Қазыбек ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…

153
62

АУЫЛДЫҢ  КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАЗАҒЫ БІЛЕТІН ОСЫ АҚИХАТҚА  АҚОРДАДАҒЫ  ЕРТІСБАЕВТЫҢ МИЫ ЖЕТПЕСЕ,  ҚАЛАЙ ПРЕЗИДЕНТКЕ КЕҢЕСШІ БОЛЫП ЖҮР?!.

Ұлы ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын тойлап, Қарағандыдан келіп, үйге кірген бетім еді, телефоным шырылдады. «Әлеу» дегенімде ар жақтан: «Қасым Аманжолмын» деген дауысты естіп, аңырып тұрып қалдым. Сәлден соң барып, белгілі тележурналист інімізді танып: «Қасым Аманжолдың 100-жылдығынан  келгенде Қасым Аманжолдың хабарласқаны қызық сәйкестік болды ғой»,- деп, күлісіп алдық. «Стан тв» телеарнасынан келіп отырған тәуелсіз журналист Қасымның алғашқы сұрағы: «Елді шулатып жатқан ұлт зиялыларының үндеуінің мәтінін сіз жазыпсыз. Әсіресе, Конституцияның 7 бабының 2-ші тармағын алып тастау туралы талап елдің көптен күткен қадамы еді…»-деген   сөз болды…

 

ЕЛДІ ЕКІГЕ БӨЛГЕН, ЕЛБАСЫ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ  ЕРТІСБАЕВТАРҒА ЕЖІКТЕЙТІН ЕРЕЖЕ

     Иә, мемлекеттік тіл мүддесін қорғап,   елге белгілі зиялылар түгелге жуық қол қойған Ашық хат қоғамда зор сілкініс туғызды.  Бұл Ашық хат Тәуелсіз елдің 20 жылдан бергі темір төзімінің шегіне жеткендігін көрсетеді. Тіл туралы заңнан бері есептесек, 22 жыл! Осы уақытқа дейін шыдаған елге  біздің шет тілді отандастарымыз көп алғыс айтуы керек. Мен бұл жерде шет тілі деп Ресей мемлекетінің тілін айтып отырмын. Ашық хатқа әрқайсысының артында жүздеген мүшелері бар көптеген қоғамдық ұйымдар басшылары қол қойғанын есептесек, қолдаушылардың саны он мыңдаған адамға жетіп қалатыны анық. Қол қою жалғасуда. Оған көптеген өңірлерден хабарласып, атсалысушылар қарасы күннен күнге молайып келеді. Әр аудан орталығының өзінен қол қоюшылар саны 2-3 мыңға жетіп жатқаны қуантады. Қорытындысы 25 қыркүйекте Алматыда өтетін Мемлекеттік тіл мерекесінде айтылады.

Ал енді ел неге шулап жатыр? Қарапайым жұрт қуануда. Ал  мемлекеттік тілге миы жетпесе де, мемлекеттік қызметте отырған қазақтар бастаған орыстілділердің ой-өресі төмендері  жанталаса қарсылық жасауда. Мемлекеттік тілге, яғни мемлекеттік мүддеге қарсылық жасайтын мемлекеттік қызметкерлер әлемде тек біздің Қазақстанда ғана жазаланбайды, қайта қолдау көреді…  Негізі ел Конституцияда атап көрсетілгендей, 7 баптың 1 тармағында жазылғандай, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген бап неге орындалмайды? Оның орнын орыс тілі туралы 2-ші тармақ неге заңсыз басып алады?»- деп шулау керек еді, 20 жылдан бері… Енді ғана, қазақта ғана болатын темір  төзімнің өзі сыр бере бастағасын бас көтеруде. Онда да бұл қазақ тілінің ертісбаевтары есіп жүрген билікке де, болат- жармаханы, алдамжаровы бар алдамшы оппозицияға да, бибігүл-қыдырәлілері қыдырып жүретін өнер өкілдеріне де керек емес екенін, тек намысты  зиялылар мен қалың қазаққа, Асылы Осман, Клара Хан секілді асылдарға ғана керек екеніне көзі жеткесін…  Ал 7 баптағы 2-ші тармақ Ашық хатта да, талай мақалаларымызда да атап айтылғандай, Конституциялық Кеңес дәл анықтап бергендей, «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөз – «Орыс тілі ресми тіл болып табылады» деген сөз, яғни, статус емес. Яғни, Орыс тілі екінші мемлекеттік тілдің қатарында бола алмайды. Бұл  Конституциялық Кеңестің Парламент депутаттарына берген ресми жауабы, қосымша қаулысы.. Ал бұл Атазаңның 7 бабы, 2-тармағына  берілген соқырға таяқ ұстатқандай анықтама Ертісбаев секілділерге ежіктеп түсіндіретін ережеге айналса, ол заманның ғана емес, қоғамның ғана емес, екі жердегі екінің неше болатынын түсінбей ешкікөзденген ертісбаевтардың сауатсыздығының  айқын дәлелі. Қоғамды екіге бөліп отырғандар, Президент кеңесшісі айтқандай,  Конституциялық мемлекеттік тілдің орындалуын талап етіп отырғандар емес, қайта сол ертісбаевтар. Сонда қаншама айтулы академиктер мен әйгілі ғалымдар, қайраткер-қаламгерлер, білімдар зиялылар Ашық хатқа  қол қойғанда, ежіктесең де ережені түсінбейтін кеңесші Ертісбаевпен  «кеңесуі» керек екен де… Дәл осы 7 баптың 2-ші тармағы  егер Конституцияда жазылмаған болса, Ресей тілінде сөйлейтін Қазақстанның  мемлекеттік тілге миы жетпейтін министрлері мен әкімдері ғана емес,  мемлекеттік қызметкерлері ғана емес,  кез-келген қарапайым азаматтары да мемлекеттік тілді  баяғыда біліп алар еді. Елбасы Жолдауларында айтылғандай, қоғам  мемлекеттік тілдің айналасына бірігу үшін, Тіл туралы мемлекеттік бағдарлама мен «Ел бірлігі» доктринасы талаптары орындалуы үшін  ең алдымен осы 7 баптың 2-ші тармағы алынып тасталуы тиіс. Ертісбаевтың арандатушылық сөздері ең алдымен Елбасының осы тіл саясатына қарсылық болып табылады. Өйткені, Атазаңды өзгертпей,  тілді үйрену – суға түспей жүзуді үйрен дегенмен бірдей…Ауылдың кез-келген қазағы білетін осы ақиқатқа Ақордадағы Ертісбаевтың миы жетпесе, қалай Президентке кеңесші болып жүргеніне таңым бар?!. Мысалы, өзгелерді қайдам,  мен Ертісбаевты ешуақытта өзіме кеңесші қылып алмас едім… қанша жалынса да…

Бұл жерде ертісбаевтарды алаңдатып тұрған елдің жағдайы емес. Ең алдымен Конституцияны, Конституциялық Кеңес жауабын түсінбегені былай тұрсын, мемлекеттік тілге миы жетпейтін өздерінің және балаларының тағдыры. Егер бізден басқа өзін сыйлайтын кез-келген мемлекеттердегідей, мемлекеттік тілді білмесе, мемлекеттік қызметке алынбаса,  ертісбаевтарға еш жерде ешкім жұмыс бермейді, жеке фирмаларда болмаса… Ресей тілінде сөйлейтіндердің ең басты қаупі осы, ел қамы емес… қарабастарының қамы. Ашығын айту керек, Мәдениет министрлігінің мемлекеттік тілдің мүддесін қорғаған заң жобасына қарсы шыққандардың көбісі орыстар не өзге ұлт өкілдері емес, өзіміздің орыс тілді қазақтар. Қарсы шықты деген  5 мыңға жуық адамның көбісі таңнан кешке дейін компьютерде отыратын мемлекеттік тілге миы жетпейтін мемлекеттік қызметкерлер. Және олардың ішінде  бір өзі бір-екі сөзін өзгертіп, көптеген пікірлер жазатын  тролльдарға айналып кеткендері де жетеді. Сонда біздің Мәдениет министрлігі қарап жүріп, үркіп жүрген 5 мыңы 500-ге де жетпей қалады… Оның үстіне ол пікірлердің бәрі тек қана қарсы пікірлер емес… Бұл туралы  Жанұзақ Әкім жақсы дәлел келтіреді: «Егер Астанадағы шенеуніктердің (қатардағылардан бастап Премьер мен Президенттің көмекшісіне дейін) компьютерлерін екі күнге сөндіріп тастаса, заң жобасына қарсылар 70%-ға азаяды. Қалған  20% – ол болашақта оқырмандарынан айырыламыз деп қорыққан орыстілді БАҚ иелері. Бір тәулікте бес мың қол жинаған осылар. «Күшік асырап, ит еттім, ол өзімді қапты»- деген осы. Жауды шеттен іздеудің қажеті жоқ! Ресейдің Сыртқы Істер министрлігі, тағы басқа ресми органдары ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл заң жобасына Ресейдің ешқандай қатысы жоқ. Бұл заң жобасының Қазақстанда тұрып жатқан орыстарға да қатысы шамалы. Себебі мемлекеттік қызметкерлердің 90% қазақтар. Бұл заң жобасы осыларға арналған. Ресейді құбыжық жасаудың қажеті жоқ! Президент Конституцияның кепілі ретінде және мемлекет қауіпсіздігіне жауап беретін бас қолбасшы ретінде заңның орындалуына қарсылық жасаған шенеуніктерді жазалап Конституцияның қағидаларының іске асуын қамтамасыз етуге тиіс.» ( www.qazaquni.kz )

Иә, Президент мемлекеттік мүддеге қарсы шығып, арандатушылық әрекет жасағандарды жазаласа, ең алдымен өзінің кеңесшісі Ертісбаевтан  бастау керек. Осы жерде  егер тірі болса,  биыл  49 жасқа толатын   мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының Ертісбаев туралы ертеде айтылған сөзін келтіре кетуге болады:  «Президентке дос емес, жау іздеп жүрген кеңесшіден Алла сақтасын дегеннен басқа не айтуға болады. Меніңше, мемлекет басшысына саяси жағынан арандататын адамның түкке керегі жоқ, керісінше, Президенттің қасында ұлтты ұйытуға, қоғамды топтастыруға шама-шарқы бар адал адамдар жүруі тиіс. Оның үстіне, қазіргідей алмағайып заманда жау іздеудің ұпай әпере қоймасы және анық. Саясатта қара көрсеткеннің бәрінің бойынан күдіқ іздеу, қандай да бір белсенділік танытқан қоғам мүшелерінен себепті-себепсіз жаулық көру, ел арасынан дұшпандық іздеу бұрын да болған, бірақ, түптеп келгенде,сондай жағдайлардың ақырының орны толмас өкінішке, қайғы-қасіретке ұшырап келгенін тарихтан жақсы білемін…»- депті саясаткер осыдан 9 жыл бұрын… Сонда оншақты жылдан бері тек арандатудан басқа іліп алар ісі жоқ Ертісбаевтан басқа Президентке кеңесші болатын  сауаттылау адам табылмаған ба деп таңғаласың…  Тіпті Ертісбаевың өзінің нан тауып отырған  ең негізгі жұмысына – Президент кеңесшілігіне жауапсыздықпен  қарағанының айқын көрінісі – қоғамда сілкініс тудырған осы зиялылардың үндеуін оқымаған да… Өзінің сауаты жетпегесін, анау айтты-мынау айттымен Президентке жауапсыз да, сауатсыз ақпар бере салуға   бола ма? Егер оқыса, «хатты президент пен премьерге жазбайды, парламентке жазу керек еді. Оған олардың сауаты жетсе…» деп қарап тұрар ма еді… Ашық хат парламентке де арналғанын, онда қос палатаның да төрағаларының аты-жөндері жазылғанын сауаты бар мектеп оқушыларына дейін біледі, тек мемлекеттік тілге миы жетпейтін Президент кеңесшісі Ертісбаевтан басқа… Сондықтан да ол «қатаң шаралар» (строгие меры)  дегенді «крайные меры» деп «түсінген». Міне, бұл жерде тағы да қайталап айтамыз, білдей Президент кеңесшісін масқараға ұшыратып отырған ең алдымен Конституцияның 7 бабының  2-ші тармағының кінәсі зор. Ол болмаса, баяғыда ертісбаевтарың есіп сөйлеп отырар еді қазақ тілінде… Мемлекеттік тілге жетпеген миларын ауыстырудың керегі болмайтын еді  экс-министр ыдырысовтарға… ( «Мемлекеттік тілге  миы жетпегендер қалай министр болады?» www.qazaquni.kz)  Ертісбаевтың өзінің бүкіл елге әшкере болған сауатсыздығын білмей, Үндеу авторларын, әйгілі тұлғаларды  «сауатсыз» деуі… кешірерсіздер,  маймылдың маралды сұрықсыз дегеніндей екен…

Ал мемлекеттік қызметкерлердің 95 пайызы ең болмаса, демалыс сұрап, арыз жазуға сауаттары жетпейтінін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне реформа жасауға кірісіп кеткен Әлихан Бәйменов мәлімдеген болатын… Сонда мемлекеттік  тілде нан сұрай алмайтындар мемлекет тағдырын шешетін мемлекеттік қызметтерде мемлекеттік тілге – мемлекеттік мүддеге қарсы қызмет етіп  отыр…  Қорқынышты емес пе, сіздерге… Ендеше, осыған жеткізген Конституцияның 7 бабы 2 тармағын тезірек алып тастау үшін Үндеуге үн қосыңыз!..

«Неге мемлекеттің ақшасына шығып жатқан, немесе үкіметтен мол тендер алатын «Казахстанская правда», «Литер», «Мегаполис», «Время», «Караван», «Экспресс К», т.б. басылымдар мен интернет порталдар мемлекеттік тіл мүддесін ауызға алмайды? Сынауға бар да қолдауға жоқ. Мемлекеттік тілге қарсы шығып, арандатушылық мақалалар басатын «Мегаполис» секілді басылымдарды қаржыландырудан бас тартатын кез әлдеқашан жетті»-деп Үндеуде айтылғандай, қойған қолынан айныған 3-4 жалтаққұлға  бола  қол қоюшылардың бәрін тап бір әлдекім алдап соғып, орға түсіргендей етіп көрсетіп жатқан басылымдар бар. Дамбалсыз «демократ» Ерғалиеваның  сайты осылай деп, «Почему затлел языковой костер?» атты мақала жазыпты. Бірақ елдің басым пікірі мемлекеттік тілді қолдауда екенін ол сайттың сауалнамасы да жасыра алмапты, құдайға шүкір…  «Как вы относитесь к инициативе исключения статуса русского языка как второго официального языка в Казахстане?» деген сауалға қатысушы 600-ге жуық адамның 497-сі, яғни, 90 пайыздайы «қолдаймын» деп жауап берген. Яғни, біздің Үндеуді қолдайды. Осы жерде сайттың сауалы да сауатсыз екенін айта кету керек. Өйткені Конституцияның 7 бабы 2-ші тармағы орыс тіліне екінші ресми тіл статусын бере  алмайтынын Конституциялық Кеңес айқындап берген.

       Осы мемлекет мүддесін қорғаған Үндеуді ең бірінші басуға тиіс «Егемен Қазақстан» газетінен бастап, мемлекет қаржысына шығып жатқан барлық мемлекеттік басылымдар «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Дала мен қала», «Экспресс К» және ресейлік басылымдардың Қазақстаннан қаржыландырылатын қосымшалары түгел жариялауы керек. Өйткені бұл Шаханов бастаған зиялылардың жеке шаруасы мен жеке мүддесі емес, Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдан бері күтіп келе жатқан тарихи да, заңды да конституциялық әділеттілікті талап етуі.

«Біздің тілімізге қарсы шығуға ешкімнің қақысы жоқ. Өйткені Қазақстанның мемлекеттік  тілі -қазақ тілі.  Ал қазақ тіліне  қарсы шықты деген сөз, ол қазаққа  қарсы шықты деген сөз» – дейді заңғар заңгеріміз, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев «Жас қазақ үні» газетіне берген сұқбатында.  Мүмкін, мемлекеттік тілді түсінбейтін,  Ата заңды білмейтін, ата жолды көзіне ілмейтін, Конституциялық Кеңесті тыңдамайтын, Президенттің өзіне қалай болса, солай ақпар бере салатын Президент кеңесшісі Ертісбаев заңгер-академиктің заңдық сауаты туралы да   бірнәрсе айтар…

 

БИЛІКПЕН АУЫЗ ЖАЛАСҚАН ОППОЗИЦИЯ

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ҚАРСЫЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ…

      Қазір Қазақ тіліне қарай жасалған әр қадамды қуана қарсы алуымыз керек. Қандай да шенеунік не саясаткер, не кез-келген ұйым мен жеке азамат болсын, қазақша сөйлеуге тырысса, қазақ мүддесіне болысса, қақпайламай, қолдау керек. «Ақ жол»  нақты қадам жасауда.  Партиялардың ішінде бірінші болып мемлекеттік тілдің рөлін өсіру туралы және Үндеуді  толық қолдайтыны жөнінде Президиум Мәлімдемесін жариялады. «Ақ жол» сөзден іске көшті. Азат  Перуашев сөзінде тұратын істің адамы, іскер саясаткер екенін көрсетуде. Ау, қаптаған мәдениет пен өнер өкілдерінің, зиялылардың, қазақ тілімен нан тауып отырған қазақ жазушыларының, журналистерінің, кейбір қазақ басылымдары бас редакторларының  өзі қашып отырған жоқ па, Үндеуге үн қатудан және қол қоюдан…  Билік партиясы «Нұр Отанда» ұлттық мүддеге келгенде үн жоқ немесе әдеттегідей қарсы шығады.

Біздің орысқұл  биліктен еш айырмашылығы жоқ орысқұл оппозициямыз бар.  «Азат» партиясының жетекшілері жетекке де ерер емес.. кері тартуда… Болат – Жармаханның Конституцияның 7 бабының 2-ші тармағын алып тастауға қарсы болып, қойған қолдарынан тайқып кетуі  олардың шын бет-бейнелерін көрсетеді. «Азат» партиясы Бас хатшысы, өзі ақын Әміржан Қосанов мемлекеттік тіл мүддесін қорғаған Үндеуге қол қоюға қарсы болып, бас тартты.  Жоғарыдағы аты аталған саясаткерлер секілді Қазақстан Коммунистік партиясының төрағасы Ғазиз Алдамжаровтың үндеудегі қолынан тайқып кетуіне  немесе мемлекеттік тіл мүддесін шешетін Конституциялық бапты өзгертуден ат-тонын ала қашуына қарап, баяғы кеңестік коммунистік пиғылдан алшақтай қоймағандар Алдамжаров қана емес екеніне көз жеткіземіз.  Әшейінде қазақ тілі туралы мақалалар жазып жүретін Жасарал Қуанышәлиннің қазақ тілін қолдауды талап еткен Үндеуге қол қоюдан бас тартуын қалай түсінуге болады?  Жанболат Мамай болса, қазақ тілін қолдауға қарсы болып қана қоймай,  биліктің  айтуымен телеарнада орыс тілін қолдап, сұңқылдап сұхбат берді. Ал осы өздерін оппозиция жетекшілері санайтын саясаткерлер мен Әблязовтың қамқорлығындағы радикал партиялардың, басылымдар мен интернет порталдардың  биліктің сұрқылтайы,  Президент кеңесшісі Ертісбаевпен «үндеушілердің антиконституциялық әрекеті» туралы сөздері мен ойлары бір жерден шығып, билікпен ауыз жаласа қалуын  қалай түсінеміз? Конституцияға реформа жасау керек деп ертелі-кеш жалықпай айтатын М.Әблязов енді неге мәлімдемесінде   мемлекеттік һәм ұлттық мүддені қорғайтын Конституциялық өзгеріс жасауға шақырған Үндеуге  қарсы «азаттықтар» сияқты ертісбаевтың алдына түсіп алып, шабалана  шабады? Олардың ұлттық мүддеге қарсы пиғылдары әшкере болған сайын, онсыз да оңып тұрмаған сайлаушылар алдындағы саяси рәпеттері қандай болады?

Мәжіліс депутаттары  М.Тінікеев, И.Елекеев, Б.Сыздықова сияқты өз тіліне, ұлтына қарсылар бүкіл елге әшкере болуда.  Ал В.Нехорошеев,  Ж.Сүлейменов секілді депутаттар нағыз мемлекетшіл саясаткерлерге тән қайрат көрсетуде… Тіпті, қазақ тілді басылымдардың  тұрақты сынына ілініп жүретін  депутатымыз Т.Бердіоңғаровтың да беті бері оңғарыла бастап, «балабақшалар мен мектептер 100 пайыз қазақша болуы керек» деп жатқанда, И.Елекеевтың«Ақ жол» партиясының Үндеуге қол қойғанына, қазақтың жартысы қырылған зұлмат ашаршылыққа Кеңес Одағы мен коммунистердің кінәлі екендігін   мәлімдеуіне қарсы шығуын мемлекет пен ұлт мүддесіне қарсылық дегеннен басқа не деу керек?

Билік бишігін көтерсе, Конституцияға  бірер минутта қалай өзгеріс енгізе салғанын білмей қалатын  парламенттің қос төрағасы да жарыса жағымпаздықтың үлгісін көрсетуде. Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов енді  мемлекеттік мүддеге келгенде: «Не надо лезть в Конституцию!» деп қалыпты…  Ал Сенат төрағасы  Қайрат Мәми тіпті орыс журналистерін жинап алып, «Парламент биыл да, таяу болашақта да Конституцияға өзгеріс енгізіп, орыс тіліне қиянат жасамайды» деп «ант» беріпті… Ұлт мүддесіне келгенде құлдық саналы Парламент төрағалары Оралдың оралымсыз, Қайраттың қайратсыз екені бұрыннан белгілі ғой… Жалпы, билік «жат» десе – жататын, «тұр» деуді ұмытып кетсе, жата беретін жалтаққұл парламенттен, қазақ тілі мен қазақ мүддесіне қарсылығымен белгілі нұротандық парламенттен  бірнәрсе күтудің өзі күлкілі…  Алда, байғұстар-ай дегенді…  осы біздің депутаттарға қарап айтқан ғой деймін атам қазақ…  Ал «ерлер көп әйел алса, мен де көп байға тиемін» деп парламентте мәлімдеген (біліп қойыңыздар, бізде осындай да депутаттар бар), екі қолы алдына сыймағасын «Екі жұлдызда» ербеңдеп әндетіп жүретін Бақыт Сыздықоваға сөз шығындаудың да керегі жоқ шығар…

Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев бастаған бірқатар лауазымды шенеуніктер шет тілін – Ресей тілін қолдау арқылы  өз тіліне – мемлекеттік тіл мүддесіне қарсы шығуда.  Таразының бір басын бассаң, екінші жағы жеңілдейтінін кез-келген дипломсыз жандар да  біледі. Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов:  «Қоғамның мүддесі керек қой. М.Шахановтың мүддесі емес. Қоғамның мүддесі болуға тиісті. Иа, ол рас қазақ тілін дамыту керек. Бірақ, оның бірінші жолын табу керек» дейді 7 арнаның сауалына жауабында.  Ресей тілінде аузымен құс тістеген Құсдәулетовтың өз мемлекетінің тілінде шатып-бұтып не айтқысы келгені түсінбедік…Мемлекеттік тіл мүддесі тек Шахановтың мүддесі деген соқыр түсінікте жүріп,  сондай жоғарыда қызмет істеу, Әділет министрлігі басшылығында отырып, әділетсіз сөз айту біздің елде ғана болатын жағдай, мырзалар.

Кеше ғана даңқты әншілерінің қолын Үндеуден көріп, қазаққа болысқан қадамына қатты  қуанған қарапайым халыққа бүгін айнып кеткен Бибігүл Төлегенова апайымыз не дейді? Кеңес Одағының әртісі кеңес кезіндегі қожайын тілі – орыс тілінен айрылғысы келмейтіні неліктен?.. Өзінің орыс тіліне деген адалдығын дәлелдеу үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, немерелерімен жасты намысты ұл-қыздардың қарсылығына ұшырап, «дүбара» деген ат алып,  масқара болу, 80 жыл жинаған абыройдан 8 минутта айрылу қандай қасырет еді десейші… Ең ауыры Қазақ бұлбұлы атанған әншіміздің , бүгінде билік “бұлбұлдарының” әуеніне қосылам деп,,   сарай бұлбұлына  айналып кеткенін көру қандай аянышты еді…

Еліміздегі бірінші коммунист Ғазиз Алдамжаровта   да,  бұрынғы қызыл коммунистер, Мәжілісте қазақ тіліне қарсы шыққан Жармахан мен «ұлтты төлқұжаттан алып тастайық» деп, орыс тілінің шашбауын көтерген Болатта да, қазақ бұлбұлы атанған әншіміз, бүгінде билік «бұлбұлының» әуеніне қосылып,   сарай бұлбұлына  айналып кеткен Бибігүл Төлегеновада да, бесіктен белі шықпай жатып, билікке жағымпаздықтан бірінші орынды бермейтін Қыдырәлі  Болманда да баяғы отарлық езгіден қалған құлдық құлқын ұлттық рухқа орын қалдырмаған секілді…

Ал қазақ тілі туралы қазақтардан жақсы айтып жүрген Г.Бельгердің де жеме-жемге келгенде Үндеуге қол қоймағанымен қоймай,  «Қазақ тілін қос қолдап қолдаймын» деген «Айқындағы» айқын пікірінен айнып кетіп, басқаша сайрап отырғаны қалай? Сонда «екі қолдап қолдаудың»  екі жүзділікке  жалғасып кеткені ме бұл?..

 

ҰЛТШЫЛ ЗИЯЛЫЛАРҒА ЖАЛА ЖАБУШЫЛАР – ҰЛТҚА ҚАРСЫЛАР!

          Өздерін оппозицияшылдармыз деп көрсеткісі келетіндер ел алдында ұлттық мүддеге қарсы шын мәніндегі пиғылдары әшкере болғасын,  оны қалай бүркемелеу керектігін әдеттегі жолмен айқындап алыпты… Өздеріне қосылмағандарға қолданатын ескі әдістері: «олар биліктің тапсырмасын орындап отыр» деген жала таратуды енді ұлт зиялыларына да қолдануда. «Тіл туралы үндеуді  Шаханов тобы  биліктің тапсырмасын орындап,  негізгі күрделі мәселелерден, Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі  т.б. оқиғалардан ел көңілін аударып алып кету үшін жасап отыр», т.б. неше түрлі өсектерді соғуда. Тіпті, тісі саясатпен сарғайған сақа саясаткерлердің ішінде де өзім хабарласқан кейбіреулері  «мен осылай ойлаймын» деп, үндеуге қол қоюдан бас тартуда…  Бұған не дерсің? Сонда олар үшін мемлекеттік тіл мүддесі – мемлекет мүддесі – тұтас  ұлт тағдыры мен намысы екінші, үшінші кезектегі мәселе екен, әйтеуір негізгі емес екен…  Ғасырлар бойы күткен Тәуелсіздіктің ең басты белгілерінің  бірегейі – әркім қастер тұтуы тиіс мемлекеттік тіл туралы бұндай сөз айтқан саясаткерлерді, мейлі билікте болсын, мейлі оппозицияда болсын,  өзге елдерде, мысалы Өзбекстанда ит қосып қуады… Оларға айтарым, «қарынының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын қазақ» екенімізді ұмытпайық. Осыдан 25 жыл бұрын бүкіл Кеңес одағының керегесін күйретуге бастама болған Желтоқсан көтерілісі қарынның қамын ойлап шыққан жоқ алаңға… Ұлттық намыс, Ұлттық мүдде мен Ұлт тілі үшін ұрандады!

Қасым Аманжол бастаған журналистердің де маған  негізгі қойған сұрақтары осы «биліктің тапсырмасы»  туралы болды. Мен бұған таңғалдым. Тілім  деп, ұлтым деп шырылдап жүрген әлемге әйгілі ақын Мұқтар Шаханов қалай биліктің тапсырмасын орындайды, егер ең бірінші ол кісіге мен шығып, Үндеу жайлы ұсыныс жасасам…  «Орыс тіліндегі екі-үш басылымның сынына бола Мәдениет министрлігі тіл туралы заң жобасынан негізгі бапты алып тастады. Біз қайта қостыру үшін осы күйіп тұрған мәселеге үн қатайық» деп телефон шалдым. Мұқаң өзінің шаршап жүргенін айтып, «Онда өзің жаз мәтінін, кейін талқылап, зиялыларға қол қойдырамыз» деді.  Осылай басталды Үндеу жариялау бастамасы. «Жалын» журналы редакциясында ел зиялылары жиналып, үндеу мәтіні талқыланды. Маңызды деген  мәселелер қосылды. Бар болғаны сол. Бұл жерде мені «билік» деп ойламасаңыздар, ешқандай жоғарының нұсқауы болған жоқ деп кепілдік бере аламын.  Егер билік өзі тапсырма берсе, Үндеуге Президент кеңесшісінен бастап, тайлы-таяғына дейін қарсы шыға ма?  Шахановтың үстінен неше түрлі жала материалдар да қаптап жатқанын жақсы білесіздер… Өтірік болса да,  қисын деген болсайшы? Ал біреудің   тапсырмасын орындайтындай  Мұқтар Шаханов «Алжасқан» жоқ…

Кейде маған ой келеді, осы Мұқтар Шаханов болмаса, қайтер едік деген… Ел кімнің артынан ерер еді… Біздің білдей саясаткерлер үшін «кейінгі кезектегі мәселе» – тілдің, ұлттың зарын айтқан қайраткерлерді кім бастар еді?.. Бұл менің ғана емес, билікте де жүрген ұлтшыл саясаткерлердің де ойы  болса керек… Елдің бәрі Ертісбаев емес қой…

Мемлекеттік тілге қарсы, бір кездегі қожайын тілді – орыс тілін қолдаушы құлдарды  қазір бәрі біліп отыр. Кезінде 2004 жылы қазақ тіліне қарсы шыққан депутаттардың (90 пайызы қазақтар) қара тізімін жариялап, қоғамда сең қозғаған «Жас қазақ үні» газеті   мемлекеттік мүддеге қарсыларды әр санында әшкерелеп отырады. Ертең ұрпақтары «өз тіліңе де қарсы шығуға бола ма? Бұл елге деген ең үлкен сатқындық қой» деп, беттеріне басу үшін барлық қазақтілді басылымдар солай ететініне сенемін.

     Мемлекеттік тілге қарсылар – мемлекетке қарсылар!  Мұндай құлдық құлқынмен бейшара болып отырған біздің мемлекеттен  басқа өзін өзі сыйлайтын барлық елде солай саналады. Сондықтан Конституцияның 7 бабы, 2-ші тармағын алып тастау керек!

       Құл болмай, ұл болсаң,  Үндеуге үн қат,  қол қой!  02 қазанда  Алматыда «Сарыарқа» кинотеатрының артында өтетін Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған Қазақ елінің  Мемлекеттік тіл митингісінен табыл!

Қазыбек ИСА,

Qazaquni.kz

                                                                             

 

 

 

 

 

 

153 ПІКІРЛЕР

  1. «Іңкәр Әлем» атымен жазып жүретін фейсбуктегі бір қарындасым былай деп коммент қалдырыпты мына постқа. Ойланып қалдым.

    «Мемлекеттік тіл – Қазақ тілінің қадірін енді біліп қалдыңыз ба, Әміржан аға? Ана жылы 2011 жылы Мұқтар Шаxанов бастаған Қазақ тілін қолдап, Конституцияның орыс тілі туралы 7 бабының 2 тармағын алып тастауды талап еткен әйгілі 138-дің Ашық xатына қол қоюдан бас тартқаныңыз кезінде Абайкз сайтына шыққан еді. Қазақ тілін қолдаған Ашық xатқа қарсы болғандардың басында Жасарал Куанышалин, Жанболат Мамайлар да бар еді, олар да кісі болып, сөз айтып жүр қазір.
    Мен егер сіз Басқа кез келген партияның не ұйымның атынан үміткер болсаңыз ешнәрсе демей-ақ қоятын едім. Бірақ мемлекеттік тілімуз үшін күресіп келе жатқан «Ұлт тағдыры» ұйымының атынан Ұлт тілін қолдамаған кандидат шығып жатқан соң, айтып жатқаным ғой, айып етпессіз ағасы.

  2. Қазыбектің жазығы -тек шындықты шыжғырып, айтқаны, ана тілге ақырыптеңдік сұрағаны ғой»

  3. бір тілді кириллицамен сүйреңдеп әзер-әзер сақау балаша меңгеріп келе жатқанда,енді латынға мінгесіп,шабы айырылмаса бопты.

  4. Осыжагдайга мембасшылар кыналы, халыктын назарын баска жакка аударып, латынды суйреп жургендеры де сол алдаркату тырлыгы, баска тукте емес. Латынга кошпейды ешкым, аншейын бызды алдаган саяси ойынгой.

  5. Сөзден іске көшетін уақыт келді, дұрыстап ұйымдастырыңдар, барамыз тек ертерек айту керек,тілден аярым жоқ, тілдің жағдайын айтқанда көз қанталайды, зығырданың қайнайды,ыза деген әбден шырқау шегіне жетті, шала қазақтарды аттың бауырына алатын күн туса мен дайын!

  6. Ана тілінде сқлемейтін, ана тіліне қарсы шығатын ақын Алжас Сулейменов бар еді, енді министр Сулейменов шығыпты ғой…

  7. Мемлекеттік тілді білмесе, мемлекеттік қызметке алынбау туралы заң қабылдау керек!

  8. Орысқұл билік тұрғанда орыс тілі орнын бермейді! Ол үшін Атазаңды өзгерту үшін заңды митингіге шығуымыз керек!

  9. НАЗАРБАЕВА ПРИЗВАЛИ ГОВОРИТЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО НА ГОСУДАРСТВЕННОМ ЯЗЫКЕ (видео)
    Нұрсұлтан Әбішұлы, можете ли Вы представить ситуацию, когда президент, правительство, парламент России ведут свои заседания на казахском языке? Абсурд, не так ли? А почему нынешняя ситуация с государственным языком в КЗ не кажется нашим чиновникам и народным избранникам такой же абсурдной? Ведь с них берет пример молодежь?
    http://www.qazaquni.kz/2016/07/18/55326.html

  10. тек бірғана жолы бар қазақ мектепке баратын ұл-қыздарымыз бірінші әдебиеті кіинен ағылшын физика математика химия пәндерін жетік меңгерсе жайлап орыс тілі қалады екінші үлкен мәселе қыздарымыздың әр дайым құлақтарына ұлтың намысын құйып отру керек себебі қыздарымыз ағылшын тілін тез меңгереп деп шетелдіктердің қолтықтарына кіріп кетіп намыстарын былғап алмау керек үшіншіден жастарымыз білікті мықты білгір алқыр жан-жақты оишыл болмағаншы біздер орыс пен қытайға жалтақтап жасай береміз бір бірімізге олай істеу керек бұлай істеу керек деп отырғаның орнына кунде ұл-қыздарымызға қазақ тарихын ағылшын математика физика химия пандерін жетік үиретик

  11. Жасарал қазақ тілін қорғаған 138-дің хатына қол қоймай қашты, шын бет-бейнесі әшкере болды. Бейшара орысқұл екен ғой ол да…

  12. Еліме дәл бүгін ие кім?
    Сенеді кім тілсіз құлдарға?
    Ұлты үшін күйетін, сүйетін,
    Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?
    Тура айтыпты Қазекең…

  13. Болат мырза дұрыс айтады: «Белинский ана тілін сыйламайтын орыс зиялыларын итке теңестірді, Бауыржан Момышұлы ондай қазақтарды сатқын деді, Расул Ғамзатов ана тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын деді, Сәкен Сейфуллин 20-жылдары кеңсе жұмыстарын қазақша жүргізу керек деді, Мұхтар Шаханов ондайларды жартыкеш адам деп шырылдап-ақ жүр.Көпшілігінің тілі де,ділі де, жаны да, отбасы мүшелері де орыстанған мемлекетіміздің билік басшыларынан не қайыр,не үміт?» Бұған қосрарымыз, ал Қазыбек Иса ана тілін білмегендерді мисыз, орысқұл деп атады. Айтпақшы, «орысқұл» деген Қазыбектің сөзі осыдан соң жалпыхалықтық теңеу-терминге айналып кетті.

  14. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ – тауып айтқан сөз

  15. Маймөңкелемей турасын айтпайсыздар ма … Бәрі бірінші Алла болса , екінші Елбасының қолында емес пе ?!!!

  16. Тама тантып кетіпті… Ата-бабаңның кезінде үстемдік ететін орыс тілі болған жоқ, заңның да қажеті болған жоқ. Адам деген сөйлегенде сәл ойланып сөйлесе болады ғой…

  17. БІЗДІҢ ТІЛІМІЗДІ КЕРЕК ҚЫЛМАҒАНЫ – ЕЛІМІЗДІ, ЕЛБАСЫМЫЗДЫ БАСЫНҒАНЫ ДЕП БІЛЕДІ ЕЛ. БЕЙШАРА ЕЛ БОЛҒАН СОҢ, СЕНІҢ ТІЛІҢДІ ЕШКІМ КЕРЕК ҚЫЛМАЙДЫ!

  18. Көк туға жеткенмен көш кеше,
    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
    Алаңда шешілер барлығы…

  19. ҚАЖЫМҰХАН .
    Сөзі , әні .
    Жігерлі . Серікбай Маханұлынікі .

    Әлемге әйгілісің Қажымұхан ,
    Сан қилы күрестердің тағын алған .
    Қан майдан – соғыс жылы Отанына
    Самолет жасау үшін қаржы салған .

    Қайырмасы :
    Неткен күш тұла бойдан тасыған ,
    Өнерін тақ үстінде асырған .
    Поддубный досы болып күресте
    Күш ата жаратылдың асылдан ,
    Қажымұхан .

    Күрестен сан палуан құлағанда ,
    Иленді сом темірлер бұрағанда .
    Быт – шыт боп үгетілді таудай тастар
    Кеудеден қос балғамен ұрғанында .

    Қайырмасы :
    Үлгі боп өткен өмір жылдарыңа ,
    Ашылды мұра жайың ұрпағыңа .
    Құрметпен жылда өтер үлкен жарыс
    Қазақтың сайыпкерлер құрамына .

    Қайырмасы :

  20. ӨЗБЕК ҚЫЗЫ ЗУХРА .
    Сөзі , әні .
    Көңілді , еркін . Серікбай Маханұлынікі .

    Қара көзің мөп – мөлдір , қиғаш қасың ,
    Жарасады көп өрім ұзын шашың .
    Өзбек қызы , мінезің көркіңе сай ,
    Бір қазақтың жүрегін баурап алдың .

    Қайырмасы :
    Сандуғаштай сайраған ,
    Тамсамдырып ән салған .
    Өзбек қызы – Зухра қыз
    Қандай бақыт ойласаң .
    Өзге емес , бір саған ,
    Тамды Аруын сыйлаған .
    Осы әнін Шәмші де ,
    Саған арнап салдырған .

    Жаратылған келбетің сұлу мүсін ,
    Ғашық болған жігіттің сөзін түсін .
    Сағындырған қазақтың серілігін
    Таныс еттің өмірге сенім күшін .

    Қайырмасы :
    Неткен тұнық білімнің жолын тостың ,
    Еңбек етіп , еліңнің жырын қостың .
    Дәріс беріп , ұстаз боп шәкірттерге
    Ағылшынның тілінің сырын аштың .

    Қайырмасы :

  21. Белинский ана тілін сыйламайтын орыс зиялыларын итке теңестірді, Бауыржан Момышұлы ондай қазақтарды сатқын деді, Расул Ғамзатов ана тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын деді, Сәкен Сейфуллин 20-жылдары кеңсе жұмыстарын қазақша жүргізу керек деді, Мұхтар Шаханов ондайларды жартыкеш адам деп шырылдап-ақ жүр.Көпшілігінің тілі де,ділі де, жаны да, отбасы мүшелері де орыстанған мемлекетіміздің билік басшыларынан не қайыр,не үміт?

  22. Ығысқан көп өзге тілдің жағына,
    Ресей тілін сіңдіргендер қанына.
    Ұлт намысын сезінбеген адамның,
    Қазақ зары қайдан батсын жанына.

  23. Бізден сан ғасыр бұрын өмір сүрген Майқы бабамыз айтқан»ұрпағым сары қағаздың құлы болады»-деп,яғни,ақшаның құлы. Ақшаға құл болмағандар тек қарапайым халықтың арасынан табылар,әлі де,ал ақшаның дәмін татқан,оның құлына айналғандар,жоғарыдағылар үшін сенің ұлттық құндылығың,тілің,дініңнің құны «көк тиын»

  24. Мен қазақ тілін білмейтін Е. Ертысббаевтың мәдениет министрі болғанда жағамды устадым. Ол президеттің кеңесіші болғпнда біратыла түңілдім.

  25. ҚАЗАҚ САНАСЫНА СІЛКІНІС ҚАЖЕТ
    « Егемен болмай, ел болмас».
    Махамбет
    Егемен ел – Тәуелсіз ел
    20 жыл бойы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі басқа мемлекеттердегідей жалпы халықтық көтеріңкі көңіл-күймен тойланған емес. Меніңше, бұның үш себебі бар. Біріншіден: Еуропалық жаңа жылдың көлеңкесінде қалуы. Екіншіден: Қызыл империяның қабырғасын сөккен дербестік жолында құрбан болған, асқақ рухты қазақ жастарының жадымыздан өшпес орын алуы. Үшіншіден: желтоқсан айындағы ауа райының қолайсыздығы. Оған 2012 жылдың желтоқсаны нақты дәлел бола алады. Осы жылы ауа райының өрескел аяздығына байланысты Қазақстан тереториясында Тәуелсіздік мерекесі тойланбай қалды. Бұл біздің ұлттығымызға, елдігімізге сын. Сондықтан, Тәуелсіздік күнін нақтылап өз орнына қойғанымыз абзал. Қазақ елі өзінің Егемендігін 1990 жылы 25 қазанда қабылдағаны мәлім. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып…
    Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып,
    ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып,
    Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» – деп 17 бөлімнен тұратын құжатты бекітеді. Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституциясының жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылады. Ал, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабындағы 1,2 тармағында «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» – деп көрсеткен. Осынау, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған егемендік туралы Деклорация мен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция да ТӘУЕЛСІЗ деген сөз бірде-бір рет қолданылмаған. Демек, Егемендік пен Тәуелсіздік – егіз ұғым. Махамбет бабамыздың «Егемен болмай ел болмас» – деуі тәуелсіз, дербес ел болуды аңсауы. Сондықтан, 25 қазан күнін Тәуелсіздік һәм Республика күні ретінде тойлауды, ал 16-17 желтоқсанды «ҚАЗАҚ РУХЫ» күні деп атап белгілеуді ұсынамын.Жалпы егемен ел ретінде түзетеріміз баршылық. «Кеңесіп пішкен тон, келте болмайды»-деген ғой бабаларымыз.
    ТЕКТІЛІГІМІЗДІ ТАНЫТЫП ТЕГІМІЗДІ ТҮЗЕЙІК
    ОВ,ЕВ,ИНдерден қайтсек құтыламыз? Осы бір тақырып Ақмет Байтұрсынұлының бастауымен 1915 жылдан бері жазылып келеді ,оған үш жылдан соң 100 жыл болады.1996 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» жарлығы шықты.Бұл Жарлықта «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып,өзгертуге хақылы,алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс.Бұл реттеәкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері бірге жазылады» делінген.Осы арада азаматтардың аты-жөнінің «ұлы», «қызы» деп нақтылы бір жүйеге түсірілгенімен,тегін жазудағы бір ізділік айқындалып айтылмағандықтан әркім өз тектерін әр түрлі жазуда.Бірі тегіне «әулеті» деп бірі «тегі» деп қосып жазса,енді біреулеріміз еуропалық үлгіні ұстанып Қасымбек Айдар,Бейбіт Бекен,Серік Арман,Қанат Қайрат деген сияқты қайсысы аты қайсысы тегі екені белгісіз үлкенге, ата-бабаға, қарияға деген құрмет сезілмейтін ұлттық болмысымызға жат үлгіні ту етіп жүргеніміз және бар.Он, жиырма атасына дейін жатқа айтып беретін қазақ тексіз емес еді. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «жеті атасын білмеген жетесіз»,демекші қазақта «жеті ата», «ата тек» деген қасиетті ұғым бар.Сондықтан да ұлты қазақ азаматтар тегін жазғанда осы ұлтымыздың өзіндік ерекшелігіне тән киелі «ата» деген сөзді қосарлап жазса деймін.Бұл тегімізді жазғандағы қазаққа ғана тиесілі бір ізді үлгі болар еді. Мысалы:Досқан ата Берік Алмасбекұлы, Қасентай ата Гүлбақыт Төлегенқызы, Наурызбай ата Айсұлтан Әбдешұлы, Тасболат ата Еркежан Сәкенқызы т.т. Әгәрәкім осы бір үлгіні заңдастырсақ біз әлемнің қай түкпірінде жүрмейік Алаш ұранды Қазақ баласын аты-жөнінен немесе бір ғана тегінен-ақ бірден танып біліп отыратын боламыз.Тағы бір айтарым атамыздың атын яғни тегімізді кез-келген жерде айтып,кез-келген жерге жаза бергенді доғаруымыз керек.Тегіміз төлқұжат,жеке куәлік,диплом сияқты толық аты-жөні,тегімен куәландырылатын ресми қағаздар мен құжаттарға ғана жазылғаны жөн. Қалған кездерде мектепке барған баладан бастап,барлық мемлекет қызметкерлері тегіс аты-жөндерімен жазылып аталғандары дұрыс.Мектеп оқушысын,болмаса студент оқушыны тақтаға шақырғанда Арман Тұрарұлы,Әсем Қанатқызы деп немесе жәй ғана Тұрарұлы,Қанатқызы тақтаға шық деп шақырып,баға қоятын журналдарын толтырғанда тек қана аты-жөндерімен жазсақ .Осылайша ов,ев,индерден құтылып қана қоймай,бір ізге түсірілген,ұлттық болмысымызға тән таза қазақы үлгіні өмірге әкелген болар едік.

    Самат Сыпатайұлы

  26. Казакстан есігі ашық түрган уймен тең,өзіңіз ойланып көріңіз өзіңіздің үйіңізге барлық адамдар кіріп,қалағанынша тұрып,керегін өз елдеріне тасып алып кете берсе уйіңіз қандай жағдайда болады? ең соңында үйіңізде дым қалмайды! Ең азы алыс елді емес Өзбекстанға барып көріңізші 5 күннен артық қала алмайсың, 5күнде елінен шықпасаң салық төлейсің. Ал біздеші 2айга дейін жүріп салық төлемейақ жұмыс жасауға болады! Біздің заңды белінен басып жүрген шетелдік азаматтар каншама сигандардың есебі жоқ. Осылар елімізде заңсыз жұмыс істемегендеғой өз азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың жұмыссыз жүру деңгейі азятын еді.

  27. Тілді барлық қазаққа міндеттейтін кез келді. қазақ таза ана тілінің патриоты болса, өзге ұлт қайда барады? Қазір де қазақ тілін қазақтан артық білетін өзге ұлт өкілдері көп қой. Өзбекстанда тұрған бір орыс әйелі айтқан: » бұзақы тиіскенде ,құтқарыңдар» деп өзбекше айқайласаң, көмек аласың, әйтпесе ешкімнен көмек күтпе»-деген. Немесе бір әйел айтады» аптека» деген жазу тұрғанда мен» дәріхана» деген сөзді тіпті оқымаймын»- деп. Сол айтқан саналы, мәдениетті түрде мемлекеттік тілді білікерек, білмеген адам неге қызметке, депутаттыққа тағайындалады? Қоғам қайдан сауатты болады, шенеунік мемлекет тіінде сөйлейтін қазақты мемлекет иесі екеніне қарамай, шетке қағып отырса?Ертеңгі бала не болады, бүгінгі 50 -дегілер бірдеңеден хабары бар, өзін қорғай алар.Ұлт болашағы қандай? Ойхой, дүние серуен, Адам бір көшкен керуен. Дүниені қызық қалдырып, асамыз өмір белінен….Жалғыз мұраң сол болар, қол қайыры берілген. Дәулетіңнен не пайда, таусылмастай көрінген. Басқа дүние бірі де, көмілмейді кебінмен,- деп Жамбыл Жабаев айтқан.Ана жаққа барғанда ел үшін не істедім дер екен, шенеунік мырзалар? Жар басына қонбаңыз, дауыл соқса үй кетер. Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер -демеп пе еді Бұқар? Бұл не қылған жеп қою, 37 жыл бақаш көрініс тауып жатақн жоқ па, өзі? Неге қазақ азаматтары жеп сотталып жатыр, не жепті, кіммен, қалай?Өндірсін, сотталмасын. Атом өндірісін алға қойған Жәмішев пе ұмытып қалдым атын, неге отталды? Храпуновтан да көп жеп пе?

  28. СЫНАЛҒАН ОТЫЗҒА .
    (Лира Қонысқызына)
    «Солай да солай қарағым ,
    Отыздан асып барамын» .
    Несіне , қызым налисың
    Екен ғой жүйрік қаламың .

    Кезінде Мұқағали жырын жырлап ,
    Өлеңнің 0тын жақты досын жыйнап
    Күйзеліп , өмір сүріп күйінгенде
    Жүрді ғой көп ақындар жанын қыйнап .

    Көрдің бе , Отыз жастың жасарғанын ,
    Жігіт боп , тойын қайта бастағанын .
    Таңданып Мұқағали жоқтауы деп
    Жараспас «ән мен биге» қасарғаның ?!

    Талғамын барша жұрттың – таяз етіп ,
    Санасын жіберіпсің – саяз етіп ?
    Қазақтың барлық тойы Отызбенен
    Шарықтап басталады баян етіп .

    Бұл әнді жазған сазгер Серікбаймын ,
    Жыр – думан Отызбенен анықтаймын .
    Дос болып Мұқаңменен бірге жүрдім
    Сондықтан барлық тойда қалықтаймын . .

    Шын ізде менің таза жүрегімнен,
    Тірілтем өлеңдерін сөздерімен
    Ақанға жараспайды – әумесерлік
    Сақ болған Мұқағали іздерінен.

  29. Аяқтарды шынжыр қысқан кездерді,
    Тез ұмытып, халқым қалай өзгерді.
    Өткен күнді еске алып ағайын,
    Есті жиып, етек жабар кез келді!

    Елі егемендігін алғанмен тілі егемендігін ала алмай алмай жүрген жалғыз жарымжан халық қазақ болар! Мүшкіл халімізге Жаратқан ием тек аянышты көзбен қарап, толықжан еткей деп тілейік!

  30. Қазақтарды жік – жік бөлу дұрыс емес сияқты. Қайда жүрсе де қандай тілді қолданса да ол қазақ. Осы әңгіменің бәрі халқымыздың санының аздығынан болар, және кешегі тоталитарлық мемлекетте өмір сүріп соның салдарынан азшылыққа ұрынып, тілдеріміз үндеріміз сәйкестенбей жатыр. Шешімін іздеу, оны табу, ендіру өте қиын іс. Ел ішінен жау іздемей, халқымыздың санын арттыруды қолға алайық. Ол халықтың туу ғана емес, сонымен қатар шеттегі ағайынды елге келтіру, басқа халыққа сіңіріліп бара жатқан халқымыздың бір бөлігін өзімізге қарату мәселелері. Ұлттың ойшылдары бастапқы кезде осы мәселелерді шешсе, қазіргі салынып жатқан қазақ мектептері болашақта толығымен жұмыс істесе алға қойған мақсаттың бір бөлігі еңсеріледі. Сонымен қатар әртүрлі ұлттық тілді, ұлтты дамыту бағдарламалары жасалады деп сенуге болар еді.

  31. Шынында да біздегі оздерін «оппозиция» деп журген жігіттер, бокка тойган коразды елестетеді..Сайлау кезінде бір ку-ка-ре-ку деп койып, калган кезде галамтордагы оздерінін адемі фотолары мен жазган макалаларына мас болып бакыттан бастары айналып отырады!

  32. Газет таралымы қазір жеке адамға емес, қоғамға байланысты секілді. Датың 30 мың, Жас алашың 30 мың, «Жас қазақ үнің» 15 мыңның айналасында. «Қазақстан» газеті 10 мыңдай еді, тіпті жабылып қалды. 2004-те «Жас қазақ үні» Парламенттегі қазақ тіліне қарсылардың тізімін жариялағанда көп газет редакторлары «Енді «Жас қазақ үні» газетінің тиражы 100 мыңға жететін шығар» деп еді, олай болмады. Әйтпесе, осы газеттер бәрін ашық айтып, жақсы жазып жатыр ғой…

  33. ҚАЗЫБЕК ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ… ЕЛДІ ЕКІГЕ БӨЛГЕН, ЕЛБАСЫ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ЕРТІСБАЕВТАРҒА ЕЖІКТЕЙТІН ЕРЕЖЕ. ЗИЯЛЫЛАРҒА ЖАЛА ЖАБУШЫЛАР – ҰЛТҚА ҚАРСЫЛАР! АУЫЛДЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАЗАҒЫ БІЛЕТІН ОСЫ АҚИХАТҚА АҚОРДАДАҒЫ ЕРТІСБАЕВТЫҢ МИЫ ЖЕТПЕСЕ, ҚАЛАЙ ПРЕЗИДЕНТКЕ КЕҢЕСШІ БОЛЫП ЖҮР?!. http://www.qazaquni.kz/8911.html

  34. Маймыл ғып жіберді Барысты,

    Кешіксек бәрі де бітеді…

    Құл болмай,

    Ұл болсаң намысты,

    Алаңда ел сені күтеді!…

    Қазыбек ИСА

    19.01.2010 жыл

  35. Көк туға жеткенмен көш кеше,

    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.

    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,

    Алаңда шешілер барлығы…

  36. Шын ерді шыдатпас бұғауға,

    Ананың тілі мен сүті еді…

    Ақырып Теңдікті сұрауға

    Азаттық Алаңы күтеді…

  37. Жеріңді жатжұрттық жайласа

    Бабалар бар мұңы тұр есте…

    Күш егер қазандай қайнаса,

    Дәрмен де табылар күреске.

  38. Тіл зарын тартып ед атам да,

    Тілім деп жылайды ботам да.

    Шет тілін шекеден қаратар,

    Біз әлде жүрміз бе отарда?

  39. Жат тілде жалтақтап жаһанға,

    Жат тілде сөйлейміз Отанға.

    Бір іліп тастайтын қажетсіз,

    Тіліміз тойдағы шапан ба?

  40. Еліме дәл бүгін ие кім?

    Сенеді кім тілсіз құлдарға?

    Ұлты үшін күйетін, сүйетін,

    Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?

  41. Кірмеге кіріптар боп күнің,

    Кіргізді бар дінді бай мекен…

    Қолсүйер қолбала көп бүгін,

    Елсүйер ерлерің қайда екен?

  42. Қайран ел қалайша қалғиды?

    Жау іштен шыққаны – зор қайғы.

    Қазақша есітпей әлдиді,

    Өскен ұл ел қорғай алмайды…

  43. Қожайын тілінде құлдарша

    Орысша сайрасақ – сол қайғы,

    Ел Азат болғаны шын болса,

    Тіл неге Азаттық алмайды?…

  44. Құлдар ел басқарса масқара, –

    Құлдығың қайтадан орнайды…

    Қазақша білмейтін Астана,

    Қазақты қалайша қорғайды?

  45. Отарлап алған ел тілінде

    Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…

    Құлдар көп билікте бүгінде

    Сатқындар аз емес… сұмдық қой…

  46. Қасірет қаптауда қалада-

    Қазақтар орысша сөйлеуде…

    Өлікке айналып бара ма,

    Намыстан айрылған көркеуде…

  47. Ертісбаев деген білімсіз адам,орысша сөйлеп білген соң көппен араласып тайыздығын білдірмей жүрген сыйқы. Бұларға ренжіп керек емес,бұларға мүгедек адам ретінде жанымыз ашуы керек.

  48. ШҚ-лар азулы гой амал нешік?
    Барамыз мәңгүрттердің күйін кешіп.
    Шек қоймасақ рухсыздану үрдіске,
    Қалайылар тисіп жүр гой күміске.
    Қазақ ұлтын айналдыру орысқа,
    Миың сенің толып кеткен қоқысқа.
    Орын барма жылы жерде әрине
    Жетейінші жұрт көрмеген табысқа.
    Тойлап жатыр 20 жылдық табысты,
    Шала қазақ депутаттар қуана төс қағысты.
    Бұлай ойлау мағынасы тереңде,
    Қазағыма осы бағыт қажет пе?

    Ең алдымен адамдар теледидар көреді емес пе?Сол сияқты көгілдір экранға шығару керек емеспа?Мен әр қашан халықпен біргемін өйткені мен ҚАЗАҚ пын қазақ болып қаламын.ҚОССЕЙІТ тің бір бөлшегі.

  49. Қазақ тілі жуық арада өз дәрежесін ала алмайды,бұны биліктің жанында жүрген зиялы қауым жақсы түсініп отыр.өздеріне қарсы шыққан кез-келген адамның қабырғасын сөгетін алпауыт күш отыр билікте,осыны түсінген көбісі құйрықтарын қысуға мәжбүр,түсінбегендерді үлкен құрбандықтар күтіп тұр.Бірақ барлық ұлы істер тарихта құрбандықтармен іске асқанын еске алсақ,ұлт жанашырлардың алдын Алла жарылқасын дейміз.

  50. Аман ,сен дядя «Мультик» емессің бе? Қызым жас кезінде солай атайтын жақын досым бар еді.Сол досымды көрмегелі жиырма жылдан асты.Қателессем, кешірім сұраймын.

  51. Әміржан қазақ тілін қорғаған 138-дің хатына қол қоймай қашты. Бельгер тде қашты, шын бет-бейнесін танытып алды. шахановқа тіл тигізбе, миғұла, малғұн.

  52. БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ ҚАЗАҚ/ҮЙДЕ ӨСІП ӘЖЕСІ АТАШКАСЫ МАМАШКАСЫ ПАПАШКАСЫ ОРЫСША ШҮЛДІРЛЕСЕ ҰРПАҚ ІШТЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ТУАМА \ ПАВЛОДАРДА ДАЛАДА ҚАЗАҚ СӨЗІН ЕСТІМЕЙСІН\ ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІН ШҰБАРЛАТЫП БЫЛДЫРЛАТЫП ЖАТЫР\ МӘҢГҮРТ ШАЛ КЕМПІР /ЖАС БАЛАТАПҚЫШТАР \ТОЙШЫЛ ЕСІРІКТЕР ҮНДЕУІНДІ ЕСТІП ОҚЫП ЖҮРДЕЙМІСІН\ РЕЗЕРВАЦИЯДА ЖАТҚАН ЖҰРТ /ХАЛЫҚ ЕМЕС\ БИБІГҮЛ АПАЛАРЫНА БЕТІМЕН ТІЛ ТИГІЗБЕНДЕР/ ГЕРОЛЬДТАЙ ҚАЗАҚ БОЛЫҢДАР \ПЛЕТЕНЬЕ ЧЕПУХИ БОС СӨЗДІ ҚОЙЫҢДАР\ ӘМІРЖАН ҚОСАНША ПАРАСАТПЕН /АҚЫЛМЕН / ЗЕРДЕЛІЛІКПЕН ЖАЗА АЙТА БІЛІҢДЕР\ ШАХАНОВ КӨСЕМ ЕМЕС /ПАЙЫМЫ ШАМАЛЫ\ ІШІ ТАР \ӨЗ АҒАСЫН АҒАЛАМАЙ ҚЫРҒЫЗ ОРЫСТЫ ЖАҒАЛАП ДАЛАДА ҚАЛҒАН ЖЕТІМЕК\ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ\ ОРТАҢДЫ ТҮЗЕ/ҚАЗАҚЫ/ БАЙШІКЕШ БИЛІК ПӘТШӘ ТӘУБӘСІНЕ/ БАБАЛАР КИЕСІСОҚПАЙ/КЕЛМЕЙ /ЖОҒАЛМАЙ ҚАЗАҚ ТІЛІ КӨРКЕЙМЕЙДІ\БЕТІМЕН ДАУ рықпа\ДАУРЫҚПА/ ҰРПАҒЫҢДЫ ТҮЗЕ \ ҚАЗАҚ ТІЛІ ФЕНИКС / ЖАНТЫҚТАР КЕТЕДІ ТІЛІМ МӘҢГІ ҚАЛАДЫ\ ОСПАҚТАМАЙ БАСШЫҢА АЙТ/ БАР ПӘЛЕ СЕНДЕ ЖАЛПАҚ ШЕШЕ/

  53. Жел тұрса, ұшатын қаңбақтаймын,
    Қытайға да, орысқа да жалтақтаймын.
    Ырысымды таратып екі жаққа,
    Сендер тыныш болыңдар деп жалбақтаймын.

  54. Ертісбаевқа тиісе бересіңдер .Ол комунистік заманның өнімі емес пе .Былай қарасаң сауатты жігіт ,ертең өзінің ,ұл қыздарының тағдырын ойлайтын шығар .Күстаналай бермей өзімізге тартайық ,адасқанның айыбы жоқ .Енді жасы елуден асқанда орыс қатынынан айыра алмайсыңдар ғой бауырларым .

  55. Әй итпен құсқа жем болған қайран Қ А З А Ғ Ы М .Өкіріп жылағым келеді шарасыздықтан .ҚҰДАЙҒА шүкір милары ұрышайтанның кәмунистік пропогандасына уланбаған ұрпағымыз өсіп келеді .

  56. Бектас президент кімді қолдайды .Баланың сөзін айтпасайшы . Сенің президентіңе ҚАЗАҚТЫҢ осылай дүбәрә ,мәңгүрт болып жүре бергені пайдалы .Нағыз қазақты шала қазаққа ,еліне оралған ағайынды «бұлар әлі Қазақстан үшін ештеңе істемеді » деп кемсітіп жергілікті қазаққа айдап салып ,билікте әлі де ОТЫЗ ЖЫЛ отырса ,басына күн туғанда ЧЕМОДАН ВОКЗАЛ ,РЕСЕЙ деп тайып тұру .БҰЛАР ДИКТАТОРЛАР неге бірін бірі қолдайды ,себебі әлемде екі жүз мемлекет болса солардың тоқсан тоғыз пайызы демократиялық елдер .Қытайға қаша алмайды ,МАО көсемнің суреті ілулі тұрған алаңға шығарып атып тастайды .Америка мен Еуропа елдері қолдары білектеріне дейін ҚАНҒА былғанған қасаптарды қабылдамайды .РӘСЕЙ БУЛЬБАШ КАЗАХСТАН .

  57. Жалпы алғанда кім қарсы екенін барша ел білу керек. Фамилиялары жариялау керек. Қазақ тіліне қарсы шенеуіктер жұмыстан кетулері керек. Телеарналарда қазақша-орысша жүретін бағдарламаларды тоқтату керек, себебі орыстар тек Ресейді көреді.
    Жеке ойым: президент қолдайды, қарсылар оның айналасына жиналған топтар ғана.

  58. Ертісбаев өз есімінен «Ертіс» деген тулап ағатын қазақтың керемет өзененінің атын және қазақтың «бай» деген есімдерге жалғанатын сөз тіркесін (себебі ол сөз тіркесі қазақтікі) алып тастасын. сонда оның есімі орыстың жалғауы «Ев» болады. оның нағыз есімін «Ев» деп қою керек еді. әкесі қатты қателескен екен

  59. Респект!!! Қол қоямын! Үн қатамын! Мәселе «көкемізде» деген қонақтың ойына қосыламын. Көкем бастаған клан кететін уақыт болды! Орысқұл оппозиция емес, олардың орнын ұлтшылдар, Алаш идеясын жақтаушылар басқанын тілейміз!

  60. Рахмет, сіздерге! Алла жар болсын! Қолдау қолын «Жас қазақ үні» газетіне 8-727-398-57-31 тел., 277-27-18 факске немесе [email protected] поштасына сала беріңіздер. Апта сайын жариялап тұрамыз. Сайтымыз http://www.qazaquni.kz Ал шамасы келгендер 02 қазанда Алматыда өтетін митингіге келсе, дұрыс болар еді.

  61. Қазыбек, жарайсың. Өзіңді бүкіл қазақ қолдайды деп түсін. Астана мен Алматыдан тыс жерде тұратын біздер өз қолдауымызды қалай білдірсек екен. Соның жолын ойластырсаңдар. Бізге, қазақтарға шегінетін жер қалмады. Осыны аяғына дейін жеткізу керек. Билік бұл ұсынысты қолдамаса кушпен қолдату керек. Орыстілді қазақтар қарсы шықса тұратын жеріңді айт деу керек. Тілімізді дәл қазір қорғамасақ кейін кеш болады. Тіл үшін күрес нағыз шарықтау шегіне жетіп тұр.

  62. Әлбетте, кеме суға батар кезде көртышқандар алдымен сезіп жанаталасып қаша бастайды. Мына ұлттық мүддеге, мемлекеттік тілге қарсы шыққандар тегін секіріп жатқан жоқ. Мемлекеттік тәуелсіздігімізге, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төнгені ғой. Қатер ормандай орыстан (Кедендік одақ былықтарын айтамын)төніп тұрған болуы керек, шамасы мыналар соны ерте сезіп қожайынның қолтығына ерте бастан кіріп алмақшы ғой.

  63. Есімов неге бермейді қазақ тілі үшін бір ғимарат 2 сағатқа? Бейшара Қазақстанға кім көрінген кеп, төрімізге жатып, асымызды ішіп, табағымызға тышып кетіп жатыр ғой.

  64. Ұсыныс: 1) Осы хатқа түрлі себеппен қол қойудан бас тартқан депутаттар мен ұлт зиалыларының аты-жөнін ашық жазып, «өз ана тіліне қарсы болғандар» деп тарихта қалдыру керек. 2) Осы хаттқа неге Нұрлан Өнербаев, Бекболат Тілеухан, Алдан Сымайылов, Уәлихан Қайыржан, Уәлихан Қайсар, Нұртай Сәбилянов, Зәуреш Батталова, Әбіш Кекілбай, Дүкенбай Досжан, Әкім Тарази, Қойшығара Салғары, Дихан Қамзабеков, Мырзатай Жолдасбеков, Берік Әбдәғали, Ерлан Карин, Мұхтар Құл-Мұханбет, Геролд Белгер, т.б. неге қол қоймаған? Оларға Ашық хат жетпеген бе, әлде олар қол қоюдан бас тарттыма? Осыны анықтап, біліп жарияласа жақсы болар еді. Өйткені ол тарихқа керек деп ойлаймын. 3)Ашық хаттың соңында халық қалаулылары тарапынан нақты қандай қатаң шаралар қолға алынатыны ашық жазылып, ол дәл қай күні жүзеге асатыны айтылу керек еді. Әйтпесе осыған дейін мұндай Ашық хаттарға пысқырып та қарамай жүрген билік бұл жолы да: «Иттер үреді, керуен көшеді» ұстанымында қалуы әбден мүмкін. Сондықтан нақты жоспарланған іс-әрекеттерге көшіп, тез арада жүзеге асырған жөн. Елік Бақдәулет.

  65. Шыныменде мына апай, әже деп отырған дүбара әншілеріңде айтатын дұрыс қазақша ән де жоқ екен ау! Басқа, басқа өнер қайраткер деп, басымызға шығарып жүрген апайларың осы болса, құрып кетсін! Талай мәңгүртті көрдім, бірақ, мынандайды көргенім жоқ. Өзінің күйеуі бар ма? Сол кісіден ығыспай ма екен?

  66. Мен тіпті «Ресми тіл» деген терминге түсінбеймін. Мемлекеттік тілі – мемлекеттің тілі, демек барлық ресми шаралар мемлекеттің өз тілінде жүруі, барлық шетелдегі елшілеріміз, министрлеріміз бен президентіміз мемлекеттің тілінде сөйлеуі керектігі – аксиома емес пе? Мемлекеттің тілі тұрғанда біздің «нұр бейнелі» шенеуніктеріміз неге басқа мемлекеттің тілінде сөйлейді? Әлде, «біз әлі де құлмыз, боданбыз» дегені ме? Әлде өз мемлекетінің тілі керек емес дегені ме?

  67. «Ұлтын сатқандардың аты-жөнін әр қазақ білуі тиіс, сондықтан қара тізім газеттерде жариялануы тиіс деп санаймын.» Нар баласы тура айтады…

  68. Алматы әкімі Есімов мемлекеттік тіл мерекесін өткізуге ешқандай ғимарат берілмейтінін мәлімдеді. Қазақ тіліне қарсы қазақ билігі деген осы.Енді «Сарыарқа» кинотеатры артындағы алаңға 02 қазанда 10-00-де жиналыңыздар.

  69. Қазыбек ИСА

    ЕЛ АЗАТ БОЛҒАНЫ ШЫН БОЛСА, – ТІЛ НЕГЕ АЗАТТЫҚ АЛМАЙДЫ?!.

    Қасірет қаптауда қалада-

    Қазақтар орысша сөйлеуде…

    Өлікке айналып бара ма,

    Намыстан айрылған көркеуде…

    Отарлап алған ел тілінде

    Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…

    Құлдар көп билікте бүгінде

    Сатқындар аз емес… сұмдық қой…

    Құлдар ел басқарса масқара, –

    Құлдығың қайтадан орнайды…

    Қазақша білмейтін Астана,

    Қазақты қалайша қорғайды?

    Қожайын тілінде құлдарша

    Орысша сайрасақ – сол қайғы,

    Ел Азат болғаны шын болса,

    Тіл неге Азаттық алмайды?…

    Қайран ел қалайша қалғиды?

    Жау іштен шыққаны – зор қайғы.

    Қазақша есітпей әлдиді,

    Өскен ұл ел қорғай алмайды…

    Кірмеге кіріптар боп күнің,

    Кіргізді бар дінді бай мекен…

    Қолсүйер қолбала көп бүгін,

    Елсүйер ерлерің қайда екен?

    Еліме дәл бүгін ие кім?

    Сенеді кім тілсіз құлдарға?

    Ұлты үшін күйетін, сүйетін,

    Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?

    Жат тілде жалтақтап жаһанға,

    Жат тілде сөйлейміз Отанға.

    Бір іліп тастайтын қажетсіз,

    Тіліміз тойдағы шапан ба?

    Тіл зарын тартып ед атам да,

    Тілім деп жылайды ботам да.

    Шет тілін шекеден қаратар,

    Біз әлде жүрміз бе отарда?

    Жеріңді жатжұрттық жайласа

    Бабалар бар мұңы тұр есте…

    Күш егер қазандай қайнаса,

    Дәрмен де табылар күреске.

    Шын ерді шыдатпас бұғауға,

    Ананың тілі мен сүті еді…

    Ақырып Теңдікті сұрауға

    Азаттық Алаңы күтеді…

    Көк туға жеткенмен көш кеше,

    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.

    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,

    Алаңда шешілер барлығы…

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,

    Салғырт боп жүру де сор қанша…

    Бұл майдан бітпейді ешқашан,

    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

    Маймыл ғып жіберді Барысты,

    Кешіксек бәрі де бітеді…

    Құл болмай,

    Ұл болсаң намысты,

    Алаңда ел сені күтеді!…

    19.01.2010 жыл

  70. «…»Неге мемлекеттің ақшасына шығып жатқан, немесе үкіметтен мол тендер алатын «Казахстанская правда», «Литер», «Мегаполис», «Время», «Караван», «Экспресс К», т.б. басылымдар мен интернет порталдар мемлекеттік тіл мүддесін ауызға алмайды? Сынауға бар да қолдауға жоқ. Мемлекеттік тілге қарсы шығып, арандатушылық мақалалар басатын «Мегаполис» секілді басылымдарды қаржыландырудан бас тартатын кез әлдеқашан жетті»-деп Үндеуде айтылғандай, қойған қолынан айныған 3-4 жалтаққұлға бола қол қоюшылардың бәрін тап бір әлдекім алдап соғып, орға түсіргендей етіп көрсетіп жатқан басылымдар бар. Дамбалсыз «демократ» Ерғалиеваның сайты осылай деп, «Почему затлел языковой костер?» атты мақала жазыпты. Бірақ елдің басым пікірі мемлекеттік тілді қолдауда екенін ол сайттың сауалнамасы да жасыра алмапты, құдайға шүкір… «Как вы относитесь к инициативе исключения статуса русского языка как второго официального языка в Казахстане?» деген сауалға қатысушы 600-ге жуық адамның 497-сі, яғни, 90 пайыздайы «қолдаймын» деп жауап берген. Яғни, біздің Үндеуді қолдайды. Осы жерде сайттың сауалы да сауатсыз екенін айта кету керек. Өйткені Конституцияның 7 бабы 2-ші тармағы орыс тіліне екінші ресми тіл статусын бере алмайтынын Конституциялық Кеңес айқындап берген.»» http://www.qazaquni.kz

  71. Мәселе «көкесінің» айтуымен сайрайтын «бұлбұл» Ертісбаевта да емес, Ақ Ордаға қарап ұлитын жалған оппозиционер Бутяда да емес, ұлтшылдығы жағынан, қанша айтқанмен, Бутяға қарағанда ілгерілеу тұрған Қайсаровта да емес… Басты мәселе – тақта отырғанына 20 жылдан асқан «көкемізде». Осыны түсінсек, өз кезегінде қалған мәселенің барлығын да дұрыс түсінеміз…

  72. Мен Бибігүлдің тірлігіне шынымен налып отырмын, ағайын. Мәселе Мұхтарда емес! Мәселе тілде! Орыстар қазақтарды қорлап жатқанда Бибігүлің бірдеңе деп пе еді? Көп болса Күнге қыздырынып жатты! Ал Шаханов тіл үшін қызыл өрттің ішінде жүрді! Жігіттер, оттай бермеңдер! Алдымен Шаханов болып алыңдар, сосын сайраңдар. Немерелерінің қазақша білмейтінін мақатн көріп, мәз болып айтып беретін Мырзатай еді, енді оның қатарына Бибігүл қосылды. Кеше Астанада Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші өтті. Сол кезде осы Бибі де келді, ел аз қол шапалақтады, бірақ соның өзі маған бетінен шапалақтағандай елестеді! Ал Нұрғали Нүсіпжанов пен Ескендір Хасанғалиев ағаларымыз қосылып ән айтқанда халық 15 минут бойы сахнадан жібермей ұзақ қол шапалақтап, қошемет көрсетті! Себебі олар екіжүзді емес! Бибігүл хатты оқымап ем дей ме? Не хатта орыстарды балағаттаппыз ба? Бар болғаны өзіміздің мемлекеттік жүйедегі ресми тілдің қаупі туралы айттық? Не айткға болмай ма әлі? Болмайды екен! Бибігүлдердің әңгімесінен МЕН осыны түйдім. Қайран менің аға-апаларым, іні-қарындастарым, сендер осындай тірліктен ада борлсаңдар екен! Қол қойдыңдар ма, мойындаңдар. Болмаса арттарыңды қыса с алыңдар, сендерді ешкім де қыстамайды. Бибігүлдің 1 дауысы түк те шешпейді!!! Дауысын алса ала берсін!

  73. Бибигуль қазаққа өлшеусіз еңбек етті ме? жоқ! Қазақ әндерінің арқасында жан бағып жүрген өлмелі орыстілді мәңгүртке қазақ тілі өлшеусіз еңбек етті ғой. Болмаса аштан өлер еді сабазың. Сондай кемпірді мақтап жүрген біз де ақымақпыз. енді қазақ тілінде нан жеп жүріп, қазақ тіліне Қазақстанда қарсы шығады! Нағыз жегенін ақтамайтын жемір жалмауыз кемпір екен!
    Қазақ ертегілерінде айтылатын жалмауыз кемпірлер дәл осы секілді арсыз, тексіз көксоққан кемпірлердің көрінісі емес пе. Кім қалай айтса да мейлі, орыс тіліне қазақ тілін жығып бергені үшін қазақ енді оны кешірмейді.

  74. Бибігүл апамызға үй сатып алуға,ремонтқа,балалардың проблемасын шешуге ақшаны әкімдер қазақ бизнесмендерін ұялтып,қазақ апайымыз ғой деп заставлять етіп салым жинатады. 80 жылға солай подаркалар тек қазақтардан жиналды. Ал апашкамызға тіл керек емес. Онда қазақтардан жинағанды қайтару керек қой.

  75. «…После пресс-конференции Нуржан Ошанбеков прояснил корреспонденту «j» некоторые моменты «языкового» письма:
    — На самом деле инициатором письма был Казыбек Иса. Он пришел с проектом к Мухтару Шаханову, который обработал его, обогатил. Бибигуль Ахметовну, наверное,кто-то очень попросил провести пресс-конференцию.
    Он отметил, что многие проблемы с письмом возникли из-за неправильного перевода и вырывания отдельных фраз из контекста письма и отверг версию всяких происков:
    — Те, кто выступает с критикой этого письма, пусть сначала прочтут его в оригинале. А так получается: не читал, но осуждаю… Это письмо — нормальная реакция на то, что власть не сдерживает своих же обещаний и законов относительно государственного языка. Казахский язык не нуждается в развитии — его надо внедрять, поддерживать, просто соблюдать законы, Конституцию, многие декларации. А межнациональному общению и согласию это нисколько не повредит.»

  76. Ұлттық мүддеге ағайыншылық жоқ! Қазақтың мүддесіне қарсы шығатын болса, Бибігүл апамды тыңдамай-ақ қояйын. Семейлік

    

  77. Жалпыұлттық тіл шеруін өткізу керек. Өйткені орыс тілді мәңгүрт қазақтар есіріп бара жатыр. Сосын осылай кете берсек, зымыран заманда орыс тілді мемлекетке айналып кеткенімізді білмей қалатын шығармыз. Қазақ тілі үшін көшеге шығу керек. Анасын сыйлаған қазақ тілін сыйлайды деп күтейік. Азғындау мен тозғындаудың да шегі бар! маңғыстаудағы жұмысшыларды қолдауды да ұмытпайық. Олар да қазақ тілді қазақтар! Ал орыс тілділер билігі есін жиар емес.

  78. Тінікеев деген тіміскі ит екен ғой. Кезінде депутаттықты 200 мың долларға сатып алғаны туралы шу болып еді, тегін емес екен…

  79. Шахановқа қарсылар – қазаққа қарсылар. Өлсеңдер де, тірілсеңдер де, солай, іштерің күйіп өртеніп кетсеңдер де. Ел алдына шығыңдаршы, бүкіл қазақта Мұқтардан беделді біреуің бар ма екен? Шахановқа қарсы жала жауып жатқандарды иттей қылады, Бибігүліңнің өзінің бетіне түкіреді. Өл,тіріл, шындық осы!

  80. Бибігүлдің, псевдооппозиция болып жүрген «азаттықтар» Абилов, Туякбайлардын, Алдамжаровтың, Кыдыралының ұлтын, тілін сатқан сатқындығы, опасыздығы, құлдық санасы үшін неге, Мухтар Шаханов, Казыбек Исалар булдіргіш болады? Оларга біз рахмет айтуымыз керек. Солардың талабымен мен қазр қазақша таур билемін. Шахановтын тырнагына татымайтын ит босқа оттама.

  81. Дұрыс айтасыз, Қайрат Мәми сияқтылар тірі тұрғанда, олар арамызда бар кезде, тәуелсіздікке 20 жыл түгілі 50 жыл өтсе де, Қазақтың пайызы елде қазіргідей 65 пайыз емес 95 пайызға жетсе де Қазақ тілі осы жаутаңдаған қалпында қала береді. Бұл Қайрат Мәмилер дегенің – Қазақтың рухани әлеміне шыққан қатерлі ісіктер. Кез-келген халықтың «өзін-өзі сақтау түйсігі» (инстинкт самосохранения) болады, халық осы арқылы сақталады. Қайрат Мәмилерде бұл түйсік жоқ, оларда өзін өзі жою түйсігі бар (инстинкт самоуничтожения) бар.

    Әдетте бұндай адамдар өз халқын, туған ұлтын жер бетінен жойып жіберуге ұлес қосу үшін дүниеге келеді. Мысалы, В.У.Ленин деген авантюрист Ресей империясын жойып жібері үшін туған бәлекет болатын, ал М.С.Горбачев КСРО атты империяны таратып жіберу үшін туған, ал туғанда Қазақты құрту үшін туған адамның кім екенін ішіңіз біліп отырған болар. «Патшаң соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» – деген мақал бар, «сынықтан өзгенің бәрі жұғады» деген ғой, қазір табанымыздың бүрі жоқ, тек бәріміздің де көзіміз алақтап жан-жаққа жүгіре беретін болыпты.

    Кішкене халыққа үлкен намыс қажет

  82. Қазақстан тәуелсіздігіне 200 жыл толса да, еліміздің тұрғындарың 99 процентті қазақтар құрастырса да, Мәмилер-Пәпилер Ресейге жалтақтап қарар еді. Кебеже қарынды қатын Матвиенко орнына, Мәми-Пәпиді ресейлік Федерация Кеңесіне жіберу керек еді. Қайрат Ресейдің жанкүйер-жанашыры, Иртышбаев пен Алжас Соломоновпен қатар.

  83. Жеке бір ғана адамның қара басының мүддесі мен бас пайдасы үшін Конституция бір күннің ішінде өзгеріп шыға келеді, ал тұтас халықтың, елдіктің мүддесі үшін «қазір де, таяу болашақта да өзгермейді». Ондай Конституцияның не қадір-қасиеті бар. Мүмкін ол «Қазақстан Республикасының Конституциясы» емес шығар, «Жеке бір адамдардың Конституциясы» шығар.

    Кішкене халыққа үлкен намыс қажет

  84. Казак тилимен орыс тили туралы дау ен алгашында болмау керек еди. Баска мемлекет мысалы озбектер маселесин бирден шешти де тынды. Ал Казахстанда маселе шешилмейди, козгалады да,орыс тилин биликтегилер колдап, казактарды кайта-кайта жерге каратады. Сол казакты тилимен бирге корлап, мазак етип отырганда,жандарыныз рахаттанып КАЙФ аласыздарма? Айтепесе не ушин нукте койылмайды?. Мен орыс тилди казакпын, билсем де билмесемде, АНА тилимнин мартебеси котерилмей, менин енсем котерилмейди, иштен тынып журем,мен казакпын деп мактана алмаймын,ойткени тилим олим аузында тур. Осы сиздин дауиринизде отырган сиз,президент,осы куйине,казакка еш жаксылык жасамай,тугыртып,корлап,силамай мемлекеттен отпексиздер ме? Не ойларыныз бар? Тилдин мартебесин томендетип тарихтан кандай орын алмаксыздар?

  85. Сәуле, М.Шахановтың да, Қазыбек Исаның да түк те қатысы жоқ бұл жерде, анау қол қойған 138 адамның бәрінің бірдей масқарасы шыққан ештеңесі жоқ қой. Сол Ашық хат қазір алдына келсе, қалың Қазақтың ішінде мың-мыңдаған адамдар қазір-ақ қол қоюға дайын отыр. Сол 138-дің ішінде ішінде тек қана Б.Төлегенованың ғана масқарасы шықты. Себебі, олардың ешқайсысы халықты жинап, Қазақ тіліне қарсы жиын өткізіп, оны түсіруге телеарналарды арнайы шақырған жоқ. Телеарнада анау млн-даған көрерменнің алдына көрсетілген анадай масқара жиынды өткізбегенде, сенің кумирің Б.Төлегенованың елдің алдында мұншама масқарасы шықпас еді. Енді шегінерге жол жоқ, барша халық Б.Төлегенованы «Қазақ тілінің жауы» деп танитын болады. Менің де апамызға жаным ашып отыр. Сондықтан жазып отырмын.

  86. Есек болдым екі құлақ салпақтаған
    Орыс көрсем алдында жалпақтаған
    Тілім сақау, құлақ керең, күшім ада
    Сексендегі шалдай бодым қалтақтаған

  87. Олар қазақтардан қорықпайды, олар орыстардан қорқады! Ал ең жамандардың-жаманы, ең қауіптісі ана тілін мойындағысы келмейтін «қараорыстар» жаман! Шовинистер «қараорыстарды» өте құрметтейді және өздерінің ең құнды құралдары ретінде есептейді. Ал Бибігүл Төлегенова болса Мұхтар Шаханов ағамызға «саясатпен айналыспа»-деп көскеп отыр! Осыдан кейін Бибігүлді силамайтын болдым. Шынымды айтайын қоғамымызда шовинизмнің иісі барған сайн өршіп барады!
    С/н Ерлан Әбдірашитұлы.

  88. Казак тілінін дамуына кандайда болсын кедергі келтіріп, Казак тіліне карсы соз айткандардын кара тізімі жасалып жатыр..Бугін болмаса да ертен Билік ауысатыны белгілі. Сонда булар кызметтен шеттетіліп, барлыгы Казак муддесіне карсы жасаган арекеттерінін жазасын алып, зан алдында жауап береді. Булардын катарына алфавиттік тізім бойынша депутаттар, мемлекеттік кызметкерлер, когамдык кайраткерлер мен саясаткерлер еніп отыр. Сондыктан Абай болыныздар! Егер болашактарынды ойласандар Казак тілі мен Казак муддесіне карсы шыкпандар! Казакстанда тек Казак ултынын муддесі устемдік етуі керек! Бул занды нарсе! Ал зансыздык жасагандар ертен катты Окінетін болады! Керісінше Мемлекеттік тілдін тек Казак тілі болуына колгабыс жасандар! Бул Сендерді ертен айыптан арашалап калады!
    Жастардын ултшыл уйымдары. Осыны 10 адамга таратыныз!

  89. Бәріне кінәлі Қазыбек Иса. Қарап жүрмей, сол осы 138-дің хатын жазып, Шахановқа бармағанда,қол қоюды ұйымдастырмағанда менің кумирім халық әртісі Бибігүлдің масқарасы шықпас еді… Ол тып-тыныш турцияда пляжда жата берер еді.Болат, Жармаханның, Қыдырәлінің, Алдамжаровтың шын бет бейнелері әшкере болып, масқара болмас еді. Бұлардың екіжүзді екендіктерін ешкім білмес еді… Сәуле.

  90. Шахановқа қарсылар – қазаққа қарсылар. Өлсеңдер де, тірілсеңдер де, солай, іштерің күйіп өртеніп кетсеңдер де. Ел алдына шығыңдаршы, бүкіл қазақта Мұқтардан беделді біреуің бар ма екен? Шахановқа қарсы жала жауып жатқандарды иттей қылады, Бибігүліңнің өзінің бетіне түкіреді. Өл,тіріл, шындық осы!

  91. Ұлтын сатқандардың аты-жөнін әр қазақ білуі тиіс, сондықтан қара тізім газеттерде жариялануы тиіс деп санаймын. Нар баласы

  92. Мен мынаны баяндағым келеді. Мен батыстың қазақтың пайыздық салмағы жағынан ең жоғары қаласында тұрамын.Көшедегі жастардың,жасы емесстің де сөздеріне құлақ салсаң, 10-ның 6-8- і орысша сөйлесіп бара жатады. Тіпті, солардың қасынан өтіп бара жатқан орыстардан ұялатын болдым. Ол халық ойлайтын шығар, мына қазақ деген неткен осал халық еді, тіпті тілдерін де пайдалана алмайды деп.Мен мына есі кіре қоймаған, енді кіріп келе жатқан жастарды кіналаушы едім, енді кіналамайтын болдым. Өйткені, олар алдыңғы ағаларына қарайды, теледидардан көріп жатқаны, екі-үш қазақ отырып алып бір-біріне орысша сұхбат беріп жатады. Орыстың телеканалдарын айтпағанда, қазақша арналардың өзі жартысынан астамы орысша. Киоскілерде газат-жорналдардың 80-90 пайызы орысша. Біз өзі қайда барамыз? Маған салса, конституцияны өзгертпей ақ қойсыншы, бірақ үннсіз-түнсіз жоғарыдын сондай саясат болса, қайда барады тілміміз дамымағанда? Ішім ашиды, жүрегім қан жылайды, кейде далаға шығып, ұлып-ұлып алғым келеді, айсыз-айлы түндерде.Бара-бара жынды болып кететін шығармын. 2-3 қазақтың қыздарын байқап қаламын орысша шүлдірлеп тұрған, амалсыз барып олардан қазақша жөн сұрайтын болдым, анау қай жерде, мынау қай жерде деп. Бұныммен оларға қазақ тілінің де бар екенін білдіргенім. Егер олар орысша жауап берсе, мен кейіп, маған қазақша айтыңдаршы, мен оралман едім деймін. Сөйтіп оларды қазақша сөйлетуге мәжбүрлеймін.Уфф, өлетін болдым, күнімнен. Мені өлтіретін және өзіміздің мәңгүрттер, дүбаралар. Басқа ұлттың қайсысымен де тайталаса аламын. Оған білімім жетеді.

  93. Қазақ тілін қолдаймын және оны қолданамын. Тілге қарсыларға менде қарсымын. Алжир азаттық алғанда қаншама алжир оқымыстаылары Алжирді тастап кеткен. Енді Алжир араб тіоінде сөйлейді, ал біз сөйлей алмаймыз деп. Қазақ тіліне қарсыларға айтарым сендерде сөйтіңдер немес бір күні қуып шығатын боламыз. Темірбек.

  94. Жасасын қазақ және оның тілі!!! Жарайсың Қазыбек ағам, ақындығың мен азаматтығың тең жігіт екен, бетіңнен сүйдім!

  95. Қазеке! Айналайын! Аман бол! Сатқындар мен тексіздер адамның қанындай, қарашығындай қасиетті тілдің қасиетін түсінбейді-ау! Осы елдің, осы жердің нанын жеп, суын ішіп жүріп, халыққа, оның тіліне бас ауыртпау, бұл – нағыз шошқаның тірлігі. Анау қыдырымпаз бибігүл-қыдырәлі дегендердің тірлігі осындай емей не? Басқа сөз жоқ. Бәрінің де сұрауы бар. Олар жауап береді әлі өздерінің ақымақтықтарына! Міндетті түрде жауап беруге тиіс!

  96. Қазақ тілінің қазақстандағы үстемдігі үшін құлшынғандар, тіпті олар уахабит болса да қолдаймын. Өйткені бәрінен де, атеистерден де, фанаттардан да, басқалардан да қауіптісі ОРЫС ТІЛДІ МӘҢГҮРТТЕР! Олар қазақты жойып, қазақстандық ұлтты жасауды отбасыларынан бастап, билік қабырғаларына дейін қолға алған. Қасиетті қазақ тілі тым қиын жағыдайда тұр.

  97. Таяқтың екі ұшы барын ұмытпайық ! Мына залым билік тұрғанда ғасырлар бойы оқытылып, дайындаған әдіс-айлалары бар. Мәселе айтылған әңгімеде, біреуді «отырғызу» үшін біреуді көтеру, бір-біріне қарсы салу – осы әдісті түбегейлі түсіну қиын. Оны қолданған адамдар да 100 пайыз нақты жемісті нәтижеге жетерін білмейді. Сондықтан бала көңілмен болса да ақиқат үшін арандап өлсең де арман болмас, өйткені таяқтың бір ұшы оларға да тиеді. Тіл – деп басталатын бастамаға риясыз үн қоса беруіміз керек. Өйткені қазақ тілі жастарға билікке көтерілер – трамплин!

    Бірігетін кез келді!

  98. Қазақта Қазыбек Исадай ұл бар кезде «тілім» жоғала қоймас деген ой келдім мына мақаладан кейін… Рухымды көтеріп тастадыңыз! Алла разы болсын! Біз де осындай пікірдеміз! Тілімізді қорғайық, ағайын! Қазақ тілі осы мақаланы оқуға сауаты жететіндерге ғана қажет…

  99. Тіл туралы орынды да, орнықты мәселе қозғалған. Рахмет Қазеке!!! Ал Ертісбаевты бір қызметкердің көмекшісі түгілі ана қой бағатын Аман досыма көмекшілікке де апарып бермес едім. Біз адамдар, қазақтар сондай итті креслодан көреміз-ау? Ал оны малдардың арасына жақындатсаң, Құдай біледі мөңіреп, маңырап, жан-жақты азан-қазан етер еді. Олар адам тілін білетін малды араларына жақындаттырмас та еді!!!

  100. Тіл жанашырлары, қазақ тілінің қорғаушылары 25 қыркүйекте жиналсын. Республика алаңына.
    Мен жанбасам лапылдап,
    Сен жанбасаң лапылдап,
    кім жанады лапылдап?

  101. Қазыбек Иса жетеріне жеткізіп айтыпты, әрине егер жетесіне жететін адам болса! Осындай жүйрік ойлы ұлтшыл азаматтарымыз көп болсын! Қазақ тіліне қарсы шыққандардың тізімін берген дұрыс! Өйткені әркім өз сөзіне жауап беруге тиісті. Халық алданда да, тарих алдында да!!! Жалпы менің жасырын дауыс беру жүйесіне көңілім толмайды. Өз шешіміңді, ұстанымыңды халықтан жасыратын болсаң онда сенің мемлекет адамы болғаның кімге керек? Бұғ,ан қарсы болсаң ауылға барып қой баққаның әлдеқайда жақсы емес пе!!! Қазақ баласы

  102. Шынында да, Қазақ тілі мәселесіне келгенде, оппозиция деп жүргендеріміздің арты оп-оңай ашылып қалды. Келер жылы өтетін мәжіліс сайлауында қазақша білмейтін адамға ешқандай дауыс бермеуге шақырамын. Кез келген депутатат болуға талпынған кндидатқа ең бірін қояр сұрағымыз: «Қазақ тілін білесіз бе?», Балаларыңыз қазақ тілін біле ме?» және «Конституциядамыздағы: «Орыс тілі Қазақ тілімен тең қолданылады» деген бапты алып тастауға қалай қарайсыз?» деген осы үш сұрақ болуы тиіс.

    Кішкене халыққа үлкен намыс қажет

  103. Ainalaiyn Barsha kazaktsandyktar,Wlitin erteny Wshyn aianbagan bauyrlar.Kozgalindar,Biz Kozgalmasak Oz kara basinih kamyn oilaitin sheneunikter bizge eshtene beermeidy.Қазақ қозғалды

  104. Уважаемый аким Актюбинской области-Архимед Мухамбетов! Почему все ваши заместители не знают государственный язык. Более 80% жителей Актюбинской области это казахи,но когда ваши заместители принимают народ по графику,они отвечают на вопросы и запросы жителей на русском языке. Почему бы не набрать в заместители билингвистов,которые свободно владеют государственным и русскими языками.Неужели это трудно или в Актюбинской области нет таких людей? Я не верю в это.Сколько талантливых и молодых ребят не могут устроится на приличную работу,а вы набрали в свою команду тех,кто даже и двух слов не может толково связать.Не знают государственный язык, не знают иностранного языка. Не владеют ситуацией региона и самое главное не болеют душой за народ и его проблемы. Зачем нам нужны такие чиновники? В 11 микрорайоне большинство жителей это казахи, но почему то там всего 1 казахская школа №32, зато две русские школы №9 и №35. Не пора ли школы-гимназию №9 перевести в казахскую? Потребность казахской школы очень актуально в том районе,где расположена школа-гимназия №9. Можно с этого года туда набирать казахские классы,и сделать смешанной.И постепенно ее перевести в казахскую. Неужели для этого обязательно надо писать президенту Казахстана-Назарбаеву Н.А.? Собирать подписи от жителей? Это вы должны на местах учитывать спрос и пожелание жителей, проводить мониторинг. Просим вас решить эти проблемы.

  105. Керемет!!! Өте жақсы жазылған! Мемлекеттік қызметте де мемлекеттік тілді қолдайтындар көп! Кимге хабарласуға болады! Бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырайық! Ұлт үшін, тіл үшін, ел үшін жаным, арым, малым садақа! Бұға берсең, сұға береді! Алматыда өтетін іс-шараға Астанада да үн қосайық! Хабар беріңдер!

  106. Айналайын Казеке! Сіз екеуіміздің арғы аталарымыз туыс шығар))). Мен де сондай фамилиаларды, ұйымдарды кішкене әріппен жазамын. Бір гана айырмашылық, осы моменттерде, ертісбаевті коменттерімде иртышбаев деп, нақтылы, мазақ фамилиясын жазам, кешіріңіз, жиіркенішті жексұрынғой ол! Сауатсыздығын, таяз ойлылығын керемет әшкереледіңіз!
    Және басқа да ұлт сатқындарын әшкерелеп, келесі ұрпақтарға да масқаралауыңыз өте керемет!
    Құрметпен, Мұхтар ағаны, Амангелді ағаны, Сізді және басқа да Қазақ Ұлтшылдарын шексіз силайтын Руза

  107. Шаханов пен ұлт зиялыларына қарсы пікір жазушылар қол қоюға арты шыдамағандар немесе қолынан тайып кеткендер. Біз сеніп жүрген Жазушылар одағы басшылары,қазақ газеттері бас редакторлары, саясаткерлер, Әміржан Қосан неге қол қоймайды. Ал Болат пен Жармахан қойған қолдарынан неге айниды. Жасарал неге қол қоймайды. біздің оппозиция деп жүргендеріміздің шын бет перделері әшкере болды. Ауыл партиясы басшысы Ғани, Әділет партиясы басшысы Нәрікбаевтар неге қол қоймайды.Бәрінің аты-жөнін тізіп жазу керек. Қазыбек, бас қамшыны!

  108. Айызым қанып, рахаттана оқыдым. Бірдеңе деудің өзі артық. «Мемлекеттік тілге қарсылар – мемлекетке қарсылар» деген сөз ұранға айналуы керек деп ойлаймын.
    Қазақ қозғалды. Енді тоқтауы қиын шығар!

  109. Жарайсың Қазыбек аға!бір кезде Азат Перуашев «Ақжолды» келіп басып қалғанда, сіз оны қолдағанда «енді кімге сенемеіз?»деп қатты торығып қалып едім.сол кезде Жармахан жане Болаттар «Ақжол»енді қуршақтың өзіне айналды деп еді.енді соны айтқан адамдар өздері екі жүзділігін әшкерлеп,қуршақтың ішінде нағыз қуршаққа айналды.
    осы жолғы үндеуге қол қойып алып,одан тайқып шыққан Жармахан Тұяқбай,Болат Әбілов,Бибигүл Төлегенова жанеде басқа адамдарды қазақ арасына ашық айтып олардың шынайы бет пердесін ашу керек!!!
    әр қазақ осылай істесе келесілер именетін болады!
    Қазыбек Аға ,әрқашан жолыңыз ақ болсын!»Ақжол»дың ақжол болуы сіз сыяқты ағаларымыздың ғана арқасы!!!
    керей баласы

  110. АШЫҚ ХАТТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

    ҚР Мәдениет министрлігі дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының алғашқы нұсқасы барлығымыздың көңілімізден шыққан еді. Бірақ, өкінішке қарай, мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайықты қызмет атқаруын қаламайтын теріс пиғылдағы топтардың ықпалымен мән-маңызы өте зор баптары жобадан алынып тасталуы біздің де наразылығымызды тудырды. Бұл орайда М. Шаханов бастаған қазақ зиялыларының «Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын!» атты Ашық хаты Ата заңымызды қорғау мақсатында жазылған деп білеміз және хаттағы талап-тілектерді толық қолдаймыз!

    Павлодар облысындағы тіл жанашырлары:

    1.Арман ҚАНИ, ақын, журналист, «Ертіс дидары» Павлодар облыстық қоғамдық газетінің редакторы, «Ұлт тағдыры» облыстық пікірсайыс клубының жетекшісі;
    2.Қабдырахман СЕЙІЛҒАЗИН, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы Павлодар облыстық филиалының төрағасы;
    3. Светлана ҚОНДЫКЕРОВА, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы Павлодар облыстық филиалының үйлестірушісі;
    4. Қанатбек НӘБИЕВ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының мүшесі (Ақсу қаласы);
    5. Тоғайбай КЕНТАЕВ, «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық ұйымының төрағасы;
    6. Гүлнәр ҚАЙЫРХАНОВА, «Қазақ тілі» қоғамы Ақсу қалалық ұйымының төрағасы;
    7. Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысы Павлодар облыстық ұйымының төрағасы;
    8. Болат ЗАУТ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының басшысы;
    9. Амантай ӘЛХАН, Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы;
    10. Амангелді СҮЛЕЙМЕНОВ, «Ақсақалдар әділ-қазылығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі (Екібастұз қаласы);
    11. Садықбек НҰРСЕЙІТОВ, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі (Ақсу қаласы);
    12. Гүлзипа РАХМЕТОВА, еңбек ардагері (Ақсу қаласы);
    13. Марұма ТОҚБАЛИНОВА, еңбек ардагері (Павлодар қаласы);
    14. Жанат ТОҚБАЛИНОВ, еңбек ардагері (Павлодар қаласы);
    15. Асылзада ӘЛІМБАЕВА, еңбек ардагері (Шарбақты ауданы);
    16. Гүлғайша ӨЛМЕСЕКОВА, еңбек ардагері (Шарбақты ауданы);
    17. Мәулігүл ЕЛЕНОВА, үй шаруашылығындағы әйел (Екібастұз қаласы);
    18. Қайынжамал ЕРЕЖЕПОВА, көп балалы ана (Павлодар қаласы);
    19. Сәуле АҚПАНОВА, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі (Ақсу қаласы);
    20. Гүлнәр РАХМАНОВА, көп балалы ана (Ақсу қаласы);
    21. Серік РАХМАНОВ, кәсіпкер (Ақсу қаласы);
    22. Қуандық БАЯЗИТ, теміржолшы, қолөнер шебері (Павлодар қаласы);
    23. Нұрлан ИГЕНБАЙ, жұмысшы (Екібастұз қаласы);
    24. Жүсіпбек ЖАРҚЫНБЕКОВ, еңбек ардагері (Екібастұз қаласы);
    25. Асығат ТҰРҒАНБЕК, айтыскер ақын (Павлодар қаласы);
    26. Қуаныш ШАРМАНОВ, айтыскер ақын (Павлодар қаласы);
    27. Жаннат АСАНБАЕВА, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі (Ақсу қаласы);
    28. Қаршыға АСАНБАЕВ, жеке кәсіпкер (Ақсу қаласы);
    29. Зура СЕЙСЕНБАЕВА, еңбек ардагері (Ақсу қаласы);
    30. Жақсыбек ӨТЕНОВ, құқыққорғаушы (Павлодар қаласы);
    31. Айдарғазы МӘКЕШЕВ, «Ұлт тағдыры» клубының мүшесі (Павлодар қаласы);
    32. Социал ӘЙТЕНОВ, журналистика ардагері, «Ұлт тағдыры» клубының мүшесі (Павлодар қаласы).

  111. Егер Үндеудегі тіл мәселесі шешілмесе, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жалаулатудың өзі жалған..Сіздерді бар жан-тәнімізбен қолдаймыз. Қаламызда зиялы қауым,мектеп басшылары,ұстаздары және жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, қол жинап жатырмыз.Кезір ешкімге сенуге болмайды, әркіммен бетпе-бет кездесіп жатырмыз.Жезқазған қалалық «Қазақ тілі» қоғамы.

  112. Рахмет, Сіздерге. Мемлекеттік тілді қолдаған Үндеуге қол қою үшін «Жалын» журналына,397-61-35, 397-61-70, 397-48-03 телефондарына, «Жас қазақ үні» газетіне, 398-57-31 телефонына хабарласыңыздар. Немесе 8 777-200-96-46, 8 701-789-07-28, 8 702-90-99-399 телефондарына хабарласыңыздар. Алла жар болсын, сіздерге. Қазыбек Иса.

  113. Жарайсың Қазыбек бауырым. Сенің ұлт тағдыры үшін еткен еңбегіңді қарапайым қазақтың көпшілігі біледі. Мұхтардың 20 жылдан бері тілін алға сүйреп жүргені де елге мәлім. Қазақ сендерді қолдайды. Қол қою үшін қайда хабарласу керек. Соны жазыңдар, қосылатындар миллиондап шығады.

  114. Жарайсың Қазыбегім , асыл туған бауырым, ниетіңе жетуіңе тілектеспін !Ұлы адам болу үшін ғаламда, Биік арман керек екен адамға

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз