Мемлекеттік тіл өз статусына сай болуы үшін орыс тілі туралы Конституцияның 7 бабы 2-ші тармағын алып тастау керек пе?

23
3085


Сайтымыздың сауалнамасына қатысып, өз ой-пікіріңізді білдіріңіз.
[poll id=»12″]

23 ПІКІРЛЕР

  1. Кнститутцияның 7 бабының 2 тармағы ол өте жаман прецедент.Себебі біздің крнститутцияда мемлекеттік тілмен бірге басқа тіл бірдей қолданылады деп жазылған(орыс тілі).Кім біледі болашақта іргедегі миллиярдтаған қытайдан 1,2 миллионы жұмыс істеу деген желеумен келетін болса конститутциядағы 7 бабтың 2 тармағын көреді де орыс тіліне мемлекет тілімен тең дәреже берілген екен біздің тілге неге ондай статус берілмейді деуі мүмкін.Санымызда аз емес біздің құқымыз тапталып жатыр деп байбалам салса көресінді сонда көреміз.Олардың аргументі;орыстар да тың игеру кезінде жұмыс күші ретінде келген, бізде жұмыс күші ретінде келдік дейді. Және ондай жағдай Малайзияда болған.Олар ағылшындар жұмыс күші ретінде әкелген қытайлардан арыла алмай отыр. Бастан құлақ садаға деп Сингапурды соларға беріп тынды,өздерінің ата бабаларының жерін.Малайзия халқының ішінде де олар әлң де 30%.Cондықтан ағайындар 1 мемлекет 1 ұлт 1 тіл 1дін қағидасын ұстануымыз керек.

  2. мен жалпы, орыс тілін статусын өзгертуге қарсы емеспін, алайды орыс тілінің ұмыт болып кетуіне қарсымын, байқасаңыз информационды технологиялар мамандығында, жалпы техникаға қатысты мамандықтарда орыстардың саны қазақтардан анағұрлым көп екендігі байқалады, ал қазақшаға аударылған әдебиеттерді оқу мүмкін емес! Осыны ескеріңіз болашақ!

  3. Қазақ тілінің өрге баспауына Мұхтар ШАХАНҰЛЫ кінәлі. АЛдыңғы президент сайлауына ол кісі түскен болса, жеңілген күнде де ол кісіні халық тыңдар еді. Енді төменде тұрып алып айғайлаудан не шығады, шың басындағылар төмендегілердің айғайын естімейді.

  4. Қалай болар екен? БИлікте қазақтар отырған жоқ, мәңгүрттер отыр! Олар тұрғанда ешқашан орыс тілінің мұртын балта шаппайды. Ал Қазақ тілі осылай жүдей береді де, ақыры көне тіл деп ығыстырылады. басқа не істеу керек, кімді сайлау керек парламентке, қазақтар осыны ойластырғаны жөн.

  5. Бұл Үндеу кешігіп қабылданып отыр! Мен Конституциядағы 7 баптан соңғы екі жолын мүлдем алып тастау керек екенін айтып жүргеніме үш жыл болды.
    Біз құрып жатқан Ұлт.Рух.Отан.Жаңғыру қозғалысының тіл туралы ұстанымы мынау;
    10. Мемлекетте бір ғана ресми мемлекеттік тіл – қазақ тілі болады. «Ресми тіл» деген ұғым жойылады. Мемлекеттік қолдау тек қазақ тілін дамытуға көрсетіледі. Мемлекеттік бала-бақша, балалар үйі қазақ тілінде оқытып, тәрбие береді. Мемлекеттік мектептерде 4-ші сыныпқа дейін барлық балалар қазақша оқиды. Орысша оқу мөлшері Ресейде қазақ диаспорасының қанша пайызы қазақша оқыса, сондай мөлшерде болады. Қалған диаспора өкілдері мемлекеттік тілде ғана білім алады. Мемлекеттік қызметке, сайланбалы органдарға, БАҚ басшылары, халыққа қызмет көрсету мамандықтарына мемлекеттік тілге жетік азаматтар ғана тағайындалады және сайланады. Шет ел Компанияларында қазақ тілі шет ел тілімен бірдей қолданыста болады. Шет елдердегі қандастарымызға ана тілін сақтау және дамыту мәселесіне байланысты нақты және нәтижелі қолдау көрсетіледі.

    Осы Үндеуге қол қойған Азаматтарды Маңғыстау ереуілдері мәселесіне байланысты Үндеу қабылдауға шақырамын. Бұл уақыт күттірмейтін мәселе!

  6. Мемлекетіміз Тәуелсіздік алып, Егеменді ел болып, өзіміздің Ата заңымыз бола тұрып, біз өз мемлекетіміз, Қазақстан елінде неге өз «АНА» тіліміз «ҚАЗАҚ» тілінде сөйлеп, мемлекеттік тіл ретінде қолда алмаймыз. Қандай елді алсақ та, өз тілінде сойлейді, қолданады. Біз қашанғы әркімнің аузына жалтақтап қарай беруіміз керек. Басқа шет елдерге барып, олардың қалай? қай тілде сөйлескенін көрсендер ғой, әрбір шет ел азаматтары өз тілдерін мықым ұстайды. Сондықтан да, біз өз еліміз «ҚАЗАҚСТАНДА» өз тіліміздесөйлеп, барлық іс қағаздарын өз тілімізде жүргізуіміз қажет.

  7. Әр елдиң мемлекеттік тілі бар, неге біз өзге елдің тілін мемлекеттік тіл ретінде пайдалануымыз керек!?.. Ана тіліміздің кімнен, қай жері кем!?.. «Жалпақ шешейлікті» қоятын кез баяғыда келді. Біздің «қонақжайлығымыздың» шектен шығып кеткені бүгінгі күні айдан анық

  8. мемлекеттік тілді солай ғана қолданысқа енгізуге толық заңдық күші болады, басқасы бос сөз. Заңдабелгіленсе өзгеде, өзімізде ниеттенеміз емеспе?

  9. Мемлекеттин бир гана тили болады. Ол – мемлекеттик тил. Сондыктан казак тилинин дарежесин айкындайтын, оны колдайтын уакыт жетти!

  10. Мемлекеттік тілге қарсылар – мемлекетке қарсылар! Бейшара болып отырған бізден басқа өзін өзі сыйлайтын барлық елде солай. Сондықтан конституцияның 7 бабы, 2-ші тармағын алып тастау керек. «Иә» деп дауыс бер, құл болмай, ұл болсаң!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз