ГИДТЕРДІҢ АЙТАТЫН СӨЗДЕРІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
2018 ж. 01 қыркүйек
3885
0
Кеше "Қазақ үні" ұлттық порталында ақын, Қазақстан жазушылар одағы басқрмасы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезектің "Бурабайдағы экскурсоводтың сөзі елдің жағасын ұстатты" атты мақаласын жариялаған едік. Оны бір тәулікке жетпей сайтымызда 10 мыңға жуық адам оқып, Фейсбук парақшамызда үлкен талқылауға ұласты. Нәтижесі де көп күттірмеген секілді. Төменде осы мәселе туралы көкшетаулық Мерген Тоқсанбай жазбасын жариялап отырмыз.
Қуаныш Оспан досым екеуміз Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Болатқызы Шөкееваның қабылдауында болып келдік. Бүгінгі демалысқа қарамастан, Гүлжанар Болатқызының бізді шақыруының себебі - кешегі Бурабайда өткен "Ақ ордалы Астана" атты xалықаралық поэзия фестиваліне келген мәртебелі меймандардың алдында жергілікті экскурсовоттардың жіберген өрескел тарихи, саяси қателіктері жөнінде екен. Ақберен Елгезек ағаның көтерген мәселесінен Ақмола облысының әкімдігі хабардар екен. Және алдағы аптада облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Айна Мусралимованың басшылығымен Бурабайда жергілікті ақын-жазушылар мен тарихшылардың қатысуымен үлкен жиналыс өткізейік, соның басы-қасында өздерің болыңдар. Ұйымдастыру шараларына көмектесіңдер, ұсыныстарыңды ортаға салыңдар деп айтты.
Ол жерге демалыс орындарының, жалпы туризмге қатысы бар барлық мекемелердің басшылары шақырылады. Бүкіл гидтерге қазақ, орыс, ағылшын тілінде Көкшетау, Бурабай, Зерендіге қатысты дұрыс мәліметтер таратылып, алдағы уақытта олардың айтатын сөзін қатаң қадағалап, назарда ұстайтын боламыз.
Облыстық ішкі саясат басқармасы, мәдениет басқармасы бәрі осыған жұмыла кіріспекші. Ісіміз берекелі болғай!
Мерген Тоқсанбай
Фейсбук парақшасы
Тақырып тарауы: