Көш бастаған «Қазақ үнін» тәулігіне 50 мыңнан астам адам оқиды

«Қазақ үні» ұлттық порталы "Зеро" рейтингінде қазақ тілді ақпарат құралдарының ішінде көш бастап, қазақ, орыс тілдеріндегі 8078 сайттың ішінде 14-орынға тұрақтады. Сайттың қолданушылары тәулігіне 50 мыңнан астам адамды құрайды.

Портал редакциясы әр оқырманның пікірін ескере отырып, алдағы уақытта да ұлттық мүддені ұлықтап, мемлекеттік мүддені қорғап, рухани құндылықтарымыз бен нағыз қазақтық діл мен тіл, дәстүрлі дін бағытындағы жұмысын күшейтіп, әділдік үшін күресе береді.

«Қазақ үні» ұлттық порталы – Қазақстандағы үздік интернет сайт байқауының жеңімпазы!