"БАРЛЫҒЫНА ТҮСІНІКТІ ТІЛДЕ АЙТАЙЫН" деген сөз - ҚҰЛДЫҚ САНА!..
2018 ж. 02 қыркүйек
5864
3
Біз орысшалап, өршелене өз тілімізді үйретпеуге әлекпіз...
Қазақша біле тұра, орысша сайрап отыратын қандастарыма қаным қайнап отыр...
Не деген өз өзімізді ұлт ретінде сыйлай алмайтын сорлы халық едік! Айналасындағы қазақтардың 90 пайызы қазақша білетініне күмәнім жоқ. Қалғандарына қажеттілік тудырушы еді қазақша сөйлесе. Солай бірте, адамдұрысты елдердей мемлекеттік тілді ел болушы едік!
Қазір Хромтаудамын. Қазақ тілінде біраз сөйлескенімізде қазақ емес, орыс ұлты өкілдерінен тек біреуі ғана түсінбеді, оның өзі Ресейден таяуда көшіп келген. Біреуі әжептәуір, акцентпен болса да сөйлесті, қалғандары толық түсініп, өз тілдерінде жауап берді. Бұл европапішіндестер. Ал бізге не көрінді, сонша, соны түсінбеймін? Бір жағынан орыстілділер, "біз білеміз, біз дайынбыз қазақ тіліне өтуге", (шовинистерді санамағанда), деп тұрғандай. Ал біз өршелене келіп, өз тілімізді үйретпеуге әлекпіз, орысшалап?! Дәп КСРО құлағанда, барлық ел егемендің алғанда, біз шыққымыз келмей, кеудеден итергенде ғана ең соңынан амалсыз шыққанымыз секілді... Енді тағы да мұнда шыққымыз да жоқ орыс тілінен... Қандай бейшаралық!!
"Барлығына түсінікті тілде айтайын" деген сөз - тек құлдық сананы бүркеу ғой!..