нағыз жігіттерге беріңіз!

Мен Мұхтархан Ділдәбековті Ұлттық спорт президенті ретінде ұсынамын!», — деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетейік, күні кеше ғана қырғыз жігіті біздің спортшыларға «Өзбектер көкпар шаппаған. Жігітше ойнап кетпейсіңдер ме келген соң. Неменеге саясатты ойынмен араластырасыңдар? Намыстарың қайда?» деп жиналып отырған көкпаршыларға сөйлеп кеткен. Біздікілер қатесін түсінді ме, үндемей отырған. Тек сақалды бірі «дұғада болыңыздар» деп күбірлеген.

Дереккөз: sn.kz

1 Пікір

  1. Міні азамат, алаштан еркек болмаса қаракөз қарындастар ойлаған, қорғаған ел намысын, ұяттан өліп барамын, негізінде министр, ақын, ағайын-туыс басқарғасын ұятты болып жүргеніміз бүгін емес.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз